30 – тамыз Конституция күні

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақсу қаласы. Қызылжар ауылы мектеп ішіндегі шағын орталық













30 - тамыз

Конституция күні





Тәрбиешісі: Иманберлинова К.Н.

Тақырыптық сабақ

Тақырыбы: Конституция

Мақсаты: балаларды конституциямен таныстыру, оның ең басты құжат екенін, мақсатын түсіндіру, баптармен таныстыру. ҚР рәміздерін қайталау, отанға деген сүйіспеншіліктерін нығайту, адал болуға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: көрнекілік, түсіндіру, әңгіме, сұрақ - жауап.

Көрнекіліктер: конститутция кітабының суреті, рәміздер суреттері, ән ұран жазылған үн таспа.

Сабақтың барысы

  1. Мотивациялық - қызығушылық

Балаларды кілемнің үстіне қатармен тұрғызу. Сабақты ҚР - ның ән ұранымен бастау.

Ән ұран орындалады.

Балаларды орындықтарға отырғызу, сабақты бастау.

  • Балалар біз жаңа қандай әнді орындадық? Ол не?

  • Бұл ҚР - ның ән ұраны. Рәміздердің бірі.

  • Ал неге біз сабағымызды ән ұраннан бастадық қалай ойлайсыңдар?

  • Себебі бүгін мереке, ҚР - ның Конституция күні. Ол біздің мемлекет үшін, жалпы басқа мемлекеттер үшін Конституция күні өте асыға күтетін мереке болып саналады, себебі бұл біздің ата заңымызды қабылдаған күн екен балалар.

  • Мен сендерге бүгін осы Конституцияның бірнеше баптарын айтып, түсіндіремін сонда сендер оның мақсатынимда, оның бізге қаншалықты маңызды құжат екеніне көздерің жететін болады.

  • Жалпы Конституцияда 99 бап бар балалар. Ал мен сендерге қазір тек қарапайым адамдарға, балаларға қажетті баптарын айтып берейін.

  • 10 бап: ҚР - ның азаматы өз азаматтығынан өз келісімінсіз еш бір жағдайда айырылуы мүмкін емес.

  • 11 бап: ҚР мемлекеттен тыс аймақтарда қамқорлық пен кепілдік береді.

  • 12 бап: конституцияға байланысты ҚР - ның азаматына бостандық пен құқыққа кепілдік беріледі. Бостандық пен құқық әр адамға тууылғаннан беріледі. Адамдардың бастандық пен құқығы басқа адамдардың құқығы мен бостандығын бұзбау тиіс.

  • 13 бап: әр адам өз құқығын сақтауға құқылы.

  • 15 бап: әр адам өмір сүруге құқылы.

  • 16 бап: әр адам жеке бостандыққа құқылы.

  • 24 бап: әр адам еркін еңбек түрін таңдауға құқылы.

  • Міне балалар мен сендерге қажет деген мағлұматты бердім.





Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Тасты алды қолына,

Тасты қойды жолына.

Оңға қарады,

Солға қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

  • Балалар ал енді маған ҚР - ның рәміздеріне не жататынын қайталап айтып беріңдерші.

  • Ту, Елтаңба, Ән ұран.

  • Ал біздің мемлекетті басқаратын адамды кім деп атаймыз?

  • Ел басы деп айтамыз.

  • Ал Ел басымыз кім?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • Астанамыз қай қала?

  • Астана қаласы.

  • Керемет балалар сендер көп ақпаратты білесіңдер.

  • Ал қазір біз сендермен мақал - мәтелдер жаттап алайық.

Мақал - мәтелдер

  1. Заңның құрығы бәрінен ұзын.

  2. Тәрбие отбасынан басталады.

  3. Заңды сыйлаған еркін жүреді.

  • Балалар сендер сабаққа керемет қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет.



© 2010-2022