Урок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Урок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 класс

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Утенова Асел 4 «б» сыныбы. Оқушы саны-18 Атырау облысы, Атырау қаласы,

№ 10 С. Мұқанов атындағы орта мектебі 2 апта 16.05.2012 2 сабақ 9:20-10.05 № 1 дәрісхана Сабақтың атауы Тақырыбы: Мәншүктің жұлдызды сәті Сілтеме Слайдтар Сабақ жоспары Жалпы мақсаты Қазақтың батыр қызы Мәншүк жайлы білімдерін толықтырып, мәтіннің негізгі идеясын ашу. Міндеттер:

  1. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
  2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.
  3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
  4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1. Мұғалім оқуға бағыттап отыру.
  1. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
  2. Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпта меңгеріп шығу.
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.
  1. Әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың біліктілік қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже 1. Ұлттық сезімін ояту, елін, жерін қорғай білуге, өнегелі батыр болуға баулу;
  1. Өз ойын айтып, жеткізе алу қабілетін дамыту.
  2. Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу;

Сабақтың жүру барасы: І . Ұйымдастыру - Психологиялық дайындық - «Біз кімбіз?» Жарық болса күніміз, Жарқын шығар үніміз. Елін сүйіп ер жетер Жамандықтан қашатын, Жақсы іске басатын, Біз болашақ гүліміз. - Түстер бойынша топқа бөлу. - Тренинг: «Жүрек жылуы» Оқушылар, сіздер алдарыңыздағы гүлдерді жылы лебіздер айту арқылы бір-бірлеріңізге сыйлайсыздар. - Оқушылар, мен сіздер берген гүлді қайда қойдым? - Гүлдердің қойылу орнын алға қарай тапсырмаларды орындаған кезде түсінесіздер. ІІ. Өткенді пысықтау Ой қозғау «Ребус шешу»

, , з л , , қ р Урок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 классУрок на тему Мәншүктің жұлдызды сәті 4 класс

  • Біздер жалпы кімдер туралы өтіп жатырымыз?
  • Ұлы тұлғалар
- Ендеше, сіздердің өткен тақырыптардан алған білімдеріңізді сұрақ-жауап арқылы пысықтай түсеміз. Сіздер сұрақтарға жауап беру арқылы, сұрақтардың артында не жасырынғанын көре аласыздар.

Сұрақтар: 1. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? 2. «Қырдың жас түлегі» мәтіні кім туралы? 3. «Қазына көтерген бала» мәтіні кім туралы? 4. Әліби Жангелдиннің кім туралы жазған мәтінімен таныстық? 5. «Жетім» әңгімесін жазған кім? Ондағы жағымсыз кейіпкерлер кімдер? 6. Ш. Мұртазаның Т. Рысқұлов туралы жазған шығармасы қалай аталады? 7. Ж. Жабаев «Балама хат» өлеңін кімге арнаған? 8. М. Ғабдуллиннің қандай әңгімесін өттік? Әңгіме кім жөнінде жазылған?

- Оқушылар, кімдердің портреттерін көріп отырсыздар? - Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Б. Момышұлы т.б. - Бұлар кімдер? - Ұлы Отан соғысының батырлары.

Сұрақ-жауап:
  • Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
  • Ол туралы не білеміз? ( мұғалімнің толықтыруы)
  • Осы портреттердің ішінде өзіміздің жерлесімізде бар. Кәне, кім айтады? Ол кім?
  • Хиуаз Доспанова
  • Дұрыс айтасыңдар, тағы басқа Атыраулық батырлардан кімдерді білесіңдер?
- Полынин Евгений Михайлович, Смағұлов Қайырғали, Шамин Гавриил Петрович, Александр Афанасьев Никифорович, Баймұқанов Мұса, Еркінов Шүкір, Канцев Георгий Федорович. - Ендеше, сіздердің берген гүлдеріңіздің қойылу орнын түсіндіңіздер ме?



