Презентация сыныптан тыс іс-шара Тәуелсіз елім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: « Тәуелсіздік - аңсаған арман, қол жеткен мұрат».
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мен азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Өнеге сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, талдау.
Көрнекіліктер: Тәуелсіздік туралы ұлағатты сөздер, карта, суреттер.
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру.
  2. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру.
  3. Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау. Сабақ жоспарымен таныстыру.
Бүгінгі сабағымызда мына тақырыптарда сөз қозғаймыз:
  1. «Ғасырға бергісіз жиырма жыл» - тарих беттеріне шолу.
  2. Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз.
Біріншісі - еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл, екіншісі - сол Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл. Бұл бір - бірімен біте қайнасып кеткен оқиғалар. «Ғасырға бергісіз жиырма жыл». Тарих беттеріне шолу жасайық. Тәуелсіздік. Азаттық. Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті, қастерлі ұғым болған емес, болмайды да. Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы мақсатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Кенесары мен Наурызбай, Исатай мен Махамбеттей аталарымыз, Қайрат пен Ләзаттай аға-апаларымыз азаттық жолында жандарын қиды. Қайрат пен Ләззат кімдер? 1986 жыл 16 - желтоқсанда Алматыда Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің бар жоғы 18 минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Республика басшысы Д. А. Қонаевты орнынан алып, Республикаға мүлде белгісіз Г. Колбинді басшылыққа отырғызды. Тұтқиылдан түскен суық мәлімет жастардың ашу - ызасын тудырды. Олар алаңға шықты (оқушыларға оқиғаны түсіндіріп айтып беру).
  1. Бар - жоғы 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар бір ғасырда жүзеге асатын
істерге бергісіз. 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялап, тас бұғаудан босап, қайта түлегенін төрткүл дүниеге танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі - жаңғыру кезеңі басталды. Ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы тұрды. 20 жыл ішінде мемлекетіміз аяғынан тік тұрып, еңсесін түзеп қана қоймай, көршілес елдерге үлгі болуда. Бір кездері арман болған тәуелсіздікке біздердің қолымыз жетіп отыр. Бұрындары қазақ баласы Мәскеуде, Петерборда оқыса таң қалушы еді. Бүгінде жылына 5000-ға жуық жастар білім қуып, әлемнің әр түкпіріне жол тартуда. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі Арқа төсіндегі ару қала, елордамыз - Астанада соғады. Ақорданың төбесінде қасиетті көк байрақ желбірейді. 1993 ж. 28 қаңтарда тұңғыш Конституция қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 1991 ж. Қазақтың тұңғыш Президент сайланды. 1997 ж. Ақмола ҚР астанасы болды. 1992 ж. Еліміздің жаңа нышандарын бекітті. 1997 ж. 11 шілдеде «Тіл туралы» заң қабылданды. 1992 ж. БҰҰ мүше болды. 1993 ж. Төл теңгеміз шықты. 2002 ж. 8 тамызда «ҚР баланың құқықтары туралы» заң қабылданды.
  • Балалар, біз қандай елміз?
  • Дербес, азат елміз.
  • Мемлекетіміздің - Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, Астанасы, Ата Заңы, мемлекеттік шекарасы, мемлекеттік тілі бар.
Қазақстан Еуразия құрлығында жатыр. Біздің территориямыздың 12% Еуропада жатыр. Еліміздің Еуропадағы ең беделді ұйым ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді қабылдап алды. (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы). Қаңтардың алғашқы күнінен бастап жұмысын бастады. Еліміз жарты әлемнің қауіпсіздігіне жауапты. Бұл біздің еліміз үшін өте үлкен бедел, жоғары деңгей. Бұл - тәуелсіздік дәуірі. Тәуелсіздік ұлттық сананы оятты. Баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Тәуелсіздік жолы - ерлік жолы. Тәуелсіздік - құдіретті, ардақты ұғым. Ата-баба ерлігі - халық мұрасы, оның тарихы, оның мақтанышы. Маслихатұлы Марғұлан: Тәуелсіздік деген не? өлеңін оқиды. Қорытынды.



Астана қаласы Білім басқармасы

№38 мектеп-лицей


Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-

ұлттық мақтаныш»

Сыныбы: 1 «А»

Мұғалімі: Л.С.Асанова



Астана 2011 ж.

© 2010-2022