Ашық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ашық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сыныпАшық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сыныпАшық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сыныпАшық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сыныпАшық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сыныпАшық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сыныпАшық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сыныпАшық сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

Сабақтың мақсаты: а) Білмділік: Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге, мәнерлеп оқуға төселдіру, әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Сөйлеу әрекеттерін, берілген сұраққа тиянақты жауап беру қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) Тәрбиелік: Үй жануарларының пайдасын түсіндіру арқылы , жануарларды аялауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сбақтың әдіс, тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап.

Техналогиясы: СТО әдістері.

Сабақ қоры: Суреттер, сызбалар, сөздер т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылардың көңіл - күйлерін тексеріп, олардың назарын сабаққа аудару. Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, сыныбызда қонақтар бар.

Амандасайық.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Әрқашанда құрметпен

Бас иеміз «біз».

  1. Психолгиялық дайындық сәті.

Күндей жадырап,

Таңдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Сабақымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қ. Баянбай. «Боз бие» өлеңін жаттауға берілген. Оқушылардың жаттағандарын айтқызу. 27-жаттығуды оқыту.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Сұрақ-жауап.

1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

2.Сөйлем нелерден құралады?

3.Сөз нелерден құралады?

4.Дыбыстар немен таңбаланып жазылады?

5. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Сәйкестендіру тесті.

1)Түйе маңырайды 2) Түйе қоздайды

Жылқы мөңірейді Жылқы боталайды

Сиыр боздайды Сиыр құлындайды

Қой кісінейді Қой бұзаулайды

ІV. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояық,

Бір отырып бір тұрып,

Біз серігіп алайық.

V. Жаңа сабақ. Жуан дауысты дыбыстар а,о,ы,ұ.Дауысты дыбыстарды айтқан кезде өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды айтамыз.Жуан дыбысы бар сөздер жуан буынды сөздерге жатады. Алма,алмұрт,жылқы,қауын,жауын.Салыстыру А-Ә,О-Ө,Ы-І,Ұ-Ү.

3.Оқулықпен жұмыс.Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын.

Жұмбақ.

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш тұяғы бар, ( сиыр )


28-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар. Жуан дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Сиыр

Мінезім жайлы - сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал:

Етім - дәмді, сүтім - бал.

Балалар,төрт-түлігіміздің ірісі сиыр малының пайдасы осы өлеңде жақсы айтыған. Еті,сүті,терісі өте пайдалы.Сүтінен әртүрлі тағамдар жасалады.Құрт,май,айран,қаймақ,сүзбе,ірімшік т.б. - Балалар,сиыр атасы кім? -Зеңгібабаның құрметіне орай «Ақ бұзау» өлеңін оқып жіберейікші.Өлеңді тізбектеп оқытамын. Өлеңнен түсінгендерін

айтқызамын.

«Ұйқасын тап» ойыны.

Өлеңді оқимын,ұйқас сөздерді оқушылар табады.

«Мө-мө»деп сүт сұрайтын,

Қайдасың ...

Күнде берем сүтіңді.

Ойнақтап жүріп құлайтын.


Менің атам бақты оны,

Үстінде бар ақ тоны.

Ол не? төлдің бозымы,

Білесің ғой ...


Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе «су» демейтін,

Білесің ғой ...


Өнері бар сан қилы.

Тастан - тасқа қарғиды,

Ол не? шұнақ құлақты

Білесің ғой ...

-Жарадыңдар, балалар! Енді, төрт - түлікті топтастырайық.

Төрт - түлік









Сиырдың пайдасы

Сабақты бекіту. Сөздерді оқытып, жуан дауысты дыбыстардың астын сызу.

Үйге тапсырма. 28-жаттығу. Ақ бұзау өлеңін жаттау.

Бағалау кезеңі. Оқушыларды мадақтау, бағалау.

Қортынды. Егемен еліміздің ертеңгі - әл ауқаты, экономиканың даму деңгейі, Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында көрсетілгендей бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарында болу үшін төрт - түлік малды көбейтіп, өсіріп баға білсек, еліміз төрт - түлік малға бай ел болады.



© 2010-2022