Ана тілі Қыс 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі Қыс 1 сынып

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бірлестік:

бастауыш сынып мұғалімдері


Мұғалім: Жакишева С.В.

Пәні: ана тілі

Тақырыбы: Қыс.

«Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп» тарауы бойынша 6 сағаттың №2 сабағы.

Өткізілетін күні: 12 қаңтар.

Сыныбы: 1 «Ә»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:

  • Сөйлеммен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру.

  • Жыл мезгілдерін ажырата біледі;

  • Қыс өлеңі туралы түсініктерін қалыптасты түсінеді;





Дамытушылық:


  • өзбетінше, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады;

  • Венн диаграммасы әдісін, суреттерді пайдалана отырып оқушылардың ойын қозғау арқылы сабаққа

деген ынтасы, қызығушылықтарын арттырады;

  • Өлеңдегі сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады ;

  • сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылығын, белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын

дамытады.





Тәрбиелік:


  • тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа,

байқампаздыққа, көркем жазуға;

  • табиғатты қорғауға, қамқор болуға;

  • бір-бірімен қарым-қатынас жасауға;

  • бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.

Пәнаралық байланыс:

әдебиеттік оқу, қазақ тілі

дүниетану.

Сабақтың түрі:

7 модульге негізделген жаңа сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1.

өздігінен жұмыс;

3.

топпен жұмыс;

5.

«Ыстық орындық»;

2.

жұппен жұмыс;

4.

сыныппен жұмыс;

6.

«Венн диаграммасы».





Сілтеме:

  • «Ана тілі» оқулығы , Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, Алматы «Атамұра» баспасы, 2012 жыл

  • Әдістемелік құрал, Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, «Алматыкітап» баспасы, 2012 жыл

  • Дидактикалық материалдар, Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, ???М.Қ.Солтанғазина, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Электронды оқулық.





Көрнекіліктері:

  • интерактивті тақта;

  • әріптер;

  • А-4 қағаздары;

  • электронды оқулық;

  • суреттер;

  • маркерлер;

  • бейнетаспа;

  • түрлі түсті борлар;

  • постерлер;

  • Жыл мезгілінің суреті;

  • стикерлер;

  • ватман.













Күтілетін нәтиже:

1.

Сауат ашу пәнінен алған білімдерін еске түсіреді;

2.

әңгімелеу туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастырады;

3.

Сөйлеу не үшін қажет екенін үйренеді;

4.

дыбыстарды өзара ажырата біледі;

5.

дауысты жуан және жіңішке дыбыстарды өзара ажырата біледі;

6.

сөздік қорларын байытады;

7.

дыбыстық талдау жасауға;

8.

жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді;

9.

туған жерге, өз тіліне сүйіспеншілігі дамиды ;

10.

еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;

11.

сабаққа қызығушылықтарын әрі қарай дамытады;

12.

өз ойларын ортаға сала білуге ;

13.

бір-бірінің пікірін тындауға, ортақ шешімге келуге үйренеді;

14.

өзіндік, жұптық, топтық жұмыс түрлерінде іс-әрекеттері, белсенділіктері арттырады;

15.

сыни ойлауға үйренеді.









Бағалау:






Топ басшысын топ мүшелері бағалайды.

Оқушылар бір- бірін бағалайды.

2 жұлдыз - бір тілек

Екі жұлдыз= екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); жазады.

Тілек - жақсартуды қажет ететін нәрсе жазып стикерлерін жұлдыздың астына іледі.


Топтағы оқушыларды топ басшы бағалайды.

Сабақ бойынша өз пікірлерін жазады.

Екі ұнаған кезең, бір ұсыныс жазады.







Үй жұмысына нұсқаулық:


6-бет. Қыс өлеңін жаттау. Жаңылтпашты жаттап келу.

2- жаттығу. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру.



Дағ

ды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін

нәтиже.


1.Қызығушылығын ояту. Балалармен амандасу. Балалардан көңіл-күйлерін сұрау. Сергілту сәті Балаларды дөңгеленте тұрғызу.

-Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? -Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады? -Жақсы.Олай болса, үй тапсырмасына бәріміз әзірміз бе?

Балалар дөңгелене тұрды.

Амандасты. Жауаптары тыңдалады. Музыка ырғағымен жаттығулар жасайды.

Кезекші сабақта кім жоқ екенін айтты.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Үйге: С. Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді- анам тілін» өлеңін жаттқа айту.

Жаттаған өлең шумақтарын айтады.

Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру арқылы сабаққа назар аударады. Белсенділік қабілетін артады.

Б

І

Л

І

М

Оқушыларды топтарға бөліп,тақтадағы сурет бойынша ойларын ортаға салуға, пікірлерін айтуға бағыттайды.

І-топ - «Білімді»

ІІ-топ - «Талапты»

ІІІ-топ - «Ойшыл»

ІV-топ - «Тапқыр»

V-топ - «Дарынды»

VI-топ - «Жүйрік»

Өлеңді оқып береді,түсініксіз сөздерді

Оқушылармен біріге отырып белгілейді.

Үсті -басы ақ қырау, түсі суық

Көркем жазу

Желтоқсан,

қаңтар

ақпан

Оқушылар өлеңді тыңдайды, Түсініксіз сөздерді жазады.

Мұғаліммен біріге отырып сөздердің анықтамасын жазады.

Қыста жер бетін ақ қар жабады. Күн аяз, боранды, желді болады.

Қыс айларын дәптерлеріне әдемілеп қатесіз жазады.

Негізгі біліммен танысады.,

Жаңа сөздердің мағынасын ашады. Ойларын айтыпғ мағлымат жинайды.

