Көктем келді

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

21.02.2013жыл.

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы:

Көктем келді. Музаффар Әлімбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

М.Әлімбаевтің «Көктем келді» өлеңімен таныстыра

отырып оқушыны түсініп, мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе

білуге үйретумен қатар сөйлемді дұрыс құруға, ойын

тиянақтай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:

Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға, ойын нақты

дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйретіп, сөздік қорын,

шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Табиғат әсемдігін бағалай білуге, адамгершілікке,

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,суретпен жұмыс,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс: Математика, Дүниетану.

Көрнекілігі: Көктем мезгілінің суреті, таратпалар,оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Керек.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі,

Құрметпен сыйлау керек.

Жастарға білім керек,

Бәріне де білу керек.

Азамат болсаң алғыр

Атамыз «Қарағым!»-демек.

Сол үшін талмау керек,

Биікке самғау керек.

Бойыңда бар жақсыны,

Халқыңа арнау керек.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Ә.Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқу.

бағбан

1-қатар: Еңбек туралы мақал мәтел айту.

2-қатар. Көктемгі еңбек түрлерін атау.

3-қатар. Далаға көктем келді.сурет бойынша әңгіме құрау

әңгімешіл

Көктем келдіКөктем келді

ұста

кітап түптейді

АтайКөктем келді

Көктем келдіКөктем келді

Соғыс ардагері

еңбекқор

Көктем келді

1-қатар: Еңбек туралы мақал мәтел айту.

2-қатар. Көктемгі еңбек түрлерін атау.

3-қатар. Далаға көктем келді.сурет бойынша әңгіме құрау

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

-Жыл мезгілдері нешеге болінеді?

-Жыл мезгілдерін ата?

-Кімге қай мезгіл ұнайды?

(Балалар өздеріне ұнайтын жыл мезгілдері туралы,не ұнайтыны туралы әңімелейді.)

Күркіреді күн,күн…

Терезелер шың,шың.

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек-шелек көп-көп!

Күнбағыс тез өс-өс!

Мүбәрак Жаманбалинов

-Өлеңді жазған кім?

Өлеңге сай қимыл-қозғалыс таңдап алып, жатқа айт.Өлеңге ат қояйық.

ІІІ.Жаңа сабақ

-Балалар қазір «Кім шапшаң?» ойынын ойнаймыз.

Осы ойын арқылы тапсырманы орындайық.

Көктем келді

45+45

90-12

70-20

30+60

60-15

38+12

К

М

Олай болса бүгінгі сабағымыздың аты- Көктем келді.

Белгілі балалар ақыны Мұзаффар Әлімбаевтің өлеңін түсініп оқу.

М.Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы, Сарбақты ауданы, Маралды ауылында дүниеге келген. 15 жасында «Тырнақ алды» өлеңі Қызыл ту газетінде жарық көрді. Алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары»1956 жылы басылып 180 әнге өлең жазған. Шығармалары 20 тілде аударылған.

1958-1986 жылдары аралығында Балдырған журналының бас редакторы болған.

Көктем келді.

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан-жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ,білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім!»деп.

1.Кітаппен жұмыс.

2.Оқулықты 1-2 оқушыға мәнерлеп оқытамын. Оқу кезінде түсініп қатесіз оқуларын қадағалаймын. Сұрақтар қоямын.Балалар жауабын береді.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Өлеңнің бірінші шумағында ақын көктемді қалай суреттеген?

(көлдегі мұзды күннің көзі еріткенін, жердегі қардың еріп кеткенін суреттеген)

-Ақын нені көк ала кілемге теңейді?

(көк шалғынды,шөпті,өсіп тұрған гүлді)

ІҮ. Сергіту сәті

«Ойлы болсаң озып көр» ойыны

1-қатар: М.Әлімбаевтің өлеңдерін жатқа айту.

2-қатар:Көктемде болатын мерекелерді ата.

3-қатар: Екі өлеңді салыстыр. МЖаманбалинов пен М.Әлімбаевтің «Көктем келді» өлеңінің ұқсастығын салыстыру.

Ү.Қорытындылау.Бағалау.

«Көктем келді» (жаттау)

ҮІІ.Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс

«Көктем» сөзіне ребус құрап келу.



1-қатар: М.Әлімбаевтің өлеңдерін жатқа айту.

2-қатар:Көктемде болатын мерекелерді ата.


3-қатар: Екі өлеңді салыстыр. МЖаманбалинов пен М.Әлімбаевтің «Көктем келді» өлеңінің ұқсастығын салыстыр.

М.Жаманбалинов

Көктем келді

Ұқсастығы

М.Әлімбаев

Көктем келді






© 2010-2022