Сыныпта. Біздің үшінші сыныпта

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі класы: 3 «б» күні :11.04.2014 жыл.

3 «в» күні : 12.04.2014 жыл .

Сабақ тақырыбы: Сыныпта.Біздің үшінші сыныпта.

Мақсаты: Оқушыларға сүйікті сыныбы , оның ерекшелігі , ережелері туралы әңгімелеп, соның ішінде мәтінге тоқталу, диалог жүргізу.Біздің үшінші сыныпта тақырыбына әңгіме жүргізу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға сүйікті мектебі , оның ерекшелігі , ережелері туралы әңгімелеп, соның ішінде мәтінге тоқталу, диалог жүргізу.Біздің үшінші сыныпта тақырыбына әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: оқушының ақыл-ойын, мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру, сөйлету арқылы сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік: Өз сыныбын, сыныптастарын сыйлауға, сүюге, үнемі білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, жазбаша тапсырмалар орындау, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Мектепке , оның түрлеріне байланысты суреттер, жаңа сөздер,оқулық.

Сабақтың мазмұны мен жүрісі

Сабақ жоспары:

Сабақтың құрылымы

Жұмыс түрлері

Уақыты

1

Пропедевтикалық практика

Өткенге шолу

12

2

Бағыттау

Ой қозғау

17

3

Пайымдау

Тыңда, қайтала

6

4

Іс-жүзіндегі практика

Толықтырып айт

6

5

Меңгеру практикасы

Есіңе сақта

13

6

Тәуелсіз практика

Ойлан, жаз

23

7

Өзіндік жұмыс практикасы

«Кім тез ?»

10

8

Дербес үй жұмысы практикасы

Үйге тапсырма беру. Мадақтау.

3

Сабақ барысы:

Жұмыс түрлері

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс- әрекеті



Өткенге шолу

Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, сабаққа дайындық .

Мұғалім сөзі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Отырыңдар.

Сұрақтар арқылы өткенге шолу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Психологиялық сәт.Бір-біріне сұрақтар қою арқылы көңіл күйлерін көтеру.

Дайындалады


Үй тапсырмасын ауызша айтып береді.


Сұрақтарға жауап береді.


Ой қозғау

Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Балалар, бүгін біз сабақта өзіміздің сыныбымыз туралы айтып, оның ерекшелігіне тоқталамыз, үнемі білім алу туралы әңгімелейміз.Сүйікті сыныбым, сыныптастарым туралы айту.

- Мектепке балалар не үшін келетінін білесіздер ме ?

-Оларды жеке -жеке айтып шығайық.

-Әр мектептің өзінің ерекшелігі бар.

Сол туралы әңгіме қозғаймыз.

Сонымен қатар әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, білімімізді көрсетеміз.

Мына тақтадағы суретке қарайықшы не бейнеленген, ненің суреттері?

Сурет бойынша әңгіме жүргіземіз.

Енді өлеңге көшейік.Оқып, аударамыз

Біздің сынып.

Біздің сынып жап-жарық

Өзі таза , әдемі.

Оқушылар келеді.

Орындарын біледі.

Парталары түп-түзу.

Қатарланып қойылған

Әріптер де ілініп.

Сандары да тізіліп.

Миға шабуыл жасап, пысықтайды







Мәтін бойынша

сұрақтарға жауап береді.



Тыңда, қайтала


Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқимыз, аударамыз.

Жаңа сөздерді оқимыз, аударамыз.

Сыныпта- в классе

Біздің сынып- наш класс

Таза- чистый

Әдемі- красивый


Буынға бөліп оқиды





Толықтырып айт

Мына сөйлемдерді толықтыр

Мен ...........оқимын.

Білімнің ................көп.

Білім .................пайдалы.

Мен ................ сыныпта оқимын.

Сыныпта ............. отыр.

сөйлемнің жалғасын табады.



Есте сақта

Мына сөздерді есіңе сақта!

Мектеп, білім,оқу, білімді, ақылды, тәрбиелі.

Есіне сақтау , пысықтау


Ойлан, жаз.

Кім тез?

Жазбаша тапсырмаларымызды орындаймыз.

Сөйлемдер жазамыз. Сөздерді талдаймыз.

Диалог құрастырамыз.

Жазу, пысықтау


Рефлексия.

Қорытындылау

-Не білдік?

-Не үйрендік?

Ауызша жауап береді

Пікірлерін айтады.


Үйге тапсырма, бағалау.

Бағалау Тиісті бағасын қою.

Оқушыларды мадақтаймыз.

Мәтіннің мазмұны.Сынып, сыныптастар туралы шағын әңгіме жазып келу.



© 2010-2022