Разработка по познанию мира на тему Ауа. Ауаның қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауа.Ауаның қасиеті

Мақсаты

Тақырыбы: Ауа. Ауа қасиеттері.

Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.

ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.

б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қызығушылықты ояту.

«Көрінбейтін сиқыршы »

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ауа туралы не білесіңдер?

Ол туралы не білгілерің келеді?

Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.

1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.

- Тез қысыла ма?

Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни 78 ℅, оттегі - 21℅,

1 ℅ - көмірқышқыл газы. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?

- Жоқ.

Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?

- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?

- Иә.

- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.

Сергіту сәті

Сергіту сәті.
Саусақпен мұрын қысайық.
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенін ұғайық.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Ой - толғаныс.
1. Неліктен қыста үйлердің терезесіне екі қабат әйнек салады?
2. «Ауа таза болсын» дегенді қалай түсінесің?
3. Ауа құрамына қандай газдар кіреді?

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

Ауа. Ауа қасиеттері. (оқу)

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Разработка по познанию мира на тему Ауа.Ауаның қасиетіРазработка по познанию мира на тему Ауа.Ауаның қасиеті

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы

Мақсаты

Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы жайында мағұлмат беру

ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.

б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Бала-бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ауа адам өміріне,жануарлар мен өсімдіктер үшін өте қажет.

-Адам әрекеттері ауаны ластайды.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Бүкіл тіршілікке ауа керек екенің білеміз.Орманды алқапқа кіргенде бірден ауаның тазалығын сезінеміз.Бұл неліктен деп ойлайсындар.Өсімдік тыныс алу арқылы ауаны тазартады.

Сергіту сәті

Қане балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық

Оң аяқ, сол аяқ

Шынығып алайық.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Разработка по познанию мира на тему Ауа.Ауаның қасиеті

Мына кестені толтырайық

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Разработка по познанию мира на тему Ауа.Ауаның қасиетіРазработка по познанию мира на тему Ауа.Ауаның қасиеті

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022