Биік шаңырақ астында Тәуелсіздік тұғыры

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

«Биік шаңырақ астында Тәуелсіздік тұғыры»

Тәрбие сағат формасының түрі: «Жаңа форматтағы тәрбие сағаты»

М а қ с а т ы : Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған әдеби - сазды қойылым арқылы оқушыларды тарихи оқиғалармен, кезеңдермен танысты-ру. Сыни тұрғыдан ойлауға , ынтымағы, бірлігі жарасқан шалқыған елдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемелкетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге , елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

К ү т і л е т і н н ә т и ж е :

-Оқушы тақырыпты өздері ашады

- Топта жұмыс жасай отырып, қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.

- Жаңа мағлұмат алады ,ойланады, түсінеді, қорытынды жасайды

-Сыни ой-пікірлері дамиды

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілі:

Көрнекілік, диалогтік, жұптық, топтық, сын тұрғысынан ойлау

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, кітап, , постер, суреттер, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

І .Мотивациялық кезең

Сұрақ-жауап

(Әр түсті лентадан шаңырақ жасап тұрады )

- Қазақстан дегенде ойларыңызға не келеді?

(Балалар ойларын айтады)

Мұғалім:Біздің Қазақстанымыз тәуелсіз мемлекет.Бір шаңырақтың астында тату-тәтті ,тыныштықта өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан да біз өзімізді бақыттымыз деп есептейміз.

(Лента түстері бойынша 3топқа бөліну.Көк түс 1топ,қызыл түс 1топ,сары түстер бір топ болады )

ІІ.Негізгі бөлім

1.Кіріспе сөз:Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел еке-німізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген «Тәуелсіздік» оқиғасына биыл 25 жыл толып отыр. Осы мерекеге байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі іс-шаралар өтуде. Осындай іс-шараға біз де өз үлесімізді қосу мақса-тында «Биік шаңырақ астында Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбындағы тәрбиелік шарамызды бастаймыз.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аян-бай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын - сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын ар-қалаған кейінгі толқын іні - қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәу-елсіздік үшін күресе білді.

Сол уақыттан бастап елімізде 16ЖЕЛТОҚСАН «Тәуелсіздік күні» мерекесі болып белгіленді.Бұл мереке - ұлы мереке.

(Бейнематериал көрсету)

2.Арнау: (Тәуелсіздікке байланысты өлең - жыр,тақпақ айту)

3.Жапсырмалау ( Қазақстан картасы )

Мұғалім:Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет «Қазақстан Республикасы» пайда болды.

Жаңа мағлұматтар алады.

Қазақстан картасындағы 14 облыс туралы мәліметтермен таныса отырып,әр облысты картаға жапсырмалау арқылы орналастырады.

3.Рәміздерді сәйкестендіру(Топпен жұмыс ) Мұғалім:Бүгінгі таңда әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты өз рәміздері бар.Олай болса еліміздің рәміздері туралы мәліметтерді әр рәміздің тұсына сәйкестендірейік. (Әр топ рәміздерді әр рәмізге қатысты мәліметтермен сәйкетендіреді.)

4. Зерттеу: (Қазақстан көп ұлтты, бірлігі жарасқан мемлекет) (Слайд шоу,бейнематериал)

Сұрақ-жауап

  1. Сенің Отаның қалай аталады?( Қазақстан)

2.Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз мемлекет)

3. Қ. Р - ның рәміздерін ата? (Ту, Елтаңба, Әнұран ).
4.Қр-ның елбасшысы кім? (Н.Ә.Назарбаев).
5. Қазақтың ұлттық ақшасы?( Теңге )

6Қазақтың билерін ата?( Әйтеке, Қазыбек, Төле би)
7. Наурыз мерекесі қашан тойланады? (22 наурызда тойланады.)
8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
9.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды?(1997ж.16желтоқсан)

10.Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

11Тәуелсіздікке биыл неше жыл?(25жыл)

12.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 дан аса)

Мұғалім:Достық пен ынтымақ елі Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр.

5. Мақал - мәтелдер.

(Әр топ бір-біріне мақал айтады ,мақалдың жалғасын табады )

6.Би (Әр ұлттың биінен көрініс)

ІІІ.Қорытынды:
«Жүректен жүрекке» тренингі.
Мұғалім : Тәуелсіз, азат, бейбіт еліміздің болашағына және бір - біріңе қан-дай тілек тілейсіздер? (Оқушылар өздері бір - біріне тілектерін айтып шыға-ды)
Мұғалім: Қазақстан тәуелсіздік таңы атқаннан бастап тең құқықтықтан, дос-тықтан және келісімнен құралған барлық елдің бірлігін, өз дамуының негізі ретінде белгіледі.Елбасымыз айтқандай: «Біздің ортақ Отанымыз -Қазақстан-ның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық эт-ностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығы-мыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» - дейтін даналықтың шындығы-на бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр». Олай болса,биік шаңырақ астында бірлігі бекем Тәуелсіз Қазақстанның еңсесі биік болғай!



© 2010-2022