Сөйлеу мәнері элективті курс бағдарламасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арқалық қалалық оқу бөлімі

А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

«Сөйлеу мәнері» элективті курстың бағдарламасы.

Арқалық қалақсы 2008 жыл

Авторлар: оқу ісінің орынбасары Әубәкір Г.С. профиль бағытының орынбасары Көпеева З.Қ. бастауыш сынып мұғалімі Әбдіқасымова Ғ.Ж.

«Сөйлеу мәнері» элективті курстың бағдарламасы (2-ші сынып) Арқалық қаласы 2008. - 10 бет.

Түсінік хат

Жалпы қоғамның рухани дамуын қолға алмай тұрып, экономикалық-материалдық базасын жолға қоюдың мүмкін еместігі белгілі. Осы орайда көзге түсетіндігі - халықтың тәрбиелігі. Сол халықтың тәрбие берер ордасы -мектеп. Жаңарту заманы қоғамдық құбылысымыздағы ірі өзгерістермен бірге ұлттық сананы, халықтық қадір-қасиетімізді, педагогикалық даралық белгілерімізді жандандыруға жол ашты. Қазіргі таңдағы міндет-осы қасиеттерді кез келген қазақ оқушысының бойында қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі рухани дүниесінің байлығынан. Ал рухани байлық беруде мектептегі барлық пәннің орны бар дегенмен, оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын тіл пәнінің орнын ерекше атауға болады. Себебі, тіл деген адамның ойын құраушы. Ойға байланысты дүниенің барлығы тілден, тілді көркем жеткізуден басталады. Мыңдаған жылдық тарихы бар ана тіліміз соқтықпалы соқпақсыз жерлерден өтті. Халықтың ұлттық санасымен бірге өсті, бірге дамыды, бірге қалыптасты. Демек, халықтың бала кезінде туған тілі сол халықтың дана кезіне ұлан-асыр ғажайып мұрасын арқалап жетті. Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе болған жоқ. Ол - тарих, ол - мәдениет, ол - әдебиет. Тіл мәдениеті дегеніміз-тілдік тәсілдерді жетілдіру, ширату дәрежесі. Ол сөздерді дұрыс, орнымен қолдану дағдысы, дұрыс құрастыру, тілді әсерлі жеткізу, сауатты жазу. Оқушының тілін ширататын негізгі орталығы оның отбасы, сосын қоршаған орта және білім ошағы. Бала мектепке дейінгі балабақшада өзінің сөз қорын дұрыс қалыптастырудың негізгі сатысынан өтеді. Сөйлеу мәдениетінің әдептерімен танысып, сыйластық қарым-қатынастық тәрбие алады. Сыйластық қарым-қатынастың өзегі-сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетін оқушының сана-сезіміне жеткізе білу үшін оның тілін дамытуға ат салысу қажет. Баланың мектеп қабырғасын аттаған кезеңінен бастап, тіл дамыту жүйесі сапалы түрде іске асу үшін мына ұсыныстарды ескеру керек: 1. Тіл дамыту тақырыбы мектептегі оқушылардың күні ертең әр салада болатынын ескеріп, бәрінің де өміріне керекті дүниені қамтитын болуы керек. 2. Оқушылардың тіл, тілдік жүйенің құрылымы ретінде өзіндік ізденіспен, шығармашылықпен жол ашу. 3. Қарапайым тіл қатудан бастап, шешендікпен сөйлеу, түрлі сипатта мәтін, мақала жаза білу, мәнерлеп оқып, сөйлей білу дағдыларына баулу. 4. Тілді қорғаудың, тілдік қорғанудың сан түрлі жолдарын таныту. Тіл дамыту тақырыбы оқушының сөйлеу мәдениетімен ұштасады. Ертеңгі күні халқымыздың асыл қазынасы, еліміздің болашағы үшін қасқиып тура сөйлеп, аузына ел қаратқан азамат тәрбиелеуді бастауыш сыныптан қолға алу керек. Сөйлеу мәдениетін барлық пәндермен байланыстыра отырып, бір-бірімен дамыта жүргізген абзал. Сөйлеу мәдениетін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ғылыми-тәжірибелік және тәрбиелік маңызы зор. Сөйлеу мәдениеті пәнін басқа пәндермен байланыстра, ұштастыра оқыту - оқушының әр жақты білім алуына, дүние тануын кеңейтуге, сөз қорын молайтуға, өз ойын көркемдеп, әсерлі жеткізе білуге дағдыландырады. Пән мен пәнді бір-бірімен ұштастырып, байланыстырып отыру мұғалімнің алуан түрлі қолданған әдістері мен әр жақты кеңейтіп үйрете білу шеберлігінен туады. Ол оқушының сөйлеу дағдысында тілді дұрыс қолдану, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздерді тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем етіп қолдану, оларды дұрыс байланыстыра , орналастыра білу, сөйлемді қарапайым түсінікті етіп дұрыс құрастыра білуге әкеледі. Оқытудың қазіргі кездегі жаңа принциптері оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына, нақтылы фактілерді өздері бақылап, саналы меңгеруіне, алған білімін жан-жақты зерттеп, кеңейтуіне, оның әр жақты дамуына жол ашатын ғылыми-тәжірибелік маңызы бар әдіс. Бұл оқушының шығармашылығын дамытады.

