Внеклассная робота по математике Ойлан, жауап бер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ойлан, жауап бер

Мақсаты: оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін

жетілдіру

Барысы: Ұйымдастыру

1.Кестені толтыр

а

3

6

7

8

4

а×4

а

3

6

7

8

6

а×5

2. Тез есепте

58×3+60

40×2-28

50/5+12

100/100-0

3. Логика әлеміне саяхат

  1. Отбасында екі әжесі және екі баласы бар. Барлығы неше жан?

  2. Қандай дәптер?

Асыл сөмкесінен бір торкөз, екі ұзынжол дәптер салып қойған-ды. Ол қарамай бір дәптер алатын болса, дәптер қандай болуы мүмкін?

  1. Алты орындық.

Алты орындықты бөлменің төрт жағына екі-екіден келетіндей етіп орналастыру керек.

  1. Осы сынып ішіндегі терезелерде неше тік төртбұрыш бар?

  2. Мысық.

Үйдің әрбір бұрышында бір-бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде неше мысық отыр?

4.Ойлан да жауап бер

  1. Үш қыз мерекелік үстелге 6 самса сатып алуға келісті. Біріншісі 2 самса, екіншісі 4 самса алды. Үшіншісі самсалардың орнына 180 теңге қосты. Егер барлық самсалардың ақшасы бірдей болса, қыздар ақшаларды қалай бөліп алған?

  2. Анасы пісірген тоқаштардың жартысын әжесіне апаруға Қызыл Телпектің себетіне салды. Жолда Қызыл телпек бір тоқашты жеді. Қалғанының төртеуін қасқырға берді. Қалған алты тоқашты әжесіне әкелді. Қызыл телпектің анасы неше тоқаш пісірген?

  3. Орманда 4 қайың өсіп тұр. Әр ағаштың 4 бұтағы бар. Олардың бәрінде 4 алмадан өсіп тұр. Барлығы неше алма?

4. Бір қойдың еті сәскеден түске дейін піссе, екі қойдың еті бір қазанда қанша уақыт піседі?

5. «Кім білгір?» ойыны

  1. Батыр ... рет өледі, қорқақ ... рет өледі.

  2. Өтіріктің құйрығы ... - ақ тұтам.

  3. ... байлық - денсаулық,

... байлық - ақ жаулық,

... байлық - он саулық.

  1. ... досың аз, ... дұшпның көп

  2. ... ала болса, ауыздағы кетеді,

... түгел болса, төбедегі келеді.

  1. ... жылда ел жаңа.

  2. Қонақ ... күн қонса құт,

... күн қонса жұт.

  1. Қоянға көмектес.

Бәрін бірге ойлап қой. Торғай нешеу?

Түйе, бота маң басқан, Талдан ұшты топ торғай,

Төрт аяғын тең басқан. Емес бірақ көп торғай,

Шұнақ құлақ бес ешкі, Алдында оның бастаушы,

Қос лақты қос ешкі, Артында төртеу қостаушы,

Төрт қозылы екі қой, Және тағы қарасақ,

Бәрін бірге ойлап қой. Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу топ келеді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Тізіліп үшеу қалыспан,

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер?

Аяқтау.



© 2010-2022