Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 cынып

Сабақтың тақырыбы: Н.Ақышев «Төзім». Буын.

Сабақтың мақсаты: Буын туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: а)Оқушыларға мәтіннің мазмұнын түсіндіріп, негізгі

ойды анықтауға үйрету. Сөздерді буынға бөлуді үйрету.

ә) Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту,

тілін байыту.

б) Оқушыларды төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Оқытудың әдісі: көрнекілік, сөз әдісі, кеспе қағаздар, слайд шоу.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

ІІ Өткенді қайталау

1.Үш оқушыға кеспе қағаздар беру

2. «Бөрік» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

3. Сұрақ-жауап қорытындлау

-Нұрмаш әкесінің бөркін неліктен кигісі келеді?

-Қойшы атай бөрікке не деп тіл қатты?

-Бөрікті неден жасйды?

-Түлкі , құндыз, кәмшат терілерінен жасалады.

Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)Бөрік

Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)

Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)

түлкі кәмшат құндыз

(Осы сөздерді буынға бөліп талдау.)

-Сөзде неше буын бар екенін қалай білеміз?

ІІІ Жаңа сабақ

1. Ендеше, күннің жадын жазып, бөрік сөзін буынға бөліп көркем етіп жазу.

2. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау:

63-жаттығу: сөздерді буынға бөліп оқып, тақтаға (дәптерге) жазу.

(сөздердің мағынасын түсіндіру)

3. Шығармашылық тапсырма:

«Ойлан, тап» деп аталады. Буындарды пайдаланып, өлең жолдарын құрастырасыңдар.

Ма ма ма ......... болма.

Же же же ........ әже.

Та та та .........ата.

-Үлкендерді сендер қалай сыйлайсыңдар?

-Ата-әжеміз жанымызда қамқоршы, ақылшы болып жүреді.

-Ата-әжелеріңді неліктен жақсы көресіңдер?

-Ендеше, бүгінгі сабақта өз немерелеріне ертегіні қалай айтып беретіні туралы «Төзім» әңгімесінен оқып білеміз.

Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)Нұрдаулет Ақышев 1950 ж. 15 маусымда Тарбағатай

өңірінде, Маңырақ аулында дүниеге келеген. Балалаларға

арнап көптеген әңгімелер жазған. «Қазақ әдебиеті»,

«Жұлдыз» атты журналдар редакцияларында жұмыс жасайды.

1.а) «Төзім» әңгімесін оқып таныстыру .

ә) іштей оқыту

б) тізбектей оқыту

в) сөздік жұмыс: төзім-шыдамды

елеңдей берді-көңілі бөлінді

мұқият-тиянақты

ұғып-түсініп

2. Сұрақ-жауап әңгімелеу:

-Мәтін не туралы?

-Аяулы ертегіні неліктен түсінбей қалды?

-Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?

-Әжесі мен Аяулым Гүлданаға неге таң қалды?

-Әжесі Аяулыға қандай ақыл айтты?

-Аяулыға ертегіні толық тыңдау үшін не қажет еді?

3. Венн диаграммасына салып, екі немересін салыстыру.

Аяулы Гүлдана

Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)Ашық сабақ сауат ашу Төзім. Буын (1 сынып)

4. -Аяулы төзімді болса, оның тағы қандай кісілік қасиеттерін көруге болады?

-Әдептілік туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

ІV Қорытындылау:

Әр адам кез-келген жағдайда, кез-келген жерде тәртіпті болып, әдепті де, әдемі сөйлей білуі керек. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі қажет. Сендер де әдепті, ақылды және төзімді болуға тырысыңдар.

V Үйге: «Төзім» әңгімесін мәнерлеп оқу, мазмұндау.

64-жаттығу

VІ Бағалау.


© 2010-2022