- Преподавателю
- Начальные классы
- Инновациялық қызмет - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының факторы
Инновациялық қызмет - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының факторы
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Шубаева Н.М. |
Дата | 06.03.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Поделитесь с коллегами:
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі - еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Балабақша- келешек ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі жаңа технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуы , өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс. Қоғам талабы - заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы», сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. «Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Қазіргі заман инновациялық қызметі- балабақша балалармен жұмыс істеуде инновациялық технологиялар, әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады. ХХ ғасырдың 30-жылдарында МДҰ-ның балалары - өз қажеттіліктері, қабілеттері және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дамуына, педагогтары - өз кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. МДҰ басшысы - балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар беріп отыруы керек деп ойлаймын. Осы тұрғыдан Көкшетау қаласындағы № 6 «Нұрай» балабақшасының ашылып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатқанына жеті ай болғанымен, ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмыстарының жүргізілуімен қатар, жалпы балабақшада жүргізілетін іс-шаралардың сапалы болуына байланысты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды. Педагогикалық мамандардың тәрбие беру жөніндегі білім денгейін көтеру, педагогтар «Өзін-өзі тану», «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» және тағы басқа білім жетілдіру курстарына қатысты. Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. «Балабақша үйіміз, әдемілікті сүйеміз» - деген ұранымызбен «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланың өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету.
Экологиялық мәдениетінің негізгі мақсаты:
- Қоршаған ортамен таныстыру ;
- Адаммен табиғаттың бірлігі туралы білім негізін қалыптастыру;
- Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру;
- Экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру;
- Қоршаған орта мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға жетелеу.