Сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіСабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Қайрбаева Айман Жақсыбайқызы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі А.Ермеков атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Егемен елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Ең бастысы, ұстаздар шығармашылығына жол ашылды. Демек, оқушыларға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Өйткені «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп, Президентіміз Н.А.Назарбаев бізге ел сенімін жеткізіп отыр. Шығармашылықпен айналысқан мұғалімнің сабағы өте сапалы өтеді, әрі оқушылардың оқуға деген қызығуын арттырады. Бүгінгі таңда оқушыларға сапалы білім беру - ұстаздардың алдына қойылып отырған ең басты талаптардың бірі. Осы себепті ұстаздар үздіксіз ізденуге міндетті. Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан » қоры арқылы келген «Сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» технологиясы, «Ынтымақтастыққа оқыту» технологиясы т.б. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Осындай технологияның біріне тоқталсақ. Б.Блумның «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан адами мінездеменің өзгеруі мен бір қалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

Бағалау

Синтездеу

Талдау

Түсіну

Білу


Әр категорияның өз етістіктері болады. «Білу» деңгейіндегі етістіктер: анықтау, меңгеру, айыра алу, тани білу, еске түсіру, атау, әңгмелеу. «Түсіну» деңгейіндегі етістіктер: айналдыру, көшіру, өз сөзімен білдіру, иллюстрациялау, дайындау, оқу, ұсыну, өзгерту, басқа түрде жазу, қайта құру, көрсету, сәйкестендіру. «Қолдану» деңгейіндегі етістіктер: қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану, жетекшілікке алу, қайта өзгерту, топтастыру. «Талдау» деңгейіндегі етістіктер: дәлелдеу, топтастыру, айыра білу, шығару, категориялау. «Синтездеу» деңгейіндегі етістіктер: жазу, айту, жасау, беру, мадификациялау, құжаттау, шығару. «Бағалау» деңгейіндегі етістіктер: пайымдау, бағалау, дәлелдеу, шешу.

Бағалау

Талдау

Синтездеу

Қолдану

Түсіну

Білу «3» «4» «5»



Оқушы өзін-өзі бағалайды. Оқушының аты-жөні:_______________________________________ І деңгей: А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан һәм шаян» мысалындағы негізгі ойды есіңе түсіріп жаз:______________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ ІІ деңгей: 67 - беттегі О.Әубәкіровтың «Ара мен шыбын» мысалын оқып отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын жазып көрсет:





ІІІ деңгей: Шыбынның жататын үйін көз алдына елестетіп, суретін сал:

ІV деңгей: Екеуінің іс-әрекетін дәлелдеп, «Шырша сызбасына түсір»:



V деңгей: Шыбын мен араның әрекетіне беретін ұсынысың:______________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ VІ деңгей: Осы сабақтың мазмұнына сүйене отырып қонақжайлылық туралы өз ойыңды жаз:_____________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________



Міне, осы сияқты жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлелдер айта білуге, білімін өмірде пайдалана білуге жетелейді. Пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталанады және қызығушылық танытады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Білімдегі жаңалықтар» Ақпаратты -әдістемелік журнал №3;2014 (47)

  2. Қараев Ж.А.,Қуанбаева Б. «Педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары» Ізденіс Алматы,2004-№1

  3. Ералиева М. Оқытудың жаңа технологиялары. 2006.-№5

  4. . Б.Блум «Блум таксономиясы»

  5. Беспалько В. П. «Слагаемые педагогической технологий », Педагогика. - М. - 1989 г.

  6. Тихомирова Л.Ф. Басов А.В. «Развитие логического мышления детей»

1997 г.

Түйін

Мақала авторы оқу барысында жаңарту технологиясын қолдануды сөз етіп, кейбір әдіс-тәсілдерді ұсынады.

Автор статьи предлагает несколько методов и приемов при использовании новейшей технологий.

The article of author propose some methods and procedures which used the new technology.

© 2010-2022