ІІІ. Ой қозғау
  • Өлеңнен үзінді оқылады.
Қасында пулеметі «Максим» оның, Бойында күш жігері тасқын оның. Ерлермен тізе қосып шабуылда, Оғымен қырғын майдан ашты жолын. (Сәду Машақов)
  • Өлең кім туралы жазылған?
  • Мәншүк Мәметова
  • Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?






Мәншүк



- (Қосымша дерек беру)

І V. Жаңа сабақ А. Халимулдина, Ә. Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті» - Автор туралы мағлұмат беру. Бұл естелікті жазған Александра Халимулдина және Әкентай Халимулдин - ерлі-зайыпты майдангерлер. Олар Мәншүкпен қан майданда қатар жүріп, соғыс тауқыметін бірге көрген қарулас достары. - Оқулықпен жұмыс - Мәтінмен танысу. - Түсініп оқу. - Дауыстап, жалғастыра оқу. (Оқушылар түсініксіз сөздерін түртіп алып отырады.)

- Сөздікпен жұмыс Шинель-қалың шұғадан тігілген, ұзын етікті әскери сырткиім. Шұға- майда түкті биязы жүн мата Пулемет- қару түрі Окоп- жерден қазылған қорғаныс шұңқыры Генерал- әск. Армиядағы командалық құрамның ең жоғарғы атағы және осы атақты иемденуші адам. Подполковник- майор мен полковник аралығындағы аға офицерлік әскери атақ.

- Мәтін бойынша сұрақ-жауап

  • Мәншүк бөлімшесінің пулеметшілері қандай бұйрық алды?
  • Олар бұйрықты қалайша орындады?
  • «Жарайсың, пулемет бөлімшесінің командирі... өзі кіп-кішкентай екен" деген жолдар кімге арнап айтылған?
  • Әңгіме неліктен «Мәншүктің жұлдызды сәті» деп аталған? Басқаша қалай айтуға болады?


- Тауып оқу - Мәтінен Мәншүк бөлімшесінің ұрыс кезіндегі қимылын суреттейтін тұсты тауып оқы. - Мәтіннен генерал Галицкиийдің бейнесін беретін жолдарды тауып оқы. - Шығармадан генералГалицкий мен Мәншүктің арасында болған әңгімені тауып, рөлге бөліп оқыңдар.

V. Сергіту сәті Отан үшін отқа, суға түскендер, Ел қамы үшін от жалынды кешкендер. Батырлардың аруағын сыйлайық, Тек жақсы боп, жаман жолға түспеңдер!

VІ. Топпен жұмыс І топ - Орнын тап ( Сөздерді орнына қойып мақалдар жазу, мағынасын түсіндіру) 1. Шешен, бастайды, қол, сөз, бастайды, шешен, батыр. 2. Жоламайды, батылға, жау, оқ, дарымайды, батырға. ІІ топ - Батырларға арнап төрт жол өлең шығару. ІІІ топ Әңгіме кестесі

Әңгіменің аты?
Әңгіменің авторы?
Әңгімедегі басты кейіпкер?
Кейіпкер несімен ұнады?
Жағымсыз кейіпкер?
Нені үйрендің?
Мәтіннен алған әсерің?


VІІ. Ой толғаныс «Дыбыстарды сөйлетейік»
  • Кім туралы әңгімеледік?
М - мейірімді ә - әнші болған н - намысшыл ш - шыншыл ү - үздік, үлгілі к - кішіпейіл

  • Мәншүк бойындағы осыншама қасиеттер оны майданға, ерлікке жетеледі.
  • Сендердің бойларыңда Мәншүк бойындағы қасиеттердің қайсысы бар?




VІІІ. Қорытынды
  • Тарихқа көз жүгірту.
  • Ауызша тест


ІX. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, «Батырларға бас иеміз» тақырыбында эссе жазу. X. Бағалау. (Әрбір топтың бақылаушысы сабақ құрылымы бойынша құрылған критерий арқылы өз тобын бағалайды.)





























© 2010-2022