Ең үздік оқушы (сыныптан тыс шара)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара. 3- сынып

Тақырыбы: «Ең үздік оқушы»

Мақсаты:

оқушылардың танымдық көз қарасын, ой-өрісін, дүниетанымдылығын

кеңейту, логикалық ойлау, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,

өз пікірін қорғай алуға үйрену.

Көрнекілігі:білім, тіл туралы қанатты сөздер, интерактивті тақта,

Cабақтың барысы:I.Ұйымдастыру

Сәлем, достар, аман ба?

Мына бейбіт заманда,

Қуантамын бәріңді,

Білімдіден қалам ба?

Құрметті білім сайысына қатысушы сайыскерлер және ұстаздар, сайысқа қош келдіңіздер. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл .Сахнаға сайысқа қатысушылар шақырылады.

Сайыскерлердің білімдеріне баға қоятын әділқазы мүшелерімен таныстыру.

Өнер мен білімде,

Әркімнің өз жолы бар,

Сайысаралық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар - дегендей, білімпаз оқушылар өздерін таныстырады.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?

Сонымен, оқушылар, іске сәт!

Жұлдыздарың жансын!

1 - бөлім: « Кім көп біледі?»

Бұл бөлімге қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беру керек.

Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1.XIX ғасырдың II жартысындағы демократ ақын-жазушыларды атап беріңіз

(Абай, Шоқан, Ыбырай)

2.Бес арыс кімдер? (М.Жұмабаев,М.Дулатов,Ж.Аймаутов,Ш.Құдайбердіұлы,А.Байтұрсынов)

3.«... ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз» деген жолдар кімге қатысты? (Қазыбек би)

4.Дүние жүзіндегі ең терең көл қандай?(Байкал)

5.«Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық біреуге» деген өлең шумағын кім жазған? (Абай)

6.Біздің мемлекеттің заңы- Қазақстан Республикасының Конституциясы.Қай жылы және қай айда қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)

7.«Ердің ісі - келіс, Ездің ісі - керіс» деген жолдар шығарманың қай түріне жатады? (Шешендік сөз)

8.Сөздің ең түпкі бөлшегі. (Түбір)

9.Жабайы аңдарды өсіретін жер. (Қорық)

10.Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (А.Байтұрсынов)

11.Көптеген елдердің мемлекеттік ел таңбаларында жануарлар бейнесі бейнеленген: Енеке-қуат, арыстан-күш, ерлік, қабылан-батылдық, бүркіт-көргіштік, билік, қасқыр-әл, күш, аю-көрегендік, болжағыштық, бұғы-жылдамдық, ара - құмырсқа-еңбекқорлық, т.б. мағыналар береді. Ал Қазақстан Республикасының ел таңбасында не бейнеленген? (Қанатты аттар)

12.Берілген мәтін шығарманың қай түріне жатады? «Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең-таяқ, қарның ашса-тамақ». (Шешендік сөз)

13.Төмендегі ертегілердің қайсысын шыншыл ертегіге жатқызуға болады? а) «Түс көрген патша» б) «Екі дос» в) «Ғажайып бақ» г) «Құмырсқаның қанағаты»

14.Қазақстанда ядролық апаттың ошағы болған жер. (Семей)

15.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы жоқ зат. (Жұлдыз)

16.Өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдайлар. (Жылу,жарық,су,ауа,қорек)

17.Ағзаның біртұтас іс-әрекетін қамтамасыз ететін мүше. (Жүйке жүйесі)

18.Орман құстарын ата. (Тоқылдақ,жапалақ,көкек)

19.Алғаш мемлекеттік тіл мәртебесі қай жылы алынды? (1989 жылы)

20.«Райымбек!Райымбек!» дастанын кім жазды? (М.Мақатаев)

2 - бөлім: «Тіл өнері»

«Сыңарын тап» ойыны. Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру. Әр дұрыс жауапқа -3 ұпай.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)

  2. Бал тамған тілден... ( у тамар)

  3. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ)

  4. Жыртық үйді жел табар, өтірік сөзді... (шын табар)

  5. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)

  6. Жақсы сөз... (жарым ырыс)

  7. Ине көзінен сынады, шешен... (сөзінен сынады)

  8. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)

  9. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... (сөзі ортақ)

  10. Жақсы байқап сөйлер, жаман... (шайқап сөйлер)

  11. Бас кеспек болса да... (тіл кеспек те жоқ)

  12. Дәлсіз сөз... (желмен тең)

  13. Тіл қылыштан... (өткір)

  14. Піл көтермегенді...(тіл көтереді)

Сөз әділқазы мүшелеріне беріледі. Ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.

3- бөлім; «Жұмбақ шешу»

Кел, балалар ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешуін таппай қоймайық.

Дұрыс жауапқа - 2 ұпай. Жұмбақ қазақ, орыс, ағылшын тілінде шешіледі.

1.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап - книга - book)

2.Қардай аппақ, балдай тәтті-ақ. (қант-сахар - suger)

3. Аң патшасы? (арыстан - лев - lion)

4. Сылдыр сұйық, су емес ,

Iшсеңшөлiң қанады.

Ақ болса да, қар емес.

Шешуiнкiм табады ? (сүт - молоко - milk)

5. Алуан түрлі із салғанмен,

Өзінен де пайдалысы - өзегі. (қарындаш - карандаш - реncil)

6.Тіл ұшында уы бар

Ол не екенін біліп ал. (жылан - змея - snake)

  1. Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған? (ана - мама - моther)

8. Әкеңнің анасы саған кім болады? (әже - бабушка - grandmother)

9. Әрі қызыл, әрі тәтті, татқан жанды таңырқатты. (алма-яблоко - apple)

10. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)

Ең аз жинаған оқушы сайыстан шығады.

4 - бөлім: «Іздеген жетер мұратқа»

Бұл бөлімде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беру керек.

Дұрыс жауапқа - 2 ұпай.

1- оқушы:

1.Қай зат аяқ қорғайды және бақыт әкеледі? (таға)

2.Қай дауыссыз дыбыстан сөз басталмайды? (ң)

3.Сүттен жасалған тамақтың түрі? (ірімшік)

4.М.Әуезовтың жабайы аң туралы жазған шығармасы. (Көксерек)

5. Бейбітшілік құсы (көгершін)

2- оқушы:

1.Отырардан шыққан ұлы ойшыл,данышпан,ғалым. (Әл Фараби)

2.Қазақстанның ең биік жері. (Хан Тәңірі)

3.Саяткерлік құс. (лашын)

4.Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. (ертегі,мақал-мәтел,жұмбақ т.б.)

5.Астана республикамыздың қай жерінде орналасқан? (солтүстігінде)

5-бөлім . Қорытындылау.

Сөз әділқазы мүшелеріне беріледі. Әділқазылар оқушылардың ұпай сандарын есептеп, көп ұпай жинаған оқушыны анықтайды.

Жеңімпаздарды дипломдармен марапаттау.



© 2010-2022