Сөз және оның мағынасы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4

12 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты: а)білімділігі:Оқушыларға сөз және оның мағынасы тақырыбы бойынша түсінік беру.

ә) тәрбиелігі:Өз ойын толық,жүйелі айтып,таза,сауатты,көркем жазуға баулу.
Бір-бірінің жауабын зейін қойып тыңдауға тәрбиелеу.
б) дамытушылығы:Сөздік қорын,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаттығу талдау жұмыстары.

Жаңа сабақ

Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын салыстыр.

  1. Жел әкелгендерді сел әкетер. 2. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. 3. Бүлдіру - оңай, түзету - қиын. 4. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қарама-қарсы мағыналы сөздерді жаз.

Қатты - ........ жүру - ............

Таяз - .......... кию - ..............

Жылы - .......... кіру - ............

Кең - .......... сөйлеу - ..........

3-жаттығу. Қарама - қарсы мағыналы сөздерді сөз таптарына бөліп жаз.

Зат есім:

Сын есім:

Етістік:

Айту - тыңдау, ақ - қара, түзу - қисық, қону - ұшу, жаз - қыс, ыстық - суық, күн - түн, сату - алу, ащы - тәтті.

Сергіту сәті.

« Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт

( тоңу)
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.

Терме диктант.

Сүйкімді, алыс, туыс, қашық, туысқан, ағайын, жұғымды, маңында, зор, қасында, жанында, жырақ.

Сүйкімді, ........

Алыс, .........

Туыс, .........

Маңында, ............

Тапсырма. 1. Мағынасы жағынан жуық сөздерді топтап жаз. 2. Туысқан сөзіне фонетикалық (дыбысты) талдау жасау.

4-жаттығу.

1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау - пысықтау;
2. ақырын - шапшаң, апару - әкелу, бастау - аяқтау, тоңу - жылыну.
Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін
Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау - білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.

5 - жаттығу
● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.
● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.

Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап. Оқушыларды бағалау.

Үйге: Ереже жаттау.











Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4

17 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты: 1.Біріккен сөздер туралы түсініктерін жетілдіру, сөздерді ажырата білу, меңгерту.

2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Сөйлем мүшелеріне талдай білу дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды мейірімділікке,ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу

дамыту.

Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаттығу талдау жұмыстары.

Жаңа сабақ

Екі немесе одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.

Мысалы: алабота, Темірқазық.

1-жаттығу.

Талдықорған, егеуқұйрық, еңбеккүн, Жетіқарақшы, шаңсорғыш, Қаламқас, жұмабай, беташар, теміржолшы, жанкүйер, асатаяқ, Қызылжарқұдық.

2-жаттығу. Біріккен сөздердің екінші сыңарын тауып жаз.

Демалыс, кәсіпорын, еңбекші, денсаулық, ақылды, қарақшы, әлдеқайда.

Сергіту сәті.

3-жаттығу. Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.

Орынбасар, асқазан, қосаяқ, Есенәлі, Қызылорда, алтыбақан, аяқдоп, Айгүл, Екібастұз, сегізаяқ, ақсүйек, көкқұтан, Шиліөзен, аққу, Бейсенбай, ұлтабар.

Кісі аттары: .......

Аң, құс атаулары: ........

Ойын атаулары: ........

Дене мүшелері: .........

4-жаттығу. Ертегіден үзінді оқып, көшіріп жаз. Біріккен сөздердің астын сыз.

Керқұла атты Кендебей

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жыртық жамайды екен. Қазанғаптың Кендебай деген ұлы болыпты. Кендебай ай сайын өсіпті: алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты.

Шығармашылық жұмыс.

Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.

Біріккен сөздердің астын сыз.

Сөз және оның мағынасы Сөз және оның мағынасы Сөз және оның мағынасы

тасбақа саңырауқұлақ түйеқұс

Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап.

Оқушыларды бағалау.

Үйге: 6-жаттығу. 100 бет.


