Әдемі жазуға үйренеді.




Т

Ү

С

І

Н

У

Жетекші сұрақтар арқылы оқушыларды әңгімеге тарту.

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыста ауа- райы қандай болады?

Қыс сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?

  • Дыбыстарды немен таңбалап жазамыз?

  • Сөз неден құралады?

  • Дыбыс деген не?

  • Әріп деген не?

  • Дыбыстың қандай пайдасы бар?

  • Әріптің қандай пайдасы бар?

  • Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

  • Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, ойлары мен білетіндерін айтады.

үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Суық, боранды, аяз күндер көп болады.

Үш әріп, үш дыбыс бар.

  • Әріппен таңбалап жазамыз.

  • Сөз әріптен құралады.

  • Дыбысты біз естиміз, айтамыз.

  • Әріпті біз жазамыз, көреміз,

  • Әндерді, музыканы, құстар, жануарлар, табиғыттың дыбыстарын естиміз, ауызекі сөйлейміз.

  • Кітаптарды, журналдарды оқимыз, хат,

смс жазамыз, интернет пайдаланамыз.

  • Дыбыстар 2 топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

  • Дауысты дыбыстар әндетіп, созылып айтылады. Дауыссыз дыбыстар кедергімен және шудан тұрады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,түсінеді.

Жаңа білімдермен танысады.

Қ

О

Л

Д

А

Н

У

1-жаттығу. 1. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.

2. Мәтінде неше сөйлем бар?

3. Үшінші сөйлемде қанша сөз бар?

Сергіту сәті

Балалар жүр далада,

Айнала аппақ қар.

Домалатып қарды,

Жасадық біз аққала.

Көру диктанты

А) Досан, торғай, Айша, қамшы, қымыз, Қанат, уық.

Ә)Бауырмал, ынтымақ, шапағат, қанағат.

Қыс келді. Күн суытты. Қар көп жауды. Өзенге қалың мұз қатты.

Мәтінде төрт сөйлем бар. Үшінші сөйлемде үш сөз бар.

Қолдарымен қимыл жасап, көрсетіп сергіту сәтін жасайды.

Оқушылар тақтаға жазылған сөздерді қатесіз көшіреді.

А) кісі аттарын тауып, астын сызыңдар.

Ә) осы сөздерді буынға бөліп орындау.

Оқушылар білетін білімін пайдалана отырып тапсырмаларға жауап береді. Білімін өмірде қолдануға үйренеді.

Бойларын сергітіп, сабаққа деген көңіл күйлері артады.

Тақтадан қатесіз жазады, кісі аттарын бас әріппен жазылатынын біледі.

Сөздерді буынға бөліп үйренеді.

Т

А

Л

Д

А

У


Қыс өлеңі Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау түсі суық, Басқан ізі сықырлап келіп қалды. Өлең не туралы айтылған? Қай мезгіл суреттелген? Қыста ауа-райы қандай болады?





Жаңылтпаш Қар аппақ, Дала аппақ- Бәрі аппақ.... Қарап бақ.

Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды талдап жазу.

Шана

Коньки

Шаңғы

хоккей


Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып талдайды. Қыс мезгілі туралы ойларын айтады.

Өлеңде қыс мезгілі туралы айтылған.

Қыс мезгілі суреттелген.


Қыста күн суық болады. Қыс мезгілі адамға , табиғатқа пайдалы. Қыста адамдар шынығады, суыққа төзімді болады. Көктемде қар еріп су болады. Ол егін егуге пайдалы.


Екі-үш мәрте оқытып, тілдерін жаттықтырту, жаттау.

Оқушылар (топтар) ойындардың пайдасы туралы ойларын жазып,

топ атынан біреуі қорғайды.

Шана- балалардың қыста қардан сырғанап ойнайтын заты.

Коньки- аяққа киіп мұзда сырғанайтын аяқ киім.

Шаңғы- таудан сырғанайтын екі таяғы бар зат.

Хоккей- коньки мұз айдынында ойнайтын спорт түрі.

Қысқы ойындардың адамзатқа пайдалы жақтарын топтарда бірлесе талдай отырып ойларын қорғай білу қабілеті қалыптасады.


Жаңылтпаш айту арқылы тілі дамиды.

Ыстық орындықта отырып өзін жауапкершілікті сезінеді.

Ж

И

Н

А

Қ

Т

А

У

Тақтаға ілінген плакат.

Не?

Қандай?

Қайтеді?

Не?

Ой толғау

Қармен қандай тағы қысқы ойындар ойнауға болады?

Оқушылар түгел қатыса отырып бес жолды өлең құрайды.

Не? ойын

Қандай? қызықты

Қайтеді? Сырғанайды,шана тебеді.

Не ? қимыл

Ойын қызықты .Сырғанайды, шана тебеді. Ол қысқы ойын түріне жатады.

Оқушылар өздерінің қиялдарын жазып,қорғайды.

Өздері білетін заттың жаңа қырларын іздейді және қиялдай отырып, жаңа нәрсе жасауға үйренеді.

Б

А

Ғ

А

Л

А

У

«Қыс»өлеңіне қандай баға бересіңдер?

Өлең ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

Қыс мезгілін сипаттама беріңдер.Ұнайтын және ұнамайтын жақтарын жазыңдар.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қыстың жақсы және жаман немесе өзіне ұнамайтын жақтарын жазады.

Өзері оқыған материалдағы айтылмаған ойларды іздеуге,шығармашылық жұмысқа ұмтылады. Ізденімпаздыққа баулу.



© 2010-2022