ӘНІМДІ ӘЖЕМЕ, АНАМА АРНАЙМЫН

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Возвышенка орта мектебі

Тәрбие сағаты: «Әнімді әжеме, анама арнаймын»

Бастауыш сынып мұғалімі: Тасбулатова Б.Қ.



2014 Ж.

Тәрбие сағаты: «Әнімді әжеме, анама арнаймын»

Тақырыбы: Ана, әже жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,

әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау.

Оқушыларды мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар, интерактивтік тақта: презентация

Мұғалімнің сөзі: Құрметті әжелер, аналар, ұстаздар және қыздар келе жатқан 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге арналған « Әнімді әжеме, анама арнаймын» атты ертеңгілікті тамашалауға шақырамын.

1-оқушы:Көгілдір көктем келді. Дала қандай әсем! Жыл құстары да келе бастады.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-барлық әжелер, аналар, қыздар мерекесі де келді.

2-оқушы:Ана ең жақын әрі ыстық адам. Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады.Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады. Мен анамды жақсы көремін.Әр бала анасын, әжесін жақсы көреді.

3-оқушы: Ана деп жыр жырласақ,

Ана деп ән айтсақ,

Аналардың анасы- ақ жаулықтылар туралы,қазіргі айтылатын өлеңіміз әжелер сіздер жайлы.

« Әже» әні. Презентация: «Әжелер»

4-оқушы:Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені

Өте жақсы көреді.

Өскенде мен ал, енді

Аралаймын әлемді.

5-оқушы: Айналайын әжем,

Мәпелеген жастан

Менің қымбат данам,

Көңілі көк аспан

Балдай тәтті әжем

Сіздей жан жоқ маған.

Қуантса екен сізді

Менің «бестік» бағам

Көрініс- ералаш: «Бес алдым»

  • Қызым-ау, мектептен келдің бе?

  • Иә, келдім.

  • Сабағыңнан не алдың?

  • Міне, мен «5» алдым.

  • Кәне «5»? Мынау тұрған- «3», ал мынау- «2». «Бес» алдым деп бүгін сен неге айтасың өтірік?

  • Ой, әжетай! Есепті білмеуіңізді қарашы!... «3-ті» қосса «2-ге»- «5» болмай ма, санашы!

  • Мынау, не дейді өзі!

6-оқушы: Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің бір жақының, бір досың - Ол, Ана! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап жылап іздейтінің-ана. Ол, саған, бәрінен де қымбат!

Енді ортада, ұл балалардың орындауында: «Ана туралы өлеңдерді тыңдайық»

1-бала: Айтсам болды, тіл алам,

Әйбат мамам, ай мама.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің, қайда да!

2-бала: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым», «күнім» дейтін!

3-бала: Ана! Біздің елде ардақты адам

Кіші де, үлкен де

Оны ардақтаған!

4-бала: Мен гүлдерді жұлмаймын,

Құстарды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

«Мен анамның көмекшісімін» өлең:

  • Анам үшін күнде мен, отынға ағаш жарамын

  • Су құямын гүлге де,

  • Еденді мен жуамын.

  • Дүкенге нанға барамын,

  • Сыпырамын үй ішін,

  • Жуамын ыдыс-аяқты.

  • Анам бірақ, мен үшін, оқымайды сабақты!

  • Осындай біздің жақсы көмекшілеріміздің әнін тыңдауға шақырамыз.

Ән: «Анашым». Презентация: «Аналар»

Ана сүті-бал, баланың тілі-бал. Сәби сөздерін тыңдаңыздар: «Бастықтар»

  • Көрші үйдің 6 жасар қызы Дилназ, көрші Багия деген тәтесімен әңгімелесіп отыр. Дилназдың бал тілі қызық-ақ!

  • Біздің үйде бастықтар көп.

  • Е, олар кімдер?

  • Әкем жұмыс орнында бастық.Ал шешем болса, үй сыпырып, кір жуып, ас дайындаудың бастығы.Ағам отын жарып, малға шөп салып, суарудың бастығы.

  • Ал, өзің ше?

  • Мен жай жұмыскермін.Олар жұмсаған жаққа жүгіре беремін!

Біздің кішкентай қыздардың құттықтау өлендерін тыңдаңыздар:

1- қыз: Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан!

2- қыз: Ана деген ақылшың,

Ана барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың!

3- қыз: Жүре берсем қасыңда

Әйбат анам, ай анам.

«Ботам» деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

4- қыз: Күнім, жаным, құлыншағым,

Ботақаным, айналайын

Ойлап тапқан аналар!

Қыздардың орындауында: «Шетелдік испан биін» тамашалаңыздар.

Біздің кішкентайларымыз әнші, биші, ақын, көмекші,сонымен қатар суретшілер де! Әр бала өзінің анасының суретін салған.

«Менің анамның суреті» конкурс

Аналар тақтада ілініп турған өздерінің суретін тауып алулары керек

5-қыз:Өнерліге әсем ән мен сән керек,

Өнегені қанжығаға өңгереді.

Қазақ биін билегенде бишілер,

Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп

Би: «Қамажай» қыздар тобы

«Менің анам қайда?» ойыны.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бугінгі ертеңгілік аяқталды

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»



© 2010-2022