Қорытынды кеш Озық ойлы оқушы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қорытынды кеш Тақырыбы: Озық ойлы оқушы. Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті көрермендер. Бұл күндері біздің мектебімізде «Бастауыш сыныптар апталығы» өтіп жатқанын білесіздер. Осы апталық аясында өткелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты қорытынды кешке қош келдіңіздер! Бұл ойынға үш топтың команда жетекшілерін шақырамыз. Ойыншыларымызды ортаға шақырайық. 1-ші нөмірлі ойыншымыз «Озаттар» тобының спикері Әмірбаева Айкүн. 2-ші нөмірлі ойыншымыз «Бал-балалық» тобының спикері Төреханова Балғын. 3-ші нөмірлі ойыншымыз « Ойшылдар» тобының спикері Әділханова Дидир. (Ойыншылар өздерін таныстырады. Жүргізушінің қойған сұрақтарына жауап береді ) Ж: Әділқазы, ақ қазыға бер сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем! Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап әділдікпен шеше біл-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, ойынымызды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алсақ. (Әділқазылар алқасы сайланады) Ж: Олай болса, ойынымызды бастайық. Ойынның шартымен таныстырайын. Ойын 5 турдан тұрады. 1. Кім тапқыр? 2. Мақал-мәтел сайысы. 3. Математикалық жұмбақтар. 4. Кім білгір? 5. Шешендік. I тур «Кім тапқыр?» (Мұнда сайыскерлерімізге жалпылама сұрақтар қойылады. Қай оқушы қолындағы жалаушасын бұрын көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді. Егер жауабы нақты емес, яғни, қате болса келесі ойыншының жауап беруіне болады.) Енді, сұрақтарға көшейік. 1. Жері кең, елі бай. Бұл қай ел? (Қазақстан) 2. КР-сы мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16-желтоқсан) 3. Қазақстан қай жылы БҰҰ-на мүше болды? (1992 жылы) 4. Қазақстанның бас қаласы. (Астана) 5. Біздің елбасшымыз кім? (Н.Ә.Назарбаев) 6.Абылай ханның азан шақырып қойған аты. (Әбілмансұр) 7. Қаракерей Кабанбайға Абылай ханның қойған аты. (Дарабоз) 8. Абайдың шын аты. (Ибраһим) 9. Шоқанның шын аты. (Мұхамедқанапия) 10. Семей атом полигоны қашан жабылды? (1991 жылы) 11. Невада-Семей қоғамдық бірлестігінің ұйым жетекшісі кім болды? (Олжас Сүлейменов) 12. 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшқан тұңғыш ғарышкер? (Ю.А. Гагарин) 13. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер кімдер? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов) 14. Абай туралы толық мағлұмат беріп, роман, эпопея жазған жазушы кім?(М.О. Әуезов) 15. Ол тірі болса, ақын блар ма еді... кім туралы айтылған? Қандай оқиғаға байланысты? (Қ.Рысқұлбеков. Желтоқсан оқиғасына.) 16. Жігіт адамның неше жұрты болады? (Үш: Өз,нағашы, қайын) 17. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата. (Ту. Елтаңба, Әнұран) 18. Әнұранның сөзін және әнін жазған авторларды ата. (с:Н.Назарбаев, Ж. Нәжімеденов. ә: Ш.Қалдаяқов) 19. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков) 20. Елтаңбаның авторы кім? (Шотаман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков) Музыкалық үзіліс: Ән «Бал-балалық» II тур «Мақал-мәтел» сайысы Ж: Бұл турда сайыскерлеріміз үш минуттың ішінде өздері білетін мақал-мәтел айтып жарысады. (Қай ойыншының көп мақал білетінін санау. Бір мақал бір ұпай болып саналады) Музыкалық үзіліс: Би «Қазақ биі» III тур «Математикалық жұмбақтар» Бүкірлеумін, имекпін, Мойнындай үйректің. Сабағыңды білмесең, Мені аласың күнде сен. (2 саны)
Балғасы жоқ орақпын, Бедел-бағым зор-ақ тым.(5 саны)
Бір шеңберді бір шеңбер, Көтеріп тұр білсеңдер. (8 саны)
Көк найза ақ найзадан ұзын, ал қара найза көк найзадан ұзын емес. Қай найза ұзын емес? (қара найза)
Ақ дәптер көк дәптерден қалың, ал сары дәптер ақ дәптерден қалың емес. Ең қалың дәптер қайсысы? (сары)
Қарағай теректен биік, ал шырша қарағайдан биік. Ең биігі қайсысы? (шырша)
Аян Үсеннен аласа, ал Серік Аяннан аласа. Ең биігі кім? (Үсен)
Алпыс төрт бөлмеде Отыз екі тұрғын бар: Ақ, қара ғып бөлгенде Бірін-бірі қуғандар Ханы үшін де, жаны үшін Бермейді олар намысын, (шахмат)
Бір көлден он екіден қаз ойнайды, Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды. Келгенде жақындасып, қожаңдасып, Бірін бірі алмасына еш қоймайды. (дойбы)
Бір ағаштың он екі бұтағы бар, Әр бұтағында отыздан жапырағы бар, Жапырақтың бір жағы ақ, Бір жағы қара. (Жыл, он екі ай, күн мен түн)
1. (1) кісі қазған құдықтан (1000) кісі су ішеді. 2. (2) жақсы қас болмас, (2) жаман дос болмас. 3. (7) жұрттың тілін біл, (7) түрлі білім біл. 4. (5) бармақ жиналса жұдырық болады. 5. Досыңды (3) күн сынама, (3) жыл сына. 6. (30) тістен шыққан сөз , (30) рулы елге тарайды. Музыкалық үзіліс: Ән «Ақ көгершін» IY тур «Кім білгір?» (Бұнда ойыншылар конверт таңдайды. Конверттерде әр түрлі пәндерге байланысты сұрақтар болады.) Ендеше ойынымызды әрі қарай жалғастырайық. Қазақ тілі пәні бойынша Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? Математика пәні бойынша Қосарлап жегілген ат арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді? Ана тілі пәні бойынша Әбу Сәрсенбаевтың «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деген әнгімесі кім жайында айтылған? Дүниетану пәні бойынша Жер шарында неше материк, неше мұхит бар? Аттарын ата. Музыкалық үзіліс: Би «Өзбек биі» Y тур «Шешендік»

Ж: Соңғы турымыз шешендік деп аталады. (Бұнда ойыншыларымызтөздеріне тән мамандық таңдау арқылы өз ойларын ортаға салып, ашық айтулары тиіс) Дәрігерлік, мұғалімдік, Заңгерлік, жазушылық, әкім Музыкалық үзіліс: Ән: «Қазақ елі» (Әділ қазылар ойыншыларымыздың ұпай сандарын шығарғанша оқушылардың өнерін тамашалаңыздар) Бүгінгі ойынға қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау.
© 2010-2022