Алтын күз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала. Білім көздері:Экология негіздері. Тақырыбы:Алтын күз. Мақсаты:
  1. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балаалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтаақтары мен жемістеріне қарай бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
  2. Күз мезгілінің астық, жеміс - жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ерте күз, қоңыр күз, жыл құсы. Іс - әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс - әрекеті Ынталандыру. Сезімді ояту. Тәрбиешінің әңгімесі:

  • Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған. Өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сары түскен енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады.
Сұрақтар: 1.Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? 2.Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер? 3.Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады? - Күздің бірінші айы - қыркүйек «Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы - қазнды халық желді, ылғалды, жапырақтар көп түсетін кез деп атайды. Күздің ең соңғы айы - қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды. Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді. Бозторғай, сары шымшық - қыстап қалатын құстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру - үлкен парыз. Сергіту жаттығуын орындату. Әліппе-дәптермен жұмыс: 1.Қ.Шаңғытбаевтың «Алтын күз» өлеңін жаттады. 2.Күзгі жапырақтарды боятады. 3.Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру. Моншақ тізуге нұсқау береді. 4.Табиғаттағы ең негізгі ережелермен таныстыру. Балаларды тыңдайды.






Балалар түсінгендерін қайталап айтады, сұрақтарға жауап береді.




Педагогтің әңгімесін тыңдайды. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.
Өлең жолдарын қайталап, бірнеше рет қайталап жатқа оқиды. Дәптердегі жапырақтарды бояйды. Табиғи материалдардан моншақ жасайды.
Қорытындылау. Өзін - өзі ббағалау Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар: 1.Күз айларын атаңдар. 2.Күз мезгілінің ерекшелігі неде? 3.Күздің барлық кезеңі бірдей ме? 4. Алтын күз қоңыр күзден айырмашылығы неде? Балалар суретті пайдаланып, күз айлары мен олардың ерекшелігін айтады.



© 2010-2022