Математика Көбейту және бөлу кестесін пысықтау 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика Көбейту және бөлу кестесін пысықтау 3 сынып

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы


Математика:

Тақырыбы: «Көбейту және бөлу кестесін пысықтау»

Мұғалім:Сматаева Ж.Т

Сынып: 3





Математика сабағы:

Тақырыбы: Көбейту және бөлу кестесін пысықтау

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың кестелік көбейту және бөлу ережелері туралы түсінігін қалыптастыру, 2-мен 9-дың арасындағы көбейту мен бөлуді меңгере отырып, ауызша көбейтуге және бөлуге берілген есептер арқылы білімдерін тексеру;

Дамытушылық: оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау. Шығармашылыққа жетелеу;

Тәрбиелік: оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кесте қағаздар, сөзжұмбақ, тесттер, дидактикалық ойындар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Сабақтың типі: өткенді қайталау, саяхат сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жеке топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Слайд

  • Сәлеметсіздерме, балалар. Қазір математика сабағы. Сондықтан сабақты мына сөздермен бастамақпын: Слайд

  • Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер

  • Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер;

  • Жасау үшін бәрін де математика-

  • Ең маңызды ғылым бұл, сондықтан да,

  • Сондықтан да сол ғылымның тілін біл! -

дей отырып мен

Слайд сендердің кестелік көбейту және бөлу ережелері туралы білімдерінді тексеремін, яғни біз есептерді шығара отырып өз білімдерімізді ортаға саламыз. Жақсы жауап беріп отырған оқушыларға жұлдызша беріп отырамын сабақ соңында қорытынды жасаймыз.Жақсы жауап берген үшін бағаларыңыз мынадай болады:


  • Математика Көбейту және бөлу кестесін пысықтау 3 сыныпМатематика Көбейту және бөлу кестесін пысықтау 3 сыныпМатематика Көбейту және бөлу кестесін пысықтау 3 сынып

  • Слайд


  • Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Біз қысқы орманға саяхат

жасаймыз. Слайд

Жаңа жылға шыршаны безендіру үшін Аяз атаның үйін табу керекпіз. Аяз атаға деген сыйлығымыз, математикадан алған білімдеріміз болмақ.

  • Жолда қиыншылықтардан өту үшін, бізде қандай

қасиеттеріміз болу керек? Әзіл. Білім. Жалқаулық.Назар.

Ұқыптылық.Бір-біріне көмектесу.Табиғатқа деген махаббат.

Жануарларға деген қамқорлық. Достық.Бірлік


  • Тақтаға назар аударайық. Слайд

Бізге керек қасиеттер болса, шапалақтаймыз, ал қайсысы бізге бөгет жасаса, аяғымызбен тарсылдатамыз.

( әзіл, білім, жалқаулық, назар, ұқыптылық, бір-біріне көмектесу, табиғатқа деген махаббат, жануарларға деген қамқорлық)

Енді саяхатқа шығуға дайынбызба?


  1. Қызығушылығын ояту слайд

Дәптерімізді ашамыз бүгінгі күнді жазамыз. Желтоқсанның 12-сі

  1. Математикалық диктант орындаймыз


  • «Ой қозғау» -ойыны, яғни өткенді ескере түсірейік. Слайд

Көбейту кестесін қайталаймыз

Сонымен біз орманға барамыз. Бізді орманның ішінде Ақшақар қарсы алады. Ол адасып қалыпты. Бізбен бірге атасының үйіне жетіп қалғысы келіп тұр. Ақшақарды жеткіземіз бе? Ендеше

Кім жылдам? ойыны Карточкадағы есептер беріледі.

Оқулықпен жұмыс:


  • Слайд

Әрі қарай үлкен жайылынға шығамыз. Слайд

. Жолда бізге бұғы кездеседі, ол бізге Аяз атаның барар жолда сандар жазып кеткен. Сол жолды шешуіміз керек.

І топ:

Кітапта -63 бет,

күніне - 9 беттен оқиды.

Кітапты - ? күнде бітіреді.

ІІ топ:

Алматта - 6 қарындаш, Мараттың қарындаштары - 2 есе артық. Маратта неше қарындаш бар?

ІІІ топ:

Дүкенге 5 кг-нан 2 жәшік алма әкелінді. 3 кг- нан 4 жәшік банн әкелінді. Барлығы қанша кг.?

