Зат есім Қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2-сыныпта өткен білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, қима қағаздар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 6-жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу. Барлығымыз тапсырманы орындап келдік пе? Борсық деген қандай жануар? Борсық сөзіне қандай сұрақ қойылады? Борсық қай сөз табына жатады?

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Сөз дегеніміз не?Сөз таптарына нелер жатады? Олар қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір. 1-жаттығуда нелердің суреттері бейнеленген? (Құстар) 1-суретте қандай құстың суреті? (қарлығаш) Екіншісінде ше? Үшіншісінде ше? (сауысқан мен қарға) Кім? сұрағына қандай сөздер жауап береді? Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу суретке қарап, зат есімдерді табу; қарбыз, нан, дастархан, сурет, шәй, жемістер, пышақ, тақтай (не? нелер?) Қыз, ұл (кім?) Неліктен қыз бен ұлға кім деген сұрақ қоямыз? 3-жаттығу мәтінді көшіріп жазу, зат есімдерді тауып астын сызу. 4-жаттығу Балалар, малдың төлдері дегеніміз не? Аңдарға не жатады? Құстарға не жатады? Оларға қандай сұрақ қоямыз? 5-жаттығу: Түйе, жылқы .... - бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (үй жануарлары) Кесе, қасық .... - бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (ыдыс-аяқ) Қияр, сәбіз ... - көкөністер Бұл сөздердің әр қайсысына сұрақ қойып көрейік. - Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Бұларды қандай сөздер айтамыз? ҮІ. Бекіту: 1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Үй салайық сәнді кең. Топырақ үй алдымен. Құмды еле де, Тас тасы, Дайын тұрсын қақпасы. Өлең жолдарында берілген зат есімдерді тап, сұрақ қой. ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Кім? деген сұрақты қандай сөздерге қоямыз? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, мәтінді өшіріп жазу, зат есімдерді табу, белгілеу. ІХ. Оқушыларды бағалау



© 2010-2022