Махаббатқа толы жүрек. Тәрбие сағаты 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеңіс негізгі мектебі











«Махаббатқа толы жүрек »


(тәрбие сағаты)



Өткізген: Базарбаева А.О.




Мұқыр ауылы

Мектебімізде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.Назарбаеваның туған күніне арналған «Махаббатқа толы жүрек» атты тәрбие сағаты өтті . Оған 1 - 4- сынып оқушылары қатыстырылды. Онда Республикамыздың бірінші ханым туралы түсірілген бейне фильм көрсетілді және мектебіміздің өнерпаздарының көмегімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сабақта барлық пән мұғалімдері рухани-адамгершілік тәрбие берудің элементтерін қолдана отырып кіріктірілген сабақ өткізді. Оқытушылар сабақтарын тақта, бейне фильм, компьютер, суреттер және «Шаттық шеңбері», «Жүректен-жүрекке», эссе жазу элементтерін тиімді колдану арқылы өткізді.. Махаббатқа толы жүрек. Тәрбие сағаты 1-сыныпМахаббатқа толы жүрек. Тәрбие сағаты 1-сынып


Декаданың екінші күнінде Өзін-өзі тану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Әсемдік әлемінде» атты көрме ұйымдастырылды. Онда оқушылардың салған суреттері, қолдан жасаған әшекей бұйымдары, «Шаттыққа толы жүрек» атты портфолиолары. Оқушылар өздерінің портфолиоларында отбасымен сыныптас достарымен бірге демалған кездеріндегі суреттері, ата-аналарына арналған өлеңдерін және өздері салған сүреттерін енгізген. Көрменің қорытындысы декаданың жабылуына арналған салтанатты жиынында жасалынады.

Декаданың үшінші күні барлық сынып жетекшілері «Мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік» тақырыбында І Мақсаты: оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттеріді ұялату, адами асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Мұғалімдер сабақтарында слайдтар, ,музыкалық», «Жүректен жүрекке», эссе жазу элементтерін қолдана отырып өткізді, суреттер, шарларды пайдаланды.

Декаданың төртінші күні 3-4-сыныптар аралығында «Махаббатқа толы жүрек» атты үздік шығарма байқауына 4 оқушы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен комиссия құрамы бекітілді.. Комиссия шығарған қорытынды бойынша ең үздік шығарма қалалық байқауға ұсынылады және қорытынды жиында орын алған оқушылар марапатталады.

Махаббатқа толы жүрек. Тәрбие сағаты 1-сынып Декаданың бесінші күні мектеп-лицейіндегі «Өзін-өзі тану» сабағының берілуінің даму болашағы» тақырыбында «Өзін өзі тану» пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің дөңгелек үстелі өтті. Онда әдістемелік бірлестік жетекшісі Қабдуалиева Гүлмира Нығыманқызы «Адамгершілікке баулу негізгі құндылығы болып табылатын «Өзін-өзі тану» пәні-баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, табиғатты сүюге, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, отбасын құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді» деп жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру деп дөңгелек үстел аясында әрбір пән мұғалімі мен оқушының қосатын үлесі туралы пікірталас жүргізді. "Махаббат туралы әңгімелесейік" тақырыбында ата-аналар арасында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг өзін-өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы өткізді. Махаббатқа толы жүрек. Тәрбие сағаты 1-сыныпМахаббатқа толы жүрек. Тәрбие сағаты 1-сынып Семинар-тренинг ерекше сипатта өтті. Ата-аналар белсенді түрде қатысып, ойларын еркін жеткізді.Әр ата-ана өзінің отбасы жағдайы, қызығушылықтары мен жақсы қасиеттері туралы айтып, мәлімет берді.Аата-аналар келесі сұрақтарға жауап беріп, ой бөлісті.

  • «Махаббат» деген ұғымды қалай түсінеміз?

  • Отбасындағы махаббаттың негізі неде?

  • Балаларымыз ата-ана махаббатына бөленіп өсуіне не ықпал етеді?

«Ата-ана парызы» бейнебаяны көрсетілді. «Мадақтау-жазалау» тақырыбында ата-ананың балаға деген көңілін байқау мақсатында қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданатын сөздерді, ал екінші жағына сөгіс жариялау кезінде қолданатын сөздерді жазды. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасалынды.Балаға, мектепке, отбасына байланысты жағдаяттарды шешіп, талданды, осыған байланысты пікірлерін айтылды. Баланың ішкі жан дүниесін, сезімін, көңіл-күйін түсіне білу мақсатында «Қуыршақ» ойыны ойнатылды. Тәрбие ісі меңгерушісі Искакова Н.Ф. қорытындылап, осындай өткізілген іс-шараны сыныптағы басқа да ата-аналарға жеткізуді өтінді.Соңында ата-аналар кері байланыс ретінде тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Ата-аналар оқушыларға беріліп отырған білім мен тәрбие жұмыстары үшін мектепке, мектеп басшысына, ұжымға, сынып жетекшілеріне ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.
© 2010-2022