Әліппе 1 сынып «К дыбысы және әріпі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе 1 сынып «К дыбысы және әріпі»


Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - лицейі


Дүйсембекова Гүлайым


2012 жыл, Қарауыл


Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі Мақсаты: 1. Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету. 2. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ой - өрістерін кеңейту.

  1. Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге шақыру. Білімділікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы жаңа технологияны меңгерту Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың ұраны: «Оқу - білімде, Білім - кітапта» ІІ. Өткен сабаққа шолу - Өткен сабақта қандай дыбыспен, әріппен таныс болдық? - Е е дыбысымен, әрпімен. - Бағандағы сөздерді тез, әрі сауатты оқиық (Емен, еден, ел,ер, жер,жел, бел, бес, немере, немене, шешен, шебер, Ержан, Ерлан) - «Емен» мәтінін тізбектеп оқимыз. - Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік. ІІІ. Жаңа сабақ
  1. Ой қозғау (Жұмбақтың жауабын шешу)
Сөзі - дана, үні жоқ, Сөйлемейді, тілі жоқ. Қолыңа алсаң - шешен, Ақылы асқан көсем. (Кітап) (Кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап оқуға, кітапханамен байланысуға шақыру) 2.«Таныс бол!» ► К дыбысымен таныстыру. К - дауыссыз дыбыс. Сөздің барлық буынында кездеседі. (Күн, көбелек, түлкі, үйрек, күшік, ) ► К әрпінің баспа, жазба түрлерін таныту. 3. «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (буындарға сөз құрап, сөйлем айту) К к к 4. «Сауатты оқып дағдылан!» (кітаппен жұмыс) ► Бағандағы жаңа сөздерді оқып таныстыру, мағыналарын түсіндіру. ► Сөздерді оқушыларға оқыту 5.«Дыбыстарды анықта!» (дыбыстық талдау жасау) ► Кебеже, кесе, шелек, т.б. 6. Мәтінмен жұмыс ► «Кеме» мәтінін оқып түсіндіру ► Оқушыларға тізбектей оқыту ► Мазмұнын сұрау 7.«Әдемі, аппақ баламыз, Сауатты, көркем жазамыз» (Дәптермен жұмыс. Үлкен, кіші к әріптерінің жазба түрлерін жазып үйрету) 8.Сергіту сәті
  1. Дәптермен жұмыс
  • К дыбысының жазылуын тақтаға жазып, көрсету.
  • Ауада жазу
  • Өз беттерінше дәптермен жұмыс жүргізу (мұғалімнің қадағалауымен)
9.Бекіту сұрақтары «Кім тапқыр?» 1.Алып су көлігі 2.Шай ішетін ыдыс 3.Күн батардағы мезгіл 4. К дыбысынан басталатын жыл мезгілін атандар (айтып, тақтаға сауатты жазады) 10.»«Жоғалған әріп - қай әріп?» ойыны ► …ебеже, ме..теп, мере..ке IV. Қорытындылау. «Ақ көгершін» әні. (Ақ көгершіндерге әр оқушылар атын жазып, тілек айтып, көгершінді ұшыру) V. Бағала. VI. Үйге тапсырма.





© 2010-2022