Ашық сабақ әдебиеттік оқу тақырыбы: Күләш Ахметова Астана 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Астана» Күләш Ахметова

Мектеп: Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектеп

Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні: 27.11.15

Мұғалімнің аты жөні: Киякпаева Шынар Казыркановна

Сынып: 2 «Б»

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Күләш Ахметова шығармашылығымен танысып, Астана туралы білімдерін кеңейту. Астана мен Алматы қалаларын салыстыра отырып ерекшеліктерін түсіну. Туған жерін құрметтей білуге үйрену

Оқыту мақсаттары

Барлық оқушылар:

Туған жерін құрметтей білуге үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі

Астана мен Алматы қалаларын салыстырып, ерекшеліктерін түсінеді.

Кейбір оқушылар

Күләш Ахметова шығармашылығымен танысып, Астана туралы білімдері кеңейеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Астана туралы білімдерін пайдалана отырып, өз ойларын жинақы айтуға үйренеді. Жүйелі жауап беруге дағдыланады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: саф ауасы, түп қазыққа шоғырлан, көздерінің ағы менен қарасы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Топта балалар Астана мен Алматы қалаларыныңиерекешілтері туралы талқылаулар жүргізеді, бір-бірінің білімін толықтырады. Өз өмірлерімен байланысты оқиғаны баяндайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Талқылау нәтижесінен туындаған негізгі ойларды жазбаша жазып, ойларын жүйелеуге жаттығады.

Алдыңғы оқу

Еліміздің астаналары туралы ақпарат жинақтау.

Жоспар.

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті


Оқушының іс әрекеті

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Шаттық шеңбері.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Халқымызға

Қонақтарға

Өзімізге

Шеңберге тұрады.

Бір-біріне күлімдейді.

Қолдарын жаяды.

Жан-жаққа шашу шады.

Хормен қыздар айтады.

Хормен ұлдар айтады.

Тыныштық тілейміз!

Денсаулық тілейміз!

Сәттілік тілейміз!

Проектр, слайд, бейнебаян, қимақағаздар.

Ортасы

10 минут


15 минут

10 минут


«Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Сарыарқа, Есіл, Бәйтерек топтары.

1.Топ басшыларын анықтау.

2.Топ ережесін еске түсіру.

3.Бағалау парағы бойынша түсініктеме беру.

«Тыңдап отырған үштік» стратегиясы арқылы үй тапсырмасы «Туған өлкем» өлеңін тексеру.

«Бас бармақ» әдісімен бағалау.

Неліктен топтарымыз осылай аталды?

Сондықтан біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсындар?

Бүгін біз Күләш Ахметованың «Астана» өлеңімен таныс боламыз.

Слайдқа назар аудару. Ақынның шығармашылығы туралы мәлімет беру.

«Мені тыңда» өлеңді мәнерлеп оқу.

«Жарнама» әдісімен оқу.

«Стикер жабыстыру» әдісімен бағалау.

Сөздік жұмыс

Постер қорғау.

Сергіту сәті.

«Конверттегі тапсырма»

Бәйтеректің басына сен шықтың ба? Өлең құрастыру

Венн диаграммасын толтыру.

Т кестесін толтыру.

Кластер құру

«Жарық жұлдыз»


Поштаға хат жазу.

Екі жұлдыз бір тілек.


Оқушылар еркін жүріп, молекула үш дегенде үштен топтасады, алты дегенде алтыдан топтасып топ құрап отырады.

«Аквариум» әдісі бойынша анықтау.

1. Тәртіп -болса, білім болады.

2. Бірлескен жұмыс-белсенді жұмыс.

3. Әр пікір құнды.

4. Досыңды тыңда-білім көзі осында.

Бағалау парағы бойынша топ басшылары жауап берген балаға + таңбасын қойып отырады.

1-6 ға дейін саналып 1,3,6 санындағы балалар үй тапсырмасын жатқа айтады. Қалған үш оқушы тыңдап бағалайды.

Астана туралы.Себебі Есіл өзені Астана қаласын екіге бөліп ағып жатыр және Сарыарқа жерінде орналасқан.

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғыстан Республикасы Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ақын, жазушы. «Ақ гүлім менің» «Жапырақ жаздың жүрегі» деген жыр-жинақтары шыққан. Өлеңдері-туған жер, достық, адалдық тақырыптарында жазылған.

Слайдта берілген өлеңді мәнерлеп оқу. Әуен қосылып тұрады.

Әр топ өзін жарнамалайды. Өз үстеліне шақырады. Бір оқушы оқиды соны, тыңдап баға береді.

Сөздік жұмыс.

Саф - таза ауа.
Өзек - адамның мүшесі.
Ұлылық - үлкендік.
Түп қазық - берік орныққан

Өлең бойынша кім не түсінді соны жазады, қорғайды.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Астананың әсемдігін көрдің ба?

Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.

Сол қаланы құрметтеуді ұқтың ба?

Екі қаланың ұқсастығы мен айырмашылығын айтып өтеді

Астананың жақсы жаман жақтарын көрсетеді.

Астанада не үшін тұрамын?

Астанада не үшін тұрмаймын?

Астанадамын.

Сабақ бойынша түсінгендерін стикерге жазып, әрбір сызыққа жабыстырады.Сонымен біз сендермен жарық жұлдыз бола алдық па? Ондай болса Астанамыз да осы жарық жұлдыздай жарқырай берсін. Болашағымыз жарқын болсын-деп сабағымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет! Рефлексия сабаққа баға беру


Маркер А3 парақтар, стикерлер, проектр

Венн диаграммасы «т кестесі»

сызылған кесте,

Пошта жәшігі

Аяқталуы

5 минут

Үйге тапсырма

Бағалау

«Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

«Ару қала-Астана» тақырыбында шығарма жазу.

Ауызша немесе бағалау парағы бойынша

бағалау парағы, смайликтер

Қосымша ақпарат

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сыныптағы А деңгейіндегі оқушылар тапсырманы бірінші болып орындап қойған жағдайда сараптама жасауға, қорытынды ой айтуға тартамын.

Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Тақырып бойынша топтарға арнап сұрақтар дайындатамын.

Бағалау - Оқушыларадың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Формативті бағалау

Бас бармақ, смайликтер арқылы бағалау және бағалау парақтары арқылы бағалау түрлері жүргізілді. Сабақтың барысында топтың жұмысын бағалауда қойған бағасына түсініктеме бергенде оқушылар дәлелді сөйледі, Қорытынды бағаны оқушылар әділ қоюға тырысты. Суммативті бағалау


Пән аралық байланыс

Дүниетану пәнімен музыка пәнімен байланысты.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

Қауіпсіздік ережелері ескертілді әсіресе қой малын күту кезінде, оның азығын жинағанда еңбек және қауіпсіздік ережелері өмірмен ауыл тұрмысымен байланыстырып айтылды.

АКТ мен байланыс

АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережелері айтылды, денсаулыққа зияны ескертілді.

Құндылықтармен байланыс






© 2010-2022