Ашық сабақ ақ бұзау 1-класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 1 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау.

Көрнекілігі: төрт түлік суреттері, шаблондар, төрт түлік пірлерінің суреттері, парақшалар, кеспе әріптер, слайд, Ж. Смақов. сауалнама, бағалау мониторг т. б.

Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Боз бие» өлеңін жатқа оқу. - жылқының пайдасы сто тех. орындау

Жұмбақ шешу

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. ( Сиыр )

Жаңа сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау. Сто Еті Сиырдың пайдасы Терісі сүті мүйізі

Электронды оқулықпен жұмыс. Сиыр туралы мәлімет. Сиыр төлін қалай атаймыз? - бұзау

- Ендеше, балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы

«Ақ бұзау» деп аталады.

Жаңа сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

Автор туралы түсінік беру. Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов.

СМАҚОВ Жақан (1932 - 1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды.Өткен ғасырдың 50 - 60 жылдары «Сыйлық», «Қаз - қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ - бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деген суретті кітаптарын шығарады. Аяулы ақын 1974 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. өзі оқыған «Ынталы» орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.

«Ақ бұзау» өлеңін ақпараттық құралмен тыңдату. "Ақ бұзау" өлеңімен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу

Сөздікпен жұмыс Ақ бұзау сөзінен дауысты дыбыстарды табу.

Ережемен таныстыру.1. Дыбыстың 2 түрге бөлінетінін білеміз, дауысты және дауыссыз дыбыс болып. Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.Дауысты дыбыстың өзі 2 түрге бөлінеді: жуан дауысты дыбыс және жіңішке дауысты дыбыс.2. Енді кестедегі жуан дауысты дыбыс әріптерін оқиық және жаттап алайық.

3. Тақтамен жұмыс. Сонымен бүгінгі тақырыптың ішінен жуан дауысты дыбыс әріптерін табайықшы

Дәптермен жұмыс 28 - жаттығу1. Өлеңді мәнерлеп оқып Жуан дауысты дыбысты сөздерді табып теріп жазыңдар. Сиыр

Мінезім жайлы сиырмын

Байлығымын бір үйдің

Сырымды менің ұғып ал

Етім дәмді, сүтім - бал

Сергіту сәті Қара жорға биі

29 - жаттығу. Сөздерді оқыңдар Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз Терме диктант Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, ірімшік, құрт

Сауалнама жүргізу.Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар арқылы көрсетеді.

Бекіту 1. Дауысты дыбыстар қатарын тап: а) б, в, г + ә) а, ә, е

2. «К» қандай дыбыс?+ а) дауыссызә) дауысты

3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?а) 40 әріп+ ә) 42 әріп

4. Жуан дауыстыларды тап;а) ы, і, ә, о, ұ, е.ә) а, о, ұ, ы.

5. дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?а) 2-ге жуан , жіңішкеә) 3 -ке қатаң , ұяң, үнді

Қорыту Кір жаю әрбір оқушы жуан дауыстысы бар бір сөзден жазып іледі

Үйге тапсырма:"Ақ бұзау" өлеңін мәнерлеп оқу

бағалау



© 2010-2022