«Сөйлеу мәнері» элективті курс бағдарламасы мектептің бастауыш сатысының 2 сыныбына арналған. Бұл элективті курстың мақсаты: оқушының әдеби сауатын ашу, оқырмандық мәдениетке баулу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті-елжанды тұлға тәрбиелеу. "Сөйлеу мәнері" элективті курсын оқытудың міндеттері:

  • Көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;
  • Көркем шығарма бойынша түсінік қалыптастыру;
  • Сөйлеу тілін жетілдіру;
  • Өзіндік әрекеттілікке баулу;
  • Оқушы тұлғасын тәрбиелеу.
Білім мазмұнын ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылады: - балалардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске әсіру әдістері;
  • оқу-танымдық әрекеттіне қажеттілік тудыру, әсер ету әдістері;
  • оқу-танымдық әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Оқыту барысында дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге (түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, пікір білдіру, сурет салу) жаңа әдістемелермен оқытудың тиімді жолдары да қарастырылған. "Сөйлеу мәнері" элективті курста жүргізілетін оқу әрекеттері:
  • оқу дағдысын (дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу);
  • жаттау (өлең, мәтіннен үзінді, халық ауыз әдебиетінен үзінді, көркем әдеби сөздер);
  • әңгімелеу (қысқартып, толықтырып, таңдауы бойынша);
  • жазба жұмысы (сөздік, тіл дамыту жаттығулары, эссе, шығарма, мазмұндама).

«Сөйлеу мәнері» элективті курсты оқытуда оқушылардың

дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Шығармаларды оқу Оқу дағдысы. Дұрыс оқу:

  • орфоэпиялық талаптарға сай оқу;
  • дыбысты, буынды, сөзді түсірмей, анық оқу.
Түсініп оқу:
  • сөз, сөйлем мәнін ұғынып оқу;
  • дауыс ырғағын сақтап оқу.
Мәнерлеп оқу: - әуезді-сазды ерекшеліктерді сақтап оқу; - сөз екпінін дұрыс қойып оқу; - ой екпінін дұрыс қойып оқу; - кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу. Шығармаларды оқу барысында берілетін білім: - ауыз әдебиеті үлгілерін білу; - балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін білу (өлең, мысал, әңгіме, т.б.); - бастапқы әдеби түсініктерді білу (пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор); - әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш құралдарын қолдана білу (теңеу, эпитет, метафора); Көркем шығармаларды мәнерлеп оқу белгілерін білу (интонация, логимкалық кідіріс, дауыс ырғағы мен мәнері, дауыс қарқыны). Шығармаларды оқу барысында меңгерілетін біліктер:
  • дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқи алу;
  • әдеби-теориялық ұғымдардың негізгі белгілерін атап көрсете алу (мысалы, негізгі ой, композияция, сюжет, пейзаж, портрет, мінездеме);
  • әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш құралдарын қолдана білу (теңеу);
  • оқыған шығармасы, кейіпкер іс-әрекеті туралы айта алу;
  • оқығанынан алған әсерін шығармашылықпен көрсете алу;
  • жоспар құра алу;
  • шығармадағы оқиғалардың байланысын сақтап, әңгімелей алу;
  • кейіпкердің іс-әрекетінің себептерін анықтай алу;
Тіл дамыту:
  • сөздік жұмысы: жаңа сөздер мен күрделі сөздерді жаттап, мәнін түсіне алу;
  • тұрақты сөз тіркестері мен сөйлеу оралымдарының мән-мағынасын түсіне алу;
  • ойын байланыстырып айта және жаза алу.

«Сөйлеу мәнері» элективті курсының тақырыптық жоспары.

(Барлығы 15 сағат, аптасына 1 рет, І жарты жылдықта).

1. Тіл және сөйлеу не үшін керек? 1 сағат
2. Сөйлеу ой мен сезімді жеткізетін құрал. 1 сағат
3. Ауызша және жазбаша сөйлеу. 1 сағат
4. Ауызша сөйлеудің ерекшеліктері. 1 сағат
5. Адам қызметіндегі сөйлесудің маңызы. 1 сағат
6. Сөйлеу кезінде өзіңді қалай ұстау керек? 1 сағат
7. Қарым-қатынас мәдениеті. Сәлемдесу нышандары. 1 сағат
8. Қарым-қатынас мәдениеті. Қоштасу нышандары. 1 сағат
9. Қарым-қатынас мәдениеті. Құттықтау нышандары. 1 сағат
10. Қарым-қатынас мәдениеті. Бата беру дәстүрі. 1 сағат
11. Әдеби тіл туралы ұғым. 1 сағат
12. Әдебиет тілі мен әдеби тілдің ерекшеліктері. 1 сағат
13. Әдеби тілдің мәдениеті. 1 сағат
14. Тіл суреттеме және көркемдегіш құралдары 2 сағат

Элективті курсты құрастырғанда

пайдаланған әдебиеттер.
1.Қазақ тілінің оқыту методикасы, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Алматы, 1965 ж. 2. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту, М.Балақаев, Алматы, «Мектеп» .1989 ж. 3.Тіл мәдениеті оқу құралы, З.Бейсенбаева т.б., Алматы, 2005 ж. 4.Әдеп және жантану, Қ. Жарықбаев , Алматы, 1996 ж. 5. Речь младших школьников и пути ее развития, М.Р.Львов, Москва, 1985 г. 6. Самостоятельная художественная деятельность школьников, Москва, 1980 г. 7. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту, Б.Тұрғынбаева,Алматы, 1999 ж. 8. Салт, дәстүр, әдет, ғұрып туралы. Алматы «Мектеп» 2005ж. 9. Тіл дамытудың ғажайып әлемі. Алматы «Аруна» баспасы

І. Тақырыбы:«Сөйлеу мәнері» элективті курс бағдарламасы мектептің бастауыш сатысының 2 сыныбына арналған. Бұл элективті курстың мақсаты: оқушының әдеби сауатын ашу, оқырмандық мәдениетке баулу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті-елжанды тұлға тәрбиелеу. "Сөйлеу мәнері" элективті курсын оқытудың міндеттері:

© 2010-2022