Туған жер 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Туған жер 2 сыныпӘдебиеттік оқу

Күні: 16.12.15ж

Сабақтың атауы

Туған жер

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар

Жалпы мақсаттар

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін

Тексеру

а) Оқушының ой-өрісін кеңейту, өткенді қайталау

ә) Шығармашылық қасиеттерін дамыту

б) Өз Отанын сүйетін, озық ойлы, мәдениетті азамат

болуға тәрбиелеу


Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Ұйымдастыру: Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 2 топқа бөлінді

1топ - «Азамат», 2 топ - «Жас ұрпақ»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасын сұрау,бағалау,салыстыру.

Қызығушылықты ояту

1 кезең Жүргізуші сұрақ қояды, топ жауап береді (слайдтар арқылы)

1. Абылай кім болған? Қай кездері билік құрды?

2. Абылайдың шын аты кім?

3. Қазақ билері кімдер?

4. Ақмола облысынан шыққан батыр кім? (17-18ғ)

5. «Кеңес одағының батыры» атағын алған қазақ қыздары кімдер?

2 кезең Тәуелсіздік рәміздері

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

1. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл) -20

2. Ән ұран авторы кімдер?(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов)-10

3. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу)- 30

4. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)-10

5. Байрақта не бейнеленген? (күн, қыран, өрнек) -20

6. Байрақ авторы кімдер? (Шәкен Ниязбеков)-10

7. Қай жылы тұңғыш Президент сайланды?(1 желтоқсан 1991 жыл) -30

8. Қай жылы Тіл туралы Заң қабылданды? (11шілде 1997)- 40

9 Қай жылы ҚР-ның Ата Заңы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)-20

10. ҚР Негізгі заңының 7 бабы не туралы? (мемлекеттік тіл туралы)-30

11 ҚР-нда қандай білімді міндетті түрде әр азамат алу керек? Бұл қай бап?- 40

12. ҚР Негізгі заңының 34 бабы не туралы? (Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.

Әркім ҚР рәміздерін құрметтеуге міндетті) - 40

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр Оқушылар денелерін жатықтырады

Жаттығу жасаймын

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықпен жұмыс.

Тапсырмаларды орындау.

3 кезең Слайд «Қазақстан бүгін»

Мақал- мәтелдің бірінші бөлігін айтамын, сіздер екінші бөлігін тауып, айтуларыңыз керек.

1. Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

2. Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

3. Хан тірегі - ...(халық)

4. Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

5. Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

6. Отанға опасыздық еткенің, ...(қз түбіңе жеткенің)

7. Батылдық - рухы күшті ...(адамдар қасиеті)

8. Күш - білімде, ...(білім - кітапта)

9. Есепсіз не... жоқ? (ақша)

10. Байлықтың атасы - ...(еңбек)

11. Әркімнің өз жері... (жұмақ)

4 кезең Қазақстанның басты қалалары

Суретпен жұмыс. Слайдта көрсетілген ғимарат қалай аталады және ол қай қалада орналасқан?

Суреттер: Ақорда, Бәйтерек, Кенесары ескерткіші, Медеу, Қазақ елі монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, Әлия М. ескерткіші , Хан шатыры, Алматы циркі, Абылайхан ескерткіші (Көкшетау)

Үй тапсырмасы

Қазақстан өлеңін жаттау, «Менің Қазақстаным» тақырыбына сурет салу.

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Туған жер 2 сыныпТуған жер 2 сыныпТуған жер 2 сыныпТуған жер 2 сынып



© 2010-2022