Мейірімділік - асыл қасиет сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мейірімділік - асыл қасиет


Тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайрымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
Көрнекі - құралдар: интер. тақта, суреттер, көрініс

1. Шаттық шеңбері

Армысың досым,

Кел,маған қосыл

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып.

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.


2. «Просто так» мультфильмін көрсету.Мультфильмнен алған әсерлерімен ой бөлісу.

Кіріспе (әңгіме)
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
- Жақсы көретін жан - жануарларың бар ма?
- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

3. Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.

Мейірімді бала
Қытай жерінде біреудің затын ұрлаған кісінің қолын кесетін ескі заң бар. Бірде бір төре ұрлық жасап, кінәлі болады. Патша әлгі төренің қолын кесу туралы бұйрық береді. Сонда патшаға, төренің жас қызы әкесі үшін жауап бермекші,- деген хабар келеді. Қызды патшаға алып келеді.
- Тақсыр патшам, - дейді қыз

/ Мәтінді аяқтау тапсырылады./

өзінің қолын көрсетіп. Бұл қол да - менің жазықты болған әкемнің қолы. Бірақ бұл қолмен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, осы нашар қолды кесіп, жұмысқа жарамды, бала-шағасын асырайтын қолын әкеме қалдыруға бұйрық беріңіз.
Патша қыздың әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешіпті.

4. Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды).

5. Суретпен жұмыс Топтарға суреттер беріледі.

1) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
3) - Айналамыздағы қоршаған орта мен құстарға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар


-Балалар сендерге жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

(оқушылар жауабы)

- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

кішіпейіл мейірімді бауырмал

сыпайы кешірімді

Ана

әдепті жақсы жанашыр

Дәйексөз:

Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)

Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.

Үйге тапсырма:

-«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істердің,екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар.

-Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай жылы сөздер айтады, мысалы « Гүлназ сен ғажайыпсың, Анель ол сен ақкөңілсің т.б».

Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.



№1 Егіндікөл орта мектебі











Сынып сағаты

Тақырыбы: Мейірімділік -асыл қасиет

Өткізген : Баязова Г.Ж.

Сыныбы: 2-сынып

Мейірімділік - асыл қасиет сынып сағаты





2015-2016 оқу жылы





© 2010-2022