Тест. Әдебиет 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып

Әдебиеттік оқу

29-нұсқа


1.«Қырық мысал» деген атпен мысалдар жинағын шығарған кім?

А)М.Жұмабаев Ә)А.Байтұрсынов Б)О.Әубәкіров В)А.Құнанбаев

2.Ер азаматтарды қорғаннан ақылымен алып шығып,сақтап қалған кім?

А) Ана Ә)Қыз Б)Батыр В)Бала

3.Ақ қайың мен Қарағаштың достығын бұзған қараниетті қандай ағаш?

А) қайың Ә) қарағаш Б) тобылғы В)сексеуіл

4. - Кеудең толған бауыр болсын,

Арқаң қара нардай жауыр болсын.

Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін,

Жасың жетпіске жетпесін, - деген батаны берген қарт кім, кімге берді?

А) Малайсары Сырымға Ә)Сырым Малайсарыға

Б) Төле би Жетеске В)Малайсары Төлеге

5. Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол!

Өзіңе-өзің кәміл бол! Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол, - деген сөздер бата берген кім?

А)Қазыбек би Ә)Төле би Б)Малайсары В)Әйтеке би

6.Жас кезінде Төле бидің алдынан жұмбақтап сөйлеп сүрінбей өткен бала кім?

А)Қазыбек би Ә)Төле би Б)Малайсары В)Әйтеке би

7.Еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғаған ержүрек батырлар туралы

ауызша шығарылған жыр үлгісі қалай аталады?

А) Ертегілер Ә)Аңыздар Б)Айтыс В) Батырлар жыры

8. Алайын десем оңайсың, Алмайын десем торғайсың,

Айтшы маған жөніңді, Неғылып жүрген ноғайсың? - деген жолдар

қай шығармадан алынған?

А)Жекпе-жек Ә) Жолбарыспен айқас

Б)Тайбурылдың шпабысы В)Тортайдың мұңы

9. Хан жарлығын орындаудан бас тартып, екі інісін қорғаған қасиетті құс -

А)Аққу Ә)Жапалақ Б)Үкі В)Байғыз

10. Кедейдің боранда далада қалған малдарын қасқырдан қорғаған -

А)Шопан Ә)Қойшы Б)Адамдар В)Жылқы

11. Бөрі құла аттың артына шығып, шоңқайып отырады да, молдаларға ұқсап

екі көзін шарт жұмып, өзінше әндетіп үли бастайды - деген жолдар қай

шығармадан алынған?

А)Қара қасқыр Ә)Бес ешкі Б)Қоңыр тоқты В)Құла ат

12.Адамдардың болашағын болжап айтып бере алатын өлімнен қорқатын

данышпан кім?

А)Абай Ә)Төле би Б) Қазыбек би В)Қорқыт

13.Сараң байды мырза қылған кім?

А)Алдаркөсе Ә)Қожанасыр Б)Қорқыт В)Қарабатыр

14. Әй, қарлығаш, тамыр-ай, Жауда қалдым жабыдай.

Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана - деген өлең жолдары

қай шығармадан алынған?

А)Қарабатыр Ә) Қорқыт Б)Бес ешкі В)Сатқын жапалақ

15. - Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас - деп

бірлікке шақырған ақын кім?

А)М.Жұмабаев Ә)М.Дулатов Б)А.Құнанбаев В)А.Байтұрсынов

16.Еңбекқор және ажлқау жәндіктер туралы айтылған шығарма -

А)Арыстан мен тышқан Ә)Ара мен шыбын

Б)Аққу, шортан һәм шаян В)Шыбын мен көбелек

17.Күштінің әлсізді менсінбейтін іс-қылығын әшкерелейтін шығарма -

А)Арыстан мен тышқан Ә)Ара мен шыбын

Б)Аққу, шортан һәм шаян В)Шыбын мен көбелек

18.Тұңғыш өлеңдер жинағын «Шолпан» деген атпен шығарған ақын кім?

А) А.Құнанбаев Ә)М.Дулатов Б) М.Жұмабаев В)А.Байтұрсынов

19.Жамандықтан арылу үшін нені таза ұстау керек?

А)Қорқақтықты Ә)Мінезді Б)Аштықты В)Тәнді

20. «Ең алдымен әлділердің балалары оқуға алынады» деп тізімнен шығып

қалған бала -

А)Ы.Алтынсарин Ә)М.Жұмабаев Б)С.Көбеев В)М.Әуезов


4 сынып

Әдебиеттік оқу

30-нұсқа


1. А.Байтұрсынов қандай жинақ шығарды?

