Сауат ашу Г дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу.

Г г дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Оқушыларды Г дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Г дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау.Сөздерді буынға бөлу.

Адамгершілікке,табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Г дыбысы арқылы балалардың сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: кеспе әріптер,суретті әліппе,интерьактивті тақта.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Өткенді қайталау.

3.Үй тапсырмасы.

1.Оқу құралдарын дайындап, оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Өтілген әріптерді еске түсіру.

Ерте,ерте,ертеде қазақ тілінде 42 әріп болыпты.Қазақ тіліндегі 42 әріп қазақтың кең даласында киіз үй тігіп отырыпты.Дауысты дыбыстар қызыл үйде,дауыссыз дыбыстар көк

үйде тұрыпты.Ендеше осы уақытқа дейін өткен әріптердің қай үйде тұратынын анықтайық.Балаларға дауысты,дауыссыз дыбыстарды атату.Интерьактивті тақтадан дұрыс жауабын қарау.

3.Үй тапсырмасы.

Біз қандай әріппен таныстық?

Ү Ү Ү әрпімен

Ү әрпіне сөздер айтқызу.

Ү әрпіне байланысты суреттер көрсетіп,сөйлем құрату.

«Кім кінәлі» өлеңін оқушыларға тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

4.Жаңа сабақ.

Интерьактивті тақтадан гүлдердің суретін көрсетіп,аттарын сұрау

Гүлдердің бізге қандай пайдасы бар?

-Таза ауа аламыз.Аналарға,апаларға сыйлаймыз.Бөлмеге сәндік үшін қоямыз.

-Осы гүл сөзінде бізге бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-Г г г дыбысы.

Олай болса бәріміз қосылып айтайық.

Г г г г г г

Ол қандай дыбыс?

Дауыссыз дыбыс.

Қандай текшемен белгілейміз?

Көк текшемен.

Г дыбысына байланысты сөздер айтқызу.

Г әрпінің таңбасын ауада тақтада жаздыру.

5.Оқулықпен жұмыс.

Буын сөздерді оқып мағынасын түсіндіру.Балалармен бірге оқу,жеке-жеке оқыту.

Ойын: «Буындардан сөз құра»

6.Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі Г әрпінің таңбасын бастырып жазу.

7.Қорытындылау.

«Сөз ойла,тез ойла»

8. Мадақтау.


© 2010-2022