Разработка по математике на тему 4 санын қосу кестесі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка по математике на тему 4 санын қосу кестесіРазработка по математике на тему 4 санын қосу кестесіРазработка по математике на тему 4 санын қосу кестесіРазработка по математике на тему 4 санын қосу кестесі

Пәннің аты

математика

Уақыты:21.01.16ж

Кабинет:12

Мұғалім: Таукебаева Р

Сабақтың атауы

4 санын қосу кестесі.

Мақсаты

Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:

Білу: 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және азайту тәсілдерін білу.

Түсіну: Қосылғыштардың біреуі 4 болып келген жағдайдағы санның құрамын түсіну.

Қолдану: ойын элемент түрлерін қолдану және математикалық тілді қолдану

Талдау: Сандарды салыстырмалы түрде талдау.

Жинақтау:Тез ойлап білімдерін жинақтау

Күтілетін нәтиже

Қолданылған материалдар

Математика «Атамұра» 2012ж АКТ слайд, үйшіктер, сабаққа қатысты суреттер, жазылған флипчарт

Оқыту әдістері

«Сын тұрғысынан ойлау», «Жас ерекшелігіне сай», АКТ-ты пайдалану, «Миға шабуыл», Сұрақ-жауап. «Бірге ойлаймыз», «Топтастыру?», «Ой қозғау», Топтық, жұптық және жеке жұмыс.

Орындалатын жұмыстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз

Оқушылар шеңберде жиналып,сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



Мағынаны тану


. «Бірге ойлаймыз!" ойыны.

Өткенді қайталау 4 санының қадір-қасиеттері туралы математикалық тұрақты сөз тіркестерін еске түсірейік

Төрт тұлға: от, су, жел, жер

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

Төрт мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс

Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан

Төрт түлік: Түйе. Жылқы . Сиыр. Қой, ешкі

Төрт апта - 1 айда

Төрт бұрыш

Оқушыларды топқа бөлу.

І-топ Төрт түлік. ІІ-топ. Жыл мезгілдері. ІІІ-топ. Тұсбағар.

Әр топ өз атауларын қорғайды.

І-топ Төрт түлік. ІІ-топ Тұсбағар... ІІІ-топ Жыл мезгілдері.

1.Төрт түлікке не жатады? Тұсбағар деген не? 1.Жыл мезгілін ата

2.Қандай пайдасы бар? 2. Не үшін қолданады? 2.Жыл мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

3 топтан 3 оқушыдан шығып, 1,2,3 санын қосу кестесін айтқызу. Үйшіктегі санның құрамын табу

«ЦИРККЕ келдік.

-«Циркке» кіру үшін бізге билет керек. Ал біздің билетіміз - ол біліміміз. Ендеше мына тапсырмаларды орындайық:

а) Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.

-Бұл сөзде неше дыбыс? Неше әріп бар?

-4. 4 - санын қосу кестесі Сонымен біз цирктеміз.

Цирк аренасына алдымен «Зебра» шығады.

-Бұл жануардың үстіндегі жолақшаларды тағы қайдан көрдіңдер? (жолда)

-Ол нені білдіреді? Балаларға жолдан өту ережесін айта кету.

Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік.

Орындап жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің!

-Циркте жануарлар жанглерлардың тапсырмаларын орындайды.» Зебраға» мынадай тапсырма беріпті, бірге орындайық.
Математикалық жұмбақтың шешуін тап!.

Пеш үстінде 4 мысық

Пеш қасында 4 мысық

Айтшы сонда барлығы

Болады неше мысық?

Суда алты қаз,

Төбеде төрт қаз.

Судың маңында

Айтшы неше қаз?

Сегіз асықтың төртеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолында қалады? 4

Білу. Негізгі кезең. Аренаға «Аң патшасы - «Арыстан» шығады. Арыстанға жанглер тапсырма берілді. Кітап-білім бұлағы. Оқулықпен жұмыс. Есепте және есіңе сақта!

Қосылғыштарының бірі 4 болатын қосындыларды жазып өрнектің мәнін тапқызу.
1. 0+4 1+4 2+4 3+4 4+4 5+4 6+4:

10-4 9-4 8-4 7-4 6-4 5-4 4-4.

Түсіну. Тақтамен жұмыс. Келесі аренаға шыққан «Жолбарысқа» кестені толтыру беріледі.
кестені толтыру.

4

5

6

□ + 4



Келесі болып аренаға «Қорбаңдаған аю» шықты. Аюға берілген тапсырма:

Есепті шығару: Сапар ал Ақан 4 дәптер кем сат10 дәптер сатып алды, ып алды. Ақан неше дәптер сатып алды?

Шарты: Сапар- 10д

Ақан - ? 4д кем

Шешуі: 10 - 4 = 6

Жауабы: Ақан 6 дәптер сатып алды

.


Топқа бөлінеді.

Топ атауларын қорғайды.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі

Сергіту сәті

«Қолдану»Сергіту сәті: Көтеріңкі көңілмен «ШРЕК» Би қимылын жасау

Ой сергітеді,

шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Аренаға «Піл» шығады оған жанглер тапсырма береді.

Математикалық диктант

Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

4 пен 2 сандарының қосындысынан 4-ті азайт:

10 мен 2 сандарының айырмасына 4-ті қос;

9 бен 1 сандарының қосындысынан 3-ті азайт;

Аренаға келесі болып «Маймыл» шығады. Маймылға логикалық тапсырма беріпті. Көмектесейік пе?

Логикалық (қисынды) есептер.
*Тауық екі аяғымен тұрғанда 2 кг тартады.

Бір аяғымен тұрса неше кг тартады?
* Екі адам шахматты екі сағат ойнады.

Әрқайсысы неше сағат ойнады?
* Шыршаның басында 5 алма өсіп тұр еді.

Марат 3 алманы үзіп алды. Шырша

басында неше алма қалды?

«Талдау»

-Балалар сендердің алдарыңда зебра, арыстан, жолбарыс, аю, маймыл, піл шықты.

-Ал, олар қандай жануарлар? (жабайы аңдар)

-Ал, сендер тағы қандай жануарлардың түрін білесіңдер? (үй жануарлары)

-Дұрыс, үй жануарлары. Оларға не жатады?

-Соның ішінде циркте үйретілетін үй жануарларын атаңдаршы. (ит, мысық, ат, түйе)

-Келесі аренаға шығатын жануарлар «Иттер». Геометриялық фигураларды ата.

Ойлан, тап: 9-

«Жинақтау»

Иттерге берілген тапсырма: Разработка по математике на тему 4 санын қосу кестесіРазработка по математике на тему 4 санын қосу кестесі неше , неше , неше бар?

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Бағдаршам, басбармақ әдісімен бағалайды.

.

Кері байланыс

Бүгін сабақта не білдім?

Не қиын болды?

Сабақта не ұнады?

Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі арқылы

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


© 2010-2022