Коучинг тақырыбы: Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Коучинг жоспары

Өткізген:

Тақырыбы:

Критериалды бағалау

Мақсаты:

Критериалды бағалау туралы түсінік беру арқылы «рубрикатор», «критерийлер» мен «дескрипторлар» жасауды үйрену

Оқыту нәтижесі:

Критериалды бағалау туралы түсінік алады және рубрикатор, дескриптор мен критерий құруды үйренеді.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, cpm.kz

Әдіс-тәсілдер:

«Сағат» ойыны арқылы топтасу,

Дереккөздер:

Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар,маркерлер

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру. «Сағат» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.

Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің унатқан уақытына стикерді жабыстырады.

Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:

  • 6-9 (18-21) сағат аралығындағылар - амандасады,

  • 9-12 (21-00) сағат аралығындағылар - құшақтасу,

  • 12-15 (00-03) сағат аралығындағылар - арқа түйістіру

  • 15-18 (03-06) сағат аралығындағылар - жақсы сөз, тілек айтады бір-бірлеріне.

Топтар осы уақыт аралығы арқылы топтасып отырады.

Мұғалімдер сағат тілі бойынша бөлініп, жаттығулар жасайды да, топтарға бөлінеді.

  • Тақырыпқа шығу: Коучинг басында топтарға видео көрсетіледі. Бұл видеоны көріп болған соң, топтарға оны бағалау тапсырмасы беріледі (2 мин).

  • Топтар бір бірлерімен талқылайды, одан кейін әр топтан 2-3 пікір тыңдалады. Осы пікірлерден тақырыпқа шығу.

«Сырғанақ» атты видеоны тамашалау, оны бағалау, пікіралмасу, тақырыпқа шығу


  • Топтарға «Джиксо» әдісімен мәтіндер беріледі, бұл мәліметті талқылап, постерге түсіреді. Жұмыс барысында 1-2 өкіл басқа топтарға қонаққа барып, өз топ жұмыстарына толықтырулар енгізеді.

  • Спикерлер тағайындалып, жұмыстарды «Аялдама» әдісімен қорғайды. Ал тыңдаушылар «Ламинат» әдісімен бағалайды.

Постер, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.

Спикерлер жұмыстарды қорғайды, тыңдаушылар бағалайды.

  • Қорғау жұмыстары аяқталған соң, қорытынды жасалынады. Жалпы осы тақырып бойынша презентация көрсетіліп, «Критерийлер» құрудың жолы көрсетіледі.


  • Келесі кезеңде топтарға тапсырмалар беріледі. «Наурыз» тақырыбында

  • 1 топ: Рөлдік ойын көрсету

  • 2 топ: Жарнама көрсету

  • 3 топ: ТВ-шоу ұйымдастыру

  • 4-топ:Радио-бағдарлама құру

  • Осы тапсырмаларды орындау барысында, топтар бағалау критерийлері мен дискрипторлар жасайды.

Топтар шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы, тақырыпты меңгерулерін көрсетеді.

Жасалған критерийлер топтар арасында ауысып, топтар бір бірлерінің жұмысын осы критерийер бойынша бағалайды.

Одан кейін жалпылама бағалау жасау үшін «Ым-шара» әдісі қолданылады:

1 топ: Қол қимылы,

2 топ: Жылы сөз,

3 топ: Аяқ қимылы

4 топ: Осы 3 топтын қимылын кайталау керек.

«Ым-шара» әдісімен істелген жұмыстарды бағалау

Сергіту сәті

«Қара жорға» биін билеу арқылы мұғаілмдердің көңіл күйін көтеру

Бағалау

«Сэндвич» әдісімен коучинг барысын бағалау. Бағалау қағаздарын «Маша мен аю» кейіпкерлерінің суреттеріне жабыстыру.



© 2010-2022