Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Анна апайдың бақшасы (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Анна апайдың бақшасы.

Сабақтың мақсаты:

1. Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын түсінуге, негізгі идеясын, ойын ашуға жағдай жасау.

2.Оқушылардың ойын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Ұрлық жасамауға, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау

Қолданылған стратегиялар: Ассоциация, ойтолғаныс, топтастыру, бағалау стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: сөздер жазылған плакаттар, карточка, оқулық,

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой-қозғау, түсіндіру,қос жазба күнделігін толтыру,ситуациялық жағдай.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту.
Мына сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

«Өлімнен ұят күшті».

«Жақсы жүрген жеріне кент салады. Жаман жүрген жеріне өрт салады».

«Сенің әрбір қылығың басқаларға әсер етеді, қасыңда адамдар барын ұмытпа».

ІІ. Саты. Мағынаны ажырату:

(ДЖИГСО стратагиясы)

Әр топқа мәтінің бөліктерін бөліп оқыту.

Әр топ мүшелері кезектесіп басқа топтарға түсіндіру керек .

Оқушыларға эксперттік парағын тарату.

1. Негізгі топтағы оқушылар нөмірлерге бөлінеді.

2. Нөмірлер жеке жиналады. 1-1: 2-2: 3-3: - осы топтар эксперт топтар боп аталады.

Міндеттері: Эксперт тобы:

  1. Мәтінді оқу, үй тобына түсіндіру керек.

10 минуттан кейін қайтадан үй тобына келеді. Сосын топқа түсіндіреді, талқылайды.

Спикер сайлау, ол сосын топтың атынан айтып түсіндіреді

І -топ эксперт парғын толтыру.

-Егер Анна апай ұрлығын сезіп қойса Жеңісті емдер ме еді?

- Жеңіс ұрлық туралы айтты ма?

ІІ- топ эксперт парғын толтыру.

-Мәтін тақырыбы неде?

-Осы мәтінге сай қандай мақал білесің?

- Неге мәтін «Анна апайдың бақшасы деп аталады?»

Сергіту сәті:

Орманда жоғары

Ағашқа қонады,

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады.

Топпен қорытындылау стратегиясы

Балалардың іс-әрекеттері жайлы оқушылардың ойларын тыңдау.

  • Жеміс-жидекті жуып жеу және оны өзінен кішілерге түсіндіру керек екендігін қалай түсіндірірер едің (ситуациялық жағдай)

ІІІ.Ойтолғаныс.

1. Қос жазба күнделігін толтыру

Маған ұнаған жері

Мәтіннен алған әсерім

2.Қасиеттерді талдау .

Сабақты қорыту:

Топтастыру стратегиясы.

І-топ

Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Анна апайдың бақшасы (3 сынып)

ІІ- топ:

«Еңбек» сөзіне бес жолды өлең құрату

III. Үйге тапсырма беру.

  1. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнына дайындалу.

  2. Кестені толтыру

Менің бойымдағы жақсы қасиеттер

Менің бойымдағы жаман қасиеттер


© 2010-2022