Сабақ тақырыбы: Сыпайылық әлемінде

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Сыпайылық әлемінде.

Мақсаты: 1. Білімділік сыпайы сөздерді үйрету, сәлемдесу, үлкендерді сыйлауға, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті дамыту, оны құрметтеуге баулу.

2. Дамытушылық: сөздік қорын дамытып, тілін байфту, ойлау қабілетін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: адамгершілік, имандылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке үйрету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сюжетті суреттер, асық, қоржын.т.б.

Сабақ түрі: Интеллектуалды ойын сабақ..

Пәнаралық байланыс: математика,дүниетану.

І сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар бүгін біз сендермен «Сыпайылық әлемінде» деген тақырыппен «Алтын сақа» сайыс өткіземіз. Сайыс бөлімнен тұрады. Сайыс болған соң топтарға бөлінейік. Топтастыру стратегиясы.

Үй тапсырмасы: Қазақ халқы ежелдеге салт-дәстүрін қастерлеген. Осы уақытқа дейін салт-дәстүріміз ұмтылмай сақталап келеді. Елдегі жалғастырушы келешек-жас ұрпақтар

Халық даналығына назар аударсақ: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойлансаң, онда арпа ек.Ол жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек. Ал, ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиле» деген екен.

ІІ Негізгі бөлім.

1.Ойынды бастайық ( асық үйіру арқылы)

а) «Сәлем-сөз анасы»

ә) «Кішіпейілділік кісілік белгісі»

б) «Сиқырлы сөздер әлемі»

2. Тиым сөздер, ырымдар.

3. Мақал-мәтел сайыс. (халықтық мұрамыз)

4. Киелі сандарға байланысты.

5. Өнер сайысы.

Ана тілінің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Адам өмірге келкеннен кейін өзара сыйлау- баршаға ортақ қасиет. Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін-өзі сыйлай білу қажет. Егер өзіңді өзін құрметтеп бағалай білмесең өзгеден сый-құрмет көремен деу бекершілік. Адам өмірдіндегі ізгі қасиеттер сыйластық, татулық болып табылады. Егер сен айналаңдағы жандарды. Сыйлай білсең ғана өзіңде сыйлы боласың. Қазақтың «сыйға-сый,сырағы бал» деген ұғымы осының айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу-асқан ілтипаттылық белгісі.Алайда қазіргі кездегі замандастырымыздың бойында осы қасиеттер жетіспей жатады. Бұл бүгінгі өміріміздің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды сыйластық,құрмет, қайырымдылық тақырыбына арнап сайыс түрінде өткіземіз.

І сайысымызды бастайық:

Салт-дәстрге байланысты сайыс.

«Сыйластық»тобына:

  • Сиқырлы сөз: Кешіріңіз! мысал келтір.

  • «Кішіпейілдік-кісілік белгісі» (көрініс көрсету)

Даянна, Ақмарал мектепке кележатқанда Жанар апай кезікті. Бірақ, олар амандаспай өте шықты (мағынасын ашу)

«Әдептілік» тобына:

  • «Сәлем бере білейік» сәлемдесу түрлері (сахналалау)

  1. Ата мен немере.

  2. Көрші мен көрші

  3. әке мен бала

  • Сыпайы сөз : Рұқсат па? Қай уақытта, кімге айту керектігіне мысал келтір.

«Қайрымдылық» тобы:

  • «Үлкенге құрмет-кішіге міндет» әже,тайғанап құлап қалды. Жанында ойнап жүрген Әлешер, Мұхамедәли елемеді, көмеккеде келмеді. (мағынасын ашу,көрініс)

  • Сыйқырлы сөз Рахмет! Мысал келтір кімге, қай уақытта айтасың?

ІІ сайыс Тыйым , ырымдар сайысы. Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың тәрбиесін тыиым, ырым сөздері арқылы бала жолына, ізгілік, инабатылыққа дәнін себіту.

«Сыйластық»тобына:

  • Тиым сөздерді ата.

  • Ұлттық саз аспаптарын ата.

«Әдептілік» тобына:

  • Киіз үйдің бөліктерін ата.

  • Тыйым сөздер.

«Қайрымдылық» тобы:

  • Қандай ырымдарды білесің?

  • Мал сүтінен жасалған тағамдарды ата.

ІІІ сайыс Мақал-мәтелдер сайысы.

«Сыйластық»тобына:

  • Қыз қылығы туралы.

  • Туған ел туралы.

«Әдептілік» тобына:

  • Жақсылық, жамандық туралы.

  • Салт-дәстүрге байланысты.

«Қайрымдылық» тобы:

  • Оқу -білім туралы

  • Батырлар туралы.

IV сайысы. Киелі сандар.

«Сыйластық»тобына:

  • Жеті жұтты ата.

  • Үш қуатты ата.

«Әдептілік» тобына:

  • Үш жұрты ата.

  • Жеті санына байланысты тұжырым сөздер.

а) жеті ата

ә) жеті жоқ

«Қайрымдылық» тобы:

  • Жеті қазынаны ата

  • Үш арсызды ата.

V сайыс Өнер сайысы.

«Сыйластық»тобына:

  • Өлең оқы

  • Ән орында

  • Өз өнерінді көрсет.

«Әдептілік» тобына:

  • Би биле

  • Ән орында

  • Өлең оқы

«Қайрымдылық» тобы:

  • Ән орында

  • Қара сөз не өлең оқы.

  • Жұмбақ не жаңылтпаш айт.


© 2010-2022