Урок по литературному чтенияю на тему «Бидай мен Қаңбақ. » А. Тоқмағанбетов

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні: 22.09.2015

Сынып: 2 «Б»

Пән: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: « Бидай мен Қаңбақ.» А. Тоқмағанбетов

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру арқылы мысалдың мазмұнын меңгерту. «Бидай мен қаңбақ » мысалының мәнін терең түсінуге ,өлең кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге, өзіндік ой қортындысын жасай білуге, ойын жүйелі жеткізуге үйрету.

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отырып сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту

Тәрбиелік: Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру.

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, рөлге бөліп оқу, шығармашылық тапсырма.

Венн диаграммасы.

Көрнекіліктер: оқулық, мектеп суреттері, портреттер, суреттер.

Сабақ барысы


Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық
Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар өмірде,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.

Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Ұнатамын күзді мен» тақырыбы

1.Күз мезгілі несімен көрікті?

2.Күзде қандай табиғат құбылысы болады?

3.Күз мезгілі неше ай болады?

Жаңа сабақ.

Жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты ашу.

Ұзын мұртты сарылыр

Қойынында дәні бар. (бидай)

Дөңгеленіп өседі,

Желмен бірге көшеді. (қаңбақ)

- Балалар , өздерің шешкен жұмбақтың жауаптарына сай біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бидай мен қаңбақ» мысалы. Мысалдың авторы Асқар Тоқмағанбетов (1905-1983). Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінде сатиралық поэзияның негізін қалаушы және дамытушылардың бірі болды.

Мағынаны ашу

Мысал - адам бойындағы әр түрлі мінез - құлықтарды жануарлар, өсімдіктер, құстар арқылы бейнелеп көрсету.

Бидай - дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан ұн тартады. Ұннан әр түрлі тағамдар дайындайды, сабанын мал жейді.

Қаңбақ - жабайы өсімдік. Оның тамыры топыраққа әлсіз бекиді. Оны мал жемейді, отқа да жақпайды. Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді.

Бидай мен Қаңбақ атты мысал өлеңінде ақын ұшарын жел , қонарын сай білетін қаңғыған қаңбақ пен айналасы әнге, масағы дәнге толы құт берекелі бидайды айтыстырады да, қаңбақ арқылы еткен еңбегі жоқ, елге тиер пайдасы жоқ, белгілі тұрағы жоқ қуыс кеуде берекесіз жандарды теңейді.

Оқулықпен жұмыс:

Оқып, талдау.
Мысалды оқып, мазмұнын ашып, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
- Дұрыс айтқан бидай ма, қаңбақ па?
- Бидайдың қандай пайдасы бар?
- Нан қалай жасалатынын айт.
- Төменгі сөздер қай кейіпкерге байланысты айтылған?
«Онда қандай салмақ болсын!»
«Уф» десе, ұшасың,
«Суф» десе, қонасың.
Ұшарыңды жел біліп,
Қонарыңды сай біліп,
Сайран салып жүргенің

Жиғанымыз дән,
Айналамыз толған ән.
Абырой да, даңқ та,
Ерлік те, жеңіс те -
Барлығы осы егісте.
Көктемде шығып,
Күз болса бұғып.
Сергіту сәті.

Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
а/ Іштей оқу. ә/ Дауыстап, тізбектей оқу. б/ Рөлмен оқу.
ә/ Топпен жұмыс.
1 - топ. Қаңбаққа мінездеме бер.
2 - топ. Бидайға мінездеме бер.
3 - топ. Мысалды сахналап көрсетіңдер.
2. Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне жазады.
Нанға байланысты тыйым сөздер жазғызу.
« Нанды баспа. Ысырап қылма. Жегеннен қалған нанды жерге тастама, обал болады. Нанды бір қолыңмен үзбе».
Қорыту.
- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Мысалды мәнерлеп оқып келу, өлеңді өз сөзімен баяндауға дайындалу.
2. « Егер, мен қаңбақ болсам,...» эссе жазу


© 2010-2022