Қаратпа сөз сабақ жоспары 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Қазақ тілі пәні. 4-сынып

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Абишева Гульназ

4 «К» сыныбы.

Оқушының саны 25

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Бурабай кенті С,Сейфуллин атындағы орта мектебі

1 Апта

.09.2014

2 Сабақ. 13:45-11 № 25 дәрісхана

Сабақтың атауы

Қаратпа сөз

Сілтеме

Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 4- сынып оқулығы. 3- бет.

Жалпы мақсаты

Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау

Міндеттер:

Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы білімдерін нығайту

Күтілетін нәтиже

Өз беттерінше, топта, жұппен жұмыс істеуге баулу

Тапсырмалар

wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

1 сабақ. тақырыбы: Қаратпа сөз

Қаратпа сөз жайлы ойларын дамыту

Белгіленуге арналған түйінді сөздер Қаратпа сөз

Қаратпа сөз

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту

  • Ребус шешу
Қаратпа сөз сабақ жоспары 4-сынып Шешуі: Қаратпа сөз

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету


ІІ. Мағынаны тану

Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті... Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды.

- Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді.

- Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы.

Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

- Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? - деді.

Апасы:

- Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді...

Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.

- Қаратпа сөз дегеніміз не?

- Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады?

5-жаттығу.

Дарынды балалармен жұмыс:

Көп нүктенің орнына тиісті сурет аттарын өлең сөздеріне ұйқастырып жазып, қаратпа сөздерді табу.

1. Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

2. Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

3. Сауысқан-ау, сауысқан,

Сақтанасың дауыстан.

4. Тырау, тырау, тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.

Жұппен жұмыс: Шығармашылық диктант. Өзара тексеру

1. Өмір жасың ұзақ болсын, ...! 2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік.

3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар. 4. Рақмет, .

Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.

Топпен қаратпа сөздің ережесін шығару

қаратпа сөздің ережесі.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.

3-жаттығу Өлеңді түсініп оқы. Қаратпа сөздерді тап. Тыныс белгілеріне назар аудар.

(рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

1 мин

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

Бағалау: /2мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

1

2

3

4


-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Сабақты аяқтау түрлері

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма жазып ал

4-жаттығу

/1 мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Уақытты үнемді пайдалануға тырысу

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

Кері байланыс парағы. Стикерлер жапсырады.

Сабақ ұнады

сабақ ұнамады


© 2010-2022