Өрттен құтқарушы иттер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катиева Балнұр Даулетқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

№23 орта мектеп

Боралдай кенті, Іле Ауданы

Алматы облысы

Ана тілі 3- сынып

Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер

Сілтеме: Оқулық, жоспар

Мақсаты:

  • Білімділік: Табиғат апаты туралы түсінік беру,

мәтін арқылы табиғат апатына не жататынын ұғындыру, өрттен сақтану шараларын еске түсіру

  • Дамытушылық: Оқушылардың мәтін арқылы дүниетанымын кеңейту, өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру

  • Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: Өз пікірін еркін айта білуге мүмкіндік туады, көзқарастарын достарымен бөлісе алады, түсінген білімдерін ортаға салады, табиғатты қорғай біледі,ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қоры артады.

Көрнекілігі: Суреттер, постер

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдіс тәсілдері: СТО, топтық, диалог, өзіндік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

  • Психологиялық ахуал орнату

Бір, екі,үш, қайырлы күн!

  • Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырамасын сұрау

  • Әр топтан бір оқушыдан мазмұнын сұрау, қалғандары сұрақтар дайындау

ІІІ. Өткенді қорыту

  • Мәтін бойынша дайындаған сұрақтарын қою

ІҮ. Сабақ мақсатын айту

- Өрттен құтқарушы иттер Лев Толстой.

Ү. Жаңа сабақ

  • Қызығушылығын ояту

Ребус шешу (табиғат апаты.)

  • Табиғат апаты дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Табиғат апатына нелер жатады?

  • Өмірдегі мұндай жағдайлар не үшін болады?

  • Табиғаты апаты нелер жатады топтастыру

  • Топтар мәтінді өз бетінше оқып бір - біріне түсіндіреді.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Сұрақ - жауап:

  • Мәтін не туралы болды?

  • Өрт кезінде итті не үшін пайдаланады?

  • Оны қай елде пайдаланады?

  • Оның аты не?

  • Бірде қандай оқиға болды?

  • Онда кім қалып қойды?

  • Өрт сөндірушілерге не көмектесті?

  • Ана неліктен қуанды?

  • Жұрт неге күлді?

  • Боб қандай ит?

  • Оның ісіне қандай баға бересіңдер?

Топтық жұмыс

  • Өрт неден шығуы мүмкін? Постерге салдыру

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

  • Не білдім?

  • Не үйрендім?

  • Не білгім келеді?

Рефлексия жазу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру

Мәтінді оқу, ереже құрастырып келу.

Бағалау. Топ басшыларына бағалату



© 2010-2022