ІV топ:

Айгүлде 120 теңге бар. Құны 54 теңгеден шоколад алды. 48 теңгеге шырын алды. Қанша ақшасы қалды?


  • Керемет, балалар, бұл тапсырмамен де мойынсұнбай өттіңдер.

Жарайсыңдар!


  • Слайд №

Бізге қарсы түлкі шығып келеді. Қараңдаршы, ол да шыршаға асығып бара жатыр. Киімі де әдемі екен. Бірге барайық

Теңдеу шешу:

с - 47 = 79 36 : х = 9 с *5 = 35 х + 25 = 65

Керемет, балалар, бұл тапсырмадан да мойынсұнбай өттіңдер.

Иә, жол деген қиын, бірақ біз бәрінен де өтіп бара жатырмыз. Жарайсыңдар, балалар!

Сергіту сәті:


  • Бізге қарсы қоян жүгіріп келеді. Слайд

Қараңдаршы, ол да шыршаға асығып бара жатыр. Киімі де әдемі екен. Бірге барайық. Ал енді алдымен мына жауаптардың есептерін есімізге түсірейік.

Ауызша есеп «қоянға көмектес» ойыны арқылы. Әрқайсысының алдында карточкалар жатыр, кез келген тапсырманың дұрыс жауабын өшіріп отырыңыз.

  1. 48 бен 6-ның бөліндісі

  2. 3пен 6-ның көбейтіндісі

  3. бөлінгіш 54, бөлгіш 6, бөліндінің мәні

  4. 2 мен 6-ның көбейтіндісін тап

  5. 1-ші көбейткіш5, 2-ші көбейткіш 9, көбейтіндінің мәні

  6. 6-ны 7-есе артыр

Керемет, балалар, бұл тапсырмамен де мойынсұнбай өттіңдер.

Иә, жол деген қиын, бірақ біз бәрінен де өтіп бара жатырмыз. Жарайсыңдар, балалар!

Бірақта оның тағы бір тапсырмасы бар:Слайд №

Келесі тапсырма

Слайд №

6 "...есе артық (кем)" деген тіркесті пайдаланып, сурет бойынша есептерді шығар

  • Ханның қоржынында 45 ділдә, ал Алладинде одан 5 есе ділдә кем. Алладинде неше ділдә бар?

  • Азаматта 40 теңге ақша бар, оған ол 2 доп сатып алды. Бір доп неше теңге тұрады?


  • Слайд №

  • Салыстыру:

Әрі қарай барамыз. Қайыңдар мен қарағайлар қастарынан өтеміз. Қалай әдемі! Бұтақтарда құстар отыр, олар қазір ұша алмайды, біз салыстыруды шешкеннен кейін ғана ұшып кете алады

Балалар, құстарға көмектесейік, олар да шыршаға барғылары келеді.

Салыстыру:

6 * 4 = 4* 6

5*7 < 6*6

7*6 > 5*8

14см = 1 дм4см

Слайд №29

Геометриялық тапсырма

Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ал ені 4 см. Осы тік төртбұрыштың ауданын тап.

Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 3 см . Периметрін тап.

Шаршының қабырғасының ұзындығы 3 см ауданын тап.

Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары 2 см, 4 см, 6 см, периметрін тап

Міне, саяхатымыз да аяқталды. Енді шыршаны безендіреміз.

Слайд

Қорытынды ретінде Ақшақардың сендерге деген тапсырмасы

Логикалық есептер

Балалар, Аяз Атаға басқа жерлердің балаларына бару керек. Шығарып салайық. Слайд №

Аяз Ата сендерге хат тастап кетіпті.

Жол қиын болды

Бірақ мойынсұнбай өттіңдер. Достар,

Сондай дарынды балаларды

Өзімнің орманымда кезіктірдім!!!


  • Сабақ қорытындысы:


  • Аяз атаның сендерге сыйлық ретінде бағалары:

  • Қандай мақсатпен сендер саяхатқа шықтыңдар?

  • Саяхат кезінде жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер.

  • Жарайсыңдар, сабаққа рахмет!

Рефлексия:

Балалар, бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Не ұнады, не ұнамады?


  • Слайд

  • Үй тапсырмасы:

109-бет №8

Көбейту кестесін қайталау


© 2010-2022