Әліппемен қоштасу Сыныптан тыс іс-шара 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Әліппе өміріме - азық, бағытыма - қазық!»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, слайд.

Сабақтың барысы:Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышынды сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.

Сиқыршы қыз:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысың, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің Елек негізгі мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 класс оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма? Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге тұр. - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 класс оқушыларының Әліппеге әзірлеген ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. «Әліппені бітірді балаларым Әліппеден нәр алған даналарым Өзі жазып оқитын халге жетті Құтты болсын білімі балалардың! Балалардың білімі құтты болсын! Денсаулығы әрқашан мықты болсын! Білімдерін ары қарай дамытатын Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!» дей келе, «Әліппе өміріме - азық, бағытыма - қазық!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңдер.

Бірінші сөз кезегін мектебіміздің директоры: Ибрашева Данагүл Дулатқызы мен мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі: Каршигина Гүлмира Амангелдиевнаға берейік.

Ортаға біздің жігіттерімізді шақырайық, би: Алға «Қазақ жігіттері»

Дарын

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Батырхан

Армысыңдар , аналар!

Бармысыңдар ,балалар

Сөзіме құлақ салыңдар

Бір серпіліп қалыңыз!

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр - әніміз!

Әлішер

Жетідегі баласың,

Біріншіге барасың

Алғаш рет қолыңа

Әліппені аласың.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл - ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Біз ең алғаш қолға алған оқулығымыз қандай?

Балалар хормен: Әліппе, Әліппе.

Әліппе ортаға келеді!

Әділ әліппе

Армысыңдар жас достар!

Армысыздар ата -аналар!

Менің атым Әліппе

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден!

Амина

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Данияр

Әліппе деген - алтын жол,

Апарады сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Ән: «Болайықшы осындай».

1.Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүл толады.

Қ-сы: Еңбекшіл осындай,

Болайықшы осындай.

2.Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Сиқыршы: Мен сендерге сұрақ қойсам бола ма?

Балалар: қойыңыз, болады.

Сиқыршы: Балалар, қане мұхият тыңдаңдар.

Олай болса алғашқы мектеп ашқан кім?

Бәрі хормен: Ыбырай Атамыз!

Ал келесі сұрақты тыңдаңдар:

- Ал алғашқы Әліпбидің атасы кім?

Ахмет Байтұрсынов атамыз!

Сиқыршы: Жарайсыңдар, балалар!

Әлішер

Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Дарын

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

Батырхан

А деген ол аналар ғой ардақты,

Әдеген ол әкелер ғой салмақты,

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Ойын: Ортаға 3 ата- ананы шақырайық. Оқушылардың басындағы әріптерден жылдам сөз құрау керек.Ана сөз құрайды ,соны баласы оқиды.

Мансұр

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Сарбиназ

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықтап сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де -

Атын, затын, түрін де.

Әмина

Апа - ата атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақын сен!

Сенен білдік әріпті

Асылхан

Іші толы әріпке

Мынау әйбәт әліппе

Барлық ілім -білімнің

Әжесі осы Әліппе.

Ән хормен « Әліппе»

1.Әліппе, әліппе,

Алғашқы әріппен.

«Ана» деп қазір біз

Жазуға әзірміз.

2.Әліппе, әліппе,

Екінші әріппен

«Бала» деп қазір біз

Жазуға әзірміз.

3.Әліппе, әліппе,

Талай бір әріппен.

«Отан» деп қазір біз

Жазуға әзірміз.

Әліппе Балалар, сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар?

Сонымен бірге тағы қандай пәндермен дос болып жүрсіңдер?

Балалар

Математика, дүниетану, ағылшын тілі бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру.

Әліппе Әділ

Оқуға зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын

Би: Әлішер Гүлжайна, Батырхан Камшат, дарын Гүлфайруз

Осы бір тамаша биден кейін тағыда ортаға ата- аналарымызды шақырайық.5 ата -ана шықса 4 орындық алып келеміз. Қатысушыларға залдан бір зат алып кел деп тапсырма беріледі. Алып келген ата - ана затты баласына береді де орындыққа отырады. Үлгермей қалған ата -ана ойыннан шығып отырады.

Батырхан

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Әлішер

Қош құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырдың әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Дарын

Қош бол құтты Әліппем

Тіл тұсауын кестің сен

Аяулы апам болып сен

Айыбымды кештің сен

Сиқыршы қыз :Мен балалардың сауаттылығын тағы бір тексеріп көрейін, қане бәріміз жұмбақтың шешуін табайық.

  1. Үйреткен ілімді, Қырық екі білімді? Алфавит

  2. Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған? Бор

  3. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама? Кітап

  4. Домбырада - жетеу, сырнайда алтау, қобызда бесеу. Бұл не? Әріп

  5. Бұл санда қанша әріп болса сонша сан бар? Бұл қай сан? Жүз

  6. Жел соққанда тау ық бола ма? Тау ық болады

  7. Теңізде қандай тас болмайды? Құрғақ

  8. Ертістің ортасында не бар? Т

  9. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? Тұз

Сиқыршы: Рахмет. Менің ертегілер әлеміне кететін уақытым болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдым. Менің сендерге білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын деймін! Қош сау болыңдар!

Әліппе Әділ

Ал, достар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Ортаға ана тілі шығады

Әліппе: Сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер. Мен бұл кітапты келесі бүлдіршінге ұсынамын, Сендерде осы балалар сияқты жақсы оқиды деген ойдамын.

Енді қош сау болыңдар

Хормен: Қош бол құтты Әліппем!

Ана тілі. Әділет

Сәлеметсіңдер ме, балалар

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмен

Байыптап жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Бір-бірімізбен айнымас дос боламыз.

Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық. Ана тілі оқулығына осы уақытқа дейін үйренген білімімізді көрсетейік.

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Дарын

Слова мир, слова мама,

Напишу уже сама я

Я сама сказку прочитаю

И до сотни сочитаю

Батырхан

Содержи всегда в порядке,

Книжки, ручку и тетрадки.

Әлішер

Парта - это не кровать,

И нельзя на ней лежать

Ты сиди за партой стройно

И веди себя достойно.

Мұғалім: Біздің әліппе оқулығын жақсы меңгеріп, оқуға,жазуға,есептеуге үйренуге ата-анамыздың қосқан үлесі зор. Сондықтан ата-анамызға рақмет айтайық.

Хормен: Рақмет саған, ата-ана!.

Біздің оқушыларымыз оқуды жазуды ғана үйреніп қойған жоқ, біздің оқушыларымыз дарынды. КВН де қойа біледі, тамашалаңыздар.

Жарайсыңдар балалар Өнерлерің өрге жүзсін. Әрқашан сабақтарыңды жақсы оқып ата - аналарыңды қуантып жүре беріңіздер.

*Балаларға сыйлықтар тарату.

Әділет

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Махаббат

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілегін арнасын сіздерге ата - аналар.

*Ата-аналарға сөз беру.

Қорытынды сөзБүгінгі шәкіртердің алғаш қолдарына алған оқулығы Әліппемен қош айтысар кезі жетіп, Ана тілі оқулығын алғалы отыр. Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап, халықтың ұлы болсын деймін!

Елек негізгі мектебі


Әліппемен қоштасу Сыныптан тыс іс-шара 1 класс

Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!»


Әліппемен қоштасу Сыныптан тыс іс-шара 1 класс

Өткізген: Каршигина Гүлзат

1 класс жетекшісі.



2015 - 2016 оқу жылы

7

© 2010-2022