Күні: Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы: 4

10 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Б.Тоғысбайұлы

Сабақтың мақсаты: Ақан серінің өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, Отан сүйгіштік қасиеттерін дамыту

Ұжыммен жұмыс жасай білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Өткенді еске түсіру.

Мысалдар келтіру.

Жаңа сабақ

Ақан сері әңгімесін толық оқытып, оқушыларға түсіндіру.

Зерттеушілік әңгіме.

Жаңа тақырыпты өздігінен оқып түсіну, үшін жеке оқушыға уақыт беру.

Топпен зерттеушілік әңгіме жүргізіп, кейін әр топқа флипчарт таратып, әр топ постер құрастыру.

Постер қорғау.

Бағалау критерийлері арқылы екі жұлдыз, бір ұсыныс береді

Постерді бағалау критерийлерін тарату.

Мазмұны Тақырып мазмұны ашылмады

Тақырып мазмұны ашылда

Тақырып мазмұны толық ашылды тағы да

қосуға болады

Безендірілуі Бояуы қанық емес, сурет салмаған т.с.с.

Әсемделген, бірақ

Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер

қолданылған

С Баяндау Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды

Ойды жеткізе білді, бірақ әдеби тіл жетпеді

немесе ой қайталана берді, қыстырма сөз

көп қолданылды.

Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді,

өз пікірін пайымдады т.с.с

Сергіту сәті «Халықтар» биі

Шығармашылық Тақырыпты өзге қырынан аша білді

Жаңашылдық, идея болды, идея қосты

Ақан серінің «Балқадиша» әнін екі түрлі орындауда үнтаспадан тыңдату.

Ой толғаныс

«Стикердегі диалог» әдісімен сабақты қорытындылау.

1. Ақанның әкесі кім?

2. Әкесі Ақанның кім болғанын қалады?

3. Бірақ Ақан неге әуес болды?

4. Ағайындары дарын иесіне не сыйлады?

5. Қараторғай атты бүркіті қандай күй кешті?

6. Қараторғай әнінің пайда болуы

7. Құлагерге жасалған қастандық

І топ: «Кейіпкерге хат жазу»

ІІ топ: «Балқадиша әнін салыстыру»

ІІІ топ: «Қазіргі заманның сері «еркін жазу»

«3:2:1» әдісімен кері байланыс жасайды.

БББ кестесі

Білем

Білдім

Білгім келеді

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.

Сері адамның ерекшелігін салыстыру

Ақан сері әндерінен жинақ -альбом жасау.

Бағалау
















Күні: Пәні: дүниетану Сыныбы: 4

2 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Тірі организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың сөз тіркестерді пайдалана отырып,

байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру ; мәнерлеп оқу

дағдыларын жетілдіру; сөздік қорларын арттыру.

3. Оқушыларға табиғатты аялап, күте білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыптарды еске түсіру.

Қызығушылықты ояту

Тірі организмдер өсу үшін тіршілік ортасына бейімделеді.

Тіршілік ортасына бейімделе алмаған тірі организмдер Жер бетінен жойылып кетеді.

Сергіту сәті «Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Барлық тірі организмдер өздері тіршілік ететін ортасына бейімделуге тиіс. Осылай болған жағдайда олар тірі қалады. Болмаған жағдайда олар қырылып бітеді. Кейбір өсімдіктер мен жануарларда өмір сүру жағдайына бейімделуге көмектесетін ерекшеліктері болады.

Өсімдіктер тіршілігіне жеткілікті мөлшерде жарық қажет. Ал шөлде жауын шашын аз түседі. Әрі ірі суқоймалары жоқ.

Ой толғау.

Тіршілік ортасы дегеннің не екенін есің түсір.

Ондай жерлерде қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар тіршілік етеді?

Жойылып кеткен жануарлар. тасбақа қарсақ

Сөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс

Адам да жанды табиғаттың бір бөлігі. Адам өзінің тіршілік ортасына қалай бейімделетіні жайлы үлкендерден сұхбат ал.

Білем

Білдім

Білгім келеді

Үйге тапсырма Мазмұндау

Бағалау


© 2010-2022