Конспект воспитательной работы на тему Бастауышпен қоштасу (4 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 - жүргізуші:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата - аналар. Құрметті қонақтар.
Бүгін №1 Төлесін Әлиев атындағы орта мектепте үлкен қуаныш. Білім нәрімен сусындатқан бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
2 - жүргізуші. Бүгінгі салтанатты кешіміздің балғындарын қошеметпен қарсы алайық.


Ортаға 4 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.
Мұғалімі: Досаханова Жаңылсын Нариманқызы.


4 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.
Мұғалімі: Қарағұлова Құндыз Құдайбергенқызы.

Ортаға 4«Б»сынып оқушыларын шақырамыз.

Мұғалімі:Ұлмамбетова Гүлнар

Ортаға 4«В»сынып оқушыларын шақырамыз.

Мұғалімі:Аяшева Гүлшат


Ортаға 4«Г»сынып оқушыларын шақырамыз.

Мұғалімі:


1 - жүргізуші:

Мейірімді, жүрегінде күн нұры
Нағыз мықты ұстаздардың шын бірі
Сөзімен де, ісімен де өнеге
Білім беру саласының үздігі,

- дей келе сөз кезегін құрметті мектеп директоры

Күләш Саламадинқызы Жүгенбаеваға береміз.


2 - жүргізуші:

Ендігі сөз:

бойлары да, өздері де,

ойлары да өскен

балғын шәкірттерге беріледі.


1.Бала шақтан, болашаққа жырлатып,

.Шәкірттерге ой түзеткен сымбаты

Армысыңдар ұстаздарым қымбатты.

2. Армысыңдар аталар мен аналар

Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп

Үйреткен ғой Мағжан ата бабалар.

3. Ел ардақтап ғұламаның есімін

Біз тербеттік даналардың бесігін

Төлесін деп атын қойған мектептің

Салтанатпен ашқан едік есігін.

4.Мектебім алтын ұям нұрын жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып

5.Армысың сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім

^ Хор: «Мектебім»


6: Өткіздім мұңда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың

Мектебім саған мәңгі басымды ием


Хор: Мектепке біздің мың алғыс!


7.Ұстаз!

Осынау сөзде қаншама мән- мағына жатыр десеңші.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғайтын батыр да,

тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да

бәрі-бір ұстаздан білім алған.



8.Сондықтан ұлағатты ұстаздар,

Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


бірге бас иеді

9. Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғылымдардың даналардың.

Өмірде сенің алған орыныңды

Бірі де жете алмас бағалардың.

10. Байсалды мінезімен бір қалыпты

Меніңде көкейімде із қалыпты

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің «Біліммен күш толады»

11. Мейріммен бірге жайған құшағың

Қуат берді самғап енді ұшамын

Өнегеңді өмірімде үлгі етіп

Арманымды бір өзіңе құшамын



12.Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.


13.Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел таныма азамат бір-бір мықты.^

Хор: Ұстазым.

1-жүргізуші:

Жылы сөз айтатын, мейірім шуақ шашатын, шаршау дегеңді білмейтін бестік алсақ куанатын, жаман баға алсақ қызаратын мен үшін тоңып, күйінетін адам- ол ана.

2-Жүргізуші:Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, әліппені менімен бірге оқыған, шаршасам алдымнан шығатын, киіміммен тамағымды әзірлейтін, кейде мен үшін сабағымды орыңдай салатын адамның бар екенің білеміз-ол ана.

^ 14. Баубек Бұлқышев. «Ана»
15.Ф.Оңғарсынова «Қос қанат»

Ән: Анашым.

Пән мұғалімдерін құттықтау.

Информатика пәнінің мұғаліміне

16.Монитор,пернетақта- сөздің басы

Өрлейді компьютермен өрге тасың

Бүгінгі жаhандану заманында

Айнагүл апайымның зорғой бәсі

Күтеміз ықыласпен әр сабағың

Оқимыз жіберместен бір парағын

17.Музыка пәнінің мұғаліміне:

Өмірдің мағынасы ән менен күй,

Одан артық болмайды ешқандай сый,

Бір кезде

«Әнді сүйсең менше сүй» деп Абай айтқандай,
Бүгінде әнді Шынар апайдай сүй.


18.Зәуреш апай саналады жеке дара,

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.

Деніңіз сау болсын деп тілейді

Мына тұрған әрбір бала.

19. Орыс тілі пәнінің мұғаліміне:

«Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,

Әлия апай менЗульфия апайдан көп сұрарымыз.

Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін

Керек болар тіліміз, құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз.

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз.

Тілейміз орыс тілі апайларға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.

20.Алғашқы әрпін тыңдатып,
Өзге тілді сөйлеткен.
Ағылшын тілін үйреткен.

Айнагүл апайға көп рахмет.

21.Гүлнар апай асыл, ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың,
Қасыма кеп, қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың.

22.Өз аузына қаратқан
Ұстаз үнін ұғамын.
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамын.

Осылай сабақ үйреткен

Құндыз апайымызға көп рахмет!

23.Жаңылсын апай

Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп, ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.

24.Гүлшат апай жайдарлы
Ақылмен кеңес береді.
Ұстаздардың ұстазы
Әлі де көп бізге берері

25.Қарлығаш апай

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастың
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

26.Мектебім, жылы ұя бесігім
Күнде ашық мен үшін есігің
Білімнің шуағын мол сепкен
Ұстазым, қымбат қой есімің.

27..Бойымызда бұлан күш
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс.

Өлең:

1-жүргізуші:

Ертегідегі аңыз бойынша бала дүниеге келгенде аспанда жаңа жұлдыз пайда болып, өмір бойы ол адамға жол сілтеп жарқырап тұрады екен.

2-жүргізуші: Иә, олай болса жан-жақтарыңызға қараңыздаршы . Бүгін осы залда қанша жұлдыз бар?

1-жүргізуші:

Әр бала бұл кішкентай жұлдызша. Келешекте ол жұлдызша үлкен жарық жұлдыз болатыны сөзсіз.


2-жіргізуші:

. Ол үшін әрқайсымыз көп күш салып, тырысуымыз керек.


27.Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім
Бет алып бара жатыр болашаққа
Аяулы он бір жасар балалығым.

Хормен:

Өзіңде өстім,көктедім.

Қош, ұстазым алғашқы,

Қош, бастауыш мектебім!

Хор: Қош бастауыш мектебім.

Сөз кезегі

© 2010-2022