Өзіндік жұмыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзіндік жұмысӨзіндік жұмыс

Өзіндік жұмыстар

№1 өзіндік жұмыс.

(өткенді қайталау)

  1. Есепте:

428-239 = 123+254= 570+30-20 =

1000-325= 356+478= 620- (180+20)=

  1. Есепті шығар (шешуі мен жауабын жаз).

Қорапта 125 қызыл шар және одан 25 - і кем көк шар бар. Қорапта барлығы неше шар бар?.



  1. Теңдеулерді шеш:

390 - x =350 470 + x = 1000

x= x=

x= x=

  1. Фигуралардың периметрін тап.

Б

  1. Есепте.

897-156= 1000-258 = (180+560) -290=

238+762= 785+198= 1000- (870+50)=

  1. Есепті шығар (шешуі мен жауабын жаз).

Қорапта 165 шар бар. Олардың 96- сы қызыл, ал қалғандары көк түсті шарлар. Қорапта қай шар кем және нешеге кем?



  1. Теңдеулерді шеш.

x+450=260+560 865 - x - 365 = 270



  1. Ені 3 см, ал ұзындығы одан 2 см - ге артық тіктөртбұрыш сыз. Периметрін есепте. Периметрі осындай болатын шаршы сыз.

№2 өзіндік жұмыс. (3 - ке дейінгі кестелік көбейту)

  1. Есепте.

6*2 = 24/3= 18/2=

1*7= 10*0= 9/1=

  1. Есепті шығару (шешуі мен жауабын жаз).

а) Бір дорбада 3 кг ұн бар. Осындай 9 дорбада неше килограмм ұн бар?

ә) Гүлкөмбеде 21 ақ раушангүл және 7 қызыл раушангүл гүлдеп тұр. Қызыл раушангүлге қарағанда, ақ раушангүл неше есе артық?



  1. Теңдеулерді шеш

18/x=6 2*x=10

x= x=

x= x=

  1. Екі кесінді сыз. Бірінші кесіндінің ұзындығы 3 см, ал екінші кесіндінің ұзындығы одан 3 есе артық.

Б

  1. Есепте.

21/7= 8*2-5*3=

15/5= 2*(18-9)/6=

2*7= 27/3*0+41=

  1. а) Есептерді шығар.

Бір қорапта 9 қатырмақағаз бар. Осындай 3 қорапта неше қатырмақағаз бар?

ә) Кері есеп құрастыр және шығар.



  1. а) Есептерді шығар.

Альбомда 21 түрлі түсті және 3 ақ - қара түсті суреттер бар. Ақ - қара суреттерге қарағанда, түрлі түсті суреттер неше есе артық?

ә) Кері есеп құрастыру және шығар.



  1. теңдеулерді шеш.

12/x=6 7*x=21

x= x=

x= x=



№3 өзіндік жұмыс.

(5 - ке дейінгі кестелік көбейту және бөлу, есептер шығару)

  1. а) Есепте

8*5+23= 90-35/5=

4*9-25= 8*4+20=

9*3+6=

8/1*0=

ә) Өрнектерді баған түрінде есепте.

908-129 568+112 343+29 1000-371



  1. Қысқаша жазу бойынша есеп құрастыру және шығар.

Балалар - 45 адам

Ересектер - 9 адам неше есе артық?



  1. Есепті шығар.

Дүкенде әрқайсысында 6 кг - нан 5 жәшік мандарин және 39 кг алма болды.Дүкенде барлығы неше килограмм жеміс болды?



  1. Ұзындығы 6 см, ал ені одан 2 есе қысқа тіктөртбұрыш сыз. Периметрін тап.

Б

  1. а) есепте.

2*5+6/4+2*5= 100- (50-23)/9=

15/(100-95)*3= 60-4*4/8+16=

4*10/8+8*4= (5*8-40)*4=

ә) Өрнектерді баған түрінде жзып,есепте.

700-519 741-329 375+458 947+53



  1. Есепті шығар.

Асханаға 40 л сүт әкелді. Таңғы асты дайындау үшін одан 4 литрден 3 рет сүт құйып алынды. Бидонда неше литр сүт қалды?



  1. Есепті шығар.

Бір орамда 81 м мата болды. Одан 9 есе аз мата қиып алынды.Орамда неше метр мата қалды?



  1. Ұзындығына қарағанда 2 есе қысқа, яғни ені 4 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Периметрін тап.

№4 өзіндік жұмыс.

(Әртүрлі есептерді шығару)

  1. Есепті шығар.

Бір сызғыш 8 теңге тұрады. Осындай 9 сызғышқа неше теңге төлеу керек? 7сызғышқа ше?



  1. Есепті шығар.

Бір қарындаш 9 теңге тұрады, 36 теңгеге осындай неше қарындаш сатып алуға болады?

  1. Есепті шығар. Шешуін амалдар бойынша жаз.

Кітаптың бірінші тарауында 45 бет,ал екінші тарауында одан 5 есе кем бет бар. Кітаптың екі тарауында барлығы неше бет бар?



Б

  1. Кесте бойынша есеп құрастыр және шығар.

Бағасы

Саны

Құны

а)

? теңге

9 дана

36 теңге

ә)

5 теңге

? дана

30 теңге

б)

8 теңге

4 дана

? теңге

а)

ә)

б)



  1. Есепті әртүрлі тәсілімен шығар.

«Ассорти» қорабының әр қатарында 7 - ден 3 қатар ақ, 2 қатар қоңыр шоколад бар. Қорапта барлығы неше шоколад бар?

1)

2)

© 2010-2022