Зз дыбысы мен әрпі (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Сазды орта мектебі

Бастауыш мұғалімі:Тлеуова Нуржанат Кенжегуловна

Пән:сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Зз дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Зз дыбысы мен әрпін таныту. Сауаттылыққа баулу.
Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру.
Тәрбиелік: дүниетанымын кеңейту, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып тәрбиелу.
Дамытушылық:шығармашылық қабілетін дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өз сөзімен әңгімелеуге үйрету
Түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, интерактивті тақта,слайдтар,суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын,талдау- жинақтау.
Типі: жаңа сабақ, бекіту.
Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ . Психологиялық дайындық: Қуан,шаттан! Қуан,шаттан! Қуанатын күн бүгін! Қайырла таң! Қайырлы таң! Күліп шықты күн бүгін!

ІII. Өткен сабақтан алған білімін еске түсіру. Миға шабуыл

«Кім жұлдызға бірінші жетеді»ойыны.

Оқушыларды 2 топқа бөлу.Білгірлер,Ақылдылар.

Сұрақ-жауап:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(күз)

- Ал жылдың неше мезгілі бар?(төрт)

- Кім атап шығады?(күз,қыс,көктем,жаз)

- Күз мезгілінде неше ай бар?(үш)

- Атап шығыңдар?(қыркүйек,қазан,караша)

- Аптада неше күн бар?( жеті күн)

- Бүгін аптаның нешінші күні?(бесінші күні)

- Қалай аталады?(жұма)

- Әріпті біз не істейміз?(жазамыз,оқимыз,көреміз)

- Дыбыс дегеніміз не?(дыбысты естиміз,көреміз)

- Дыбыс нешеге бөлінеді?( дыбыс 2 бөлінеді)

- Атап шығыңдар?(дауысты,дауыссыз)

- Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

- Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

- Соңғы қандай әріпті өттік?Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

- Бидай мәтіне байланысты нан туралы мақалдар жаттауы сұрау.

Сұрақтар арқылы жұлдызға кім бірінші жететінін анықтау.Ойын арқылы жаңа сабақты шығарып алу.Жұмбақ жасыру.

ІV. Жаңа сабақ.

Түрі жылқы бейнесі

Жолақ-жолақ жейдесі.(зебра)

Әріп те,сан да бола алады.Бұл қай әріп?(з)

Зымыран,зырылдауық,зауыт,зеңбірек

Зебра туралы мәлімет беру.

Зебра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

З-з-з-з-қайталау.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Зз дыбысымен әрпі.Дыбыстың артикулияциясы.

З дыбысының таңбасы?Яғни қай түрін көріп тұрмыз?Баспа.

Енді осы дыбысты өз үйшігіне орналастырамыз.Дауыссыз,көк түспен белгілейміз.З дыбысы сөздің басында,ортасында, соңында кездеседі.З әрпі неге ұқсайтынын сұрау.

V.Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау: қазан VІ. Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз Алақанды соғамыз Алға қарай бір аттап Артқа қарай бір аттап Бір отырып,бір тұрып Сәл демалып аламыз.

VІІ. Оқулықпен жұмыс.

Сөздерді оқып беру,тізбектей, жеке-жеке оқыту. Өлең бойынша сұрақтар қою.

VІІІ. Дәптермен жұмыс.

З әрпінің жазба түрін көрсету,тақтада жазу,ауада жазу.
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.

Зз әрпін көркем жазу.(тақтаға 2 оқушыны шығарып жазғызу)

ІХ.Жаңа сабақты бекіту.

Топтық жұмыс.

І топ.Алғырлар.Буындардан сөз құрау.

За-ри-на зы-мы-ран за-уыт

ІІ топ.Тапқырлар.Көп нүктенің орнына з әрпін жазып, сөзді оқу

Қа- қа-ан са-ан ора-

Х.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті өттік?

-Зз қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

З дыбысы қай киіз үйге кіреді? Көк пе әлде қызыл ма?

Екі жұлдыз,бір тілек

Сабақта не ұнады,қандай тілегі барын айту.

ХІ.Бағалау. Мадақтау.






© 2010-2022