А) «Шолпан» Ә) «Қырық мысал» Б) «Абай жолы» В)«Оян қазақ»

2.Ер азаматтарды қорғаннан ақылымен алып шығып,сақтап қалған қай елдің

адамдары?

А)Әйел-Ана Ә)Күлше-Қыз Б)Күншуақ ВАбай елі

3. Қараниетті ағаштың азғыруына еріп, ақылынан адасқандар -

А) Тобылғы мен қайың Ә) Қайың мен қарағаш

Б) Қарағаш пен тобылғы В)Қайың мен сексеуіл

4. - Кеудең толған бауыр болсын,

Арқаң қара нардай жауыр болсын.

Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін,

Жасың жетпіске жетпесін, - деген батаны берген қарт кім, кімге берді?

А) Малайсары Сырымға Ә)Сырым Малайсарыға

Б) Төле би Жетеске В)Малайсары Төлеге

5. Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол!

Өзіңе-өзің кәміл бол! Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол, - деген сөздер бата берген кім?

А)Қазыбек би Ә)Төле би Б)Малайсары В)Әйтеке би

6.Жас кезінде Қазыбек би қай бидің алдынан жұмбақтап сөйлеп сүрінбей өтті?

А)Келдібек би Ә)Төле би Б)Қазыбек би В)Әйтеке би

7.Еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғаған ержүрек батырлар туралы

ауызша шығарылған жыр үлгісі қалай аталады?

А) Ертегілер Ә)Аңыздар Б)Айтыс В) Батырлар жыры

8. Сауырына қарасаң, Құлағына қарасаң

Төңкерген қара қазандай. Қиып қойған оюдай.

Ту сыртына қарасаң, Екі көзге қарасаң,

Суда жүзген сазандай. Парлап жанған шырақтай, - деген

жолдар қай атты суреттейді?

А)Шұбар Ә) Қарақасқа

Б)Тайбурыл В) Құлагер

9. «Ең алдымен әлділердің балалары оқуға алынады» деп тізімнен шығып

қалған бала -

А)Ы.Алтынсарин Ә)М.Жұмабаев Б)С.Көбеев В)М.Әуезов

10. Кедейдің боранда далада қалған малдарын қасқырдан қорғаған -

А)Шопан Ә)Қойшы Б)Адамдар В)Жылқы

11. Бөрі құла аттың артына шығып, шоңқайып отырады да, молдаларға ұқсап

екі көзін шарт жұмып, өзінше әндетіп үли бастайды - деген жолдар қай

шығармадан алынған?

А)Қара қасқыр Ә)Бес ешкі Б)Қоңыр тоқты В)Құла ат

12. Қорқыт өлімнен пана іздеп жүргенде ажал жылан болып келіп шағатын

жері -

А)Бетпақдала Ә)Сырдария Б)Сарыарқа В)Қармақшы

13.Сараң байды мырза қылған кім?

А)Алдаркөсе Ә)Қожанасыр Б)Қорқыт В)Қарабатыр

14. Ей, қаздар-ау, қаздар-ау, Сіздерге айтар наз бар-ау.

Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана - деген өлең жолдары

қай шығармадан алынған?

А)Қарабатыр Ә) Қорқыт Б)Бес ешкі В)Сатқын жапалақ

15. - Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас - деп

бірлікке шақырған өлең қай шығармадан алынған?

А)Арыстан мен тышқан Ә)Ара мен шыбын

Ә)Шыбын мен көбелек В)Аққу, шортан һәм шаян

16. Еңбекқор және ажлқау жәндіктер туралы айтылған шығарма -

А)Арыстан мен тышқан Ә)Ара мен шыбын

Б)Аққу, шортан һәм шаян В)Шыбын мен көбелек

17.Күштінің әлсізді менсінбейтін іс-қылығын әшкерелейтін шығарма -

А)Арыстан мен тышқан Ә)Ара мен шыбын

Б)Аққу, шортан һәм шаян В)Шыбын мен көбелек

18.Тұңғыш өлеңдер жинағын «Оян, қазақ» деген атпен шығарған ақын кім?

А) А.Құнанбаев Ә)М.Дулатов Б) М.Жұмабаев В)А.Байтұрсынов

19.Жамандықтан арылу үшін нені таза ұстау керек?

А)Қорқақтықты Ә)Мінезді Б)Аштықты В)Тәнді

20. Хан жарлығын орындаудан бас тартып, екі інісін қорғаған ағасына

опасыздық жасаған құс -

А)Аққу Ә)Жапалақ Б)Үкі В)Байғыз

© 2010-2022