7 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



7 санын қосу және азайту7 санын қосу және азайту7 санын қосу және азайту7 санын қосу және азайтуСабақ тақырыбы:

7 санын қосу және азайту

1 «В» сынып (түзету сыныбы)

Жалпы мақсат:

10 көлеміндегі санға 7 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыра отырып,ойын ойнау арқылы оқушылардың ойлау,танымдық қабілеттерін дамыту. Мақсатына жетуге ұмтылдыру.

Сілтеме:

  1. Математика. Әдістемелік құрал .

  2. 1 сыныпқа арналған Математика оқулығы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

10 көлеміндегі сандарды таниды, амалдарды қолдана біледі, салыстыра алады. Топтық жұмыстар жүргізеді. Киелі 7 саны жайлы біледі.


Негізгі идеялар:

10 көлеміндегі сандарды қосып, азайту. Алған білімдерін өмірде пайдалана білу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Гүл суреттері,карта суреті, қала,орман,көл,математика патшалығы суреттері, смайликтер және тапсырма жазылған парақшалар

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілі

Айналамен таныстыру

Сабақ түрі:

Ойын-саяхат сабақ

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқытудағы жаңа әдістер

Диалог Топтық жұмыс

Сабақ кезеңдері:


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)

Сәлемдесу. Психологиялық дайындық.

Балалар,алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.

Ал,балалар көктем мезгілі қуаныш әкелсін дей отырып, көктемнің алғашқы гүлдерін теріп, топқа бөлінеміз.

Орындарынан тұрып, қонақтармен сәлемдеседі.

Сүгір Әлі мектебінің Біз әдепті баласы Алдыменен қонақпен Сәлемдесіп алады. Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы. Саламатсыздар ма апайлар! (хормен айтады)

«Қызғалдақ» тобы

«Бәйшешек»тобы

Өткен сабақты пысықтау. 5 мин)

Топқа сұрақтар таратып беру. сұрақтар қоя отырып, оқушылардың алған білімдерін орынды қолдана білуіне ықпал жасау, білімдерін тиянақтау.

1.Азайту компоненттерін ата.

2.Үшбұрышта неше бұрыш бар?

3.Қосу амалына кері амал.

4.7 санының көршілерін ата. т.б


Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Берілген сұраққа топ мүшелері жылдам жауап береді.

Сергіту жаттығуы

( 3 мин)


Қол маторикасын дамыту жаттығуларын жасай отырып, оқушыларды сергіту.


Ұсақ моншақтарды түстеріне қарай санап, топтап бөлу


Жаңа сабақ (10 мин)

«Саяхатшы Дора» мултфильмі ұнай ма?

Балалар, бүгін бізге Дара мен Боти қонаққа келіпті.Олар сендермен бірге «Математика патшалығына» саяхатқа шығамыз деп келіпті. Олардың ала келген жұмбақтары бар екен. Қане,шешіп көрейік: Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызмет етеді.

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз 7 саны жайлы болмақ.

7 саны киелі, қасиетті, тақ сан. 7 ата,7 қазына, 7 шелпек,7 керемет, 7 күн, 7 қарақшы.

АКТ арқылы жаңа сабақты көрсету

Кесте арқылы түсіндіру


Аптаның жеті күні

Оқушылар 7 саны білгендері жайлы ортаға салады.

Жұма күні 7 нан пісіреді.

Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі.

Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

Жеті қарақшыны таныған, жеті түнде адаспас.

.

Оқулықпен жұмыс. (12мин)

Саяхатымызға шығайық.

«Математика патшалығына» жету үшін, қалай бару керектігін білу үшін кімнен көмек сұраймыз.

Картаға қараймыз.

Мектеп-көл-орман-қала- м.патшалығы School-lake-forest-city-kingofMaths

Мектептен шығып, көлге келдік.

Көлден балық аулаймыз.

№1 (ауызша)

1+7; 2+7; 3+7; 8-7; 9-7; 10-7

Орманға келдік.

Ойын: «Саңырауқұлақ теру»

№2

1+7=8 8-7=1

2+7=9 9-7=2

3+7=10 10-7=3

Картадан,картадан

Картадан патшалыққа жету жолын хормен қазақша-ағылшынша айту.

Балық ала отырып, тапсырмаларды ауызша орындайды.

Саңырауқұлақ жинап, тапсырмаларды тақтаға, дәптерге жазады.

Сергіту сәті. (3 мин)

Қалаға да жеттік. Балалар, алдымыздан не шықты?

Бағдаршам өлеңін айтып, бойымызды сергітіп алайық

Бағдаршам

«Бағдаршам» әнін орындайды.


Шығармашы-лық тапсырма:

(5 мин)

Картамыздың көмегімен «Математика патшалығына» да келдік.

Бұл елді білімді, ақылды, Математика басқарыпты.Мұнда еріншектер мен жалқауларды кіргізбейді. Математика біздің танымдық қабілеттерімізді байқап көруге тапсырма дайындап қойыпты.

№4

Екі топқа екі сурет беріледі

Неше бар?



Топтық жұмысты орындайды.

Рефлекция

(1 мин)


Сабақта қолданылған суреттерінің ұнағанына стикерлерді жапсыра қойыңдар.


Өздеріне ұнаған суреттеріне стикерлерін жапсырады.

Бағалау.

(2 мин)

Жинақталған фишкалар бойынша бірін -бірі, топты бағалайды

Оқушыларды мадақтау


Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Жыныс ауылы

Бастауыш сынып мұғалімі Есенбайқызы Гүлжанат

Инклюзивті оқыту (ықпалдастыра оқыту ) сыныбына арналған сабақ

Бұл сыныптардың тапсырмалары жеңілдетілген тапсырмалар бойынша орындалады.





7 санын қосу және азайту









© 2010-2022