Тақырып: «Қарым – қатынас мәдениеті»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: ЖББ Амангелді ОМБ

Тақырып: «Қарым - қатынас мәдениеті».

Құндылық: дұрыс әрекет жасау

Қасиеттер: әр нәрсені өз уақытында істеу, өзгелерді жамандамау, әділ болу.

Мұғалiм:Уразалиева Айман Нургалиевна

Класс: 7 сынып

Оқушылар саны: 10 оқушы

Сабақ мақсаты: Қарым-қатынас жасау барысында дұрыс әрекет құндылығын ашу. Міндеттері:

  • оқушыларға жауапкершілік маңызын түсіндіру;

  • Қоршаған ортада қарым-қатынас кезінде әділ болуға дамыту.

  • Өзгелерді жамандамауға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқу құралдары,компьютер, үнтаспа.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен) (теңізге саяхат)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтан Даниэль Дефоның "Робинзон Крузо" романынан үзінді оқу.

  • Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?

  • Адам жауапты болу үшін қандай қасиеттері болу керек?

  • Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

  • Кейіпкердің сағынышының сыры неде?

Сабақ барысын талқылау:
  1. Дәйексөз.
Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. /Рудаки/
  1. Ізгілік дегенді қалай түсінесіз?
  2. Өмірде әділсіздік жасаған кезіңіз болдыма?

  3. Қоршаған ортамен қалай қарым-қатынас жасайсыз?


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме:

"Жан жарасы жазылмайды"


Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға жүрегіне ауыр тиетін сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.

  • Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа үйретті?

  • "Ашуды ақылға жеңгізе біл" дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сіз сол баланың орында болсаңыз, ашуланған кезде өзге туралы жамандық айтасызба?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлініп. Әр топ бір қасиетті суырады. Берілген қасиеттер бойынша тақпақ шығарады.

  1. Топпен ән айту
«Мейірімді болайықшы ағайын» Сөзі: С.Қали. Әні Қ.Махан
  1. Үй тапсырмасы.
«Теректің асқақтығы» өсиет әңгіме. 46-48 бет
  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл -күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта жақсы көрінісс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзінде асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сойлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңізді ашуға болады. »

Рахмет .Сау болыңыздар!

Тақырып: «Қарым – қатынас мәдениеті».

© 2010-2022