Статья «Қазақстан халқына жолдауды жүзеге асырудағы қазақ тілі пәнінің рөлі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан халқына жолдауды жүзеге асырудағы қазақ тілі пәнінің рөлі

Мукатова Ж. Ж

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан № 2 Новоишим орта мектебі



Елбасының ел халқына дәстүрлі Жолдауы барша жұртқа, соның ішінде ұстаздар қауымына да ерекше жігер берді.Соңғы жылдары ұстаздардың тұрмыстық жағдайы,еңбекақы жағдайы біршама жақсарып келе жатқаны да жасырын емес.Мемлекет басшысының осы Жолдауында ұстаздардың еңбекқақысының көтерілетіні туралы айтылғаны барша мұғалімдер қауымын қуантып тастады.

Мектеп"- оқушының барлық жағынан да үлкен өмірге қадам басуына тура жол салатын қасиетті орын.Ондағы ұстаздың еңбегінің қаншалықты екенін Елбасының Жолдаудағы оларға ерекше назар аударғанынан да байқауға болады.Мұны біз Президенттің бізге білдірген ерекше сенімі деп білеміз.Біздің балаларымыз тәрбие мен сапалы білім алуы үшін аянбай еңбек ете береміз.Оқушының білім әлемінде құлашын кеңге жайып,елінің абыройлы азаматы болғанынан артық бақыт жоқ.Елбасының Жолдауы бізді осы мақсатқа жетелейді.

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытып үйрету қиын жұмыс.Осы мақсатқа жету үшін жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың оқыту сапасын арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту,білімдерін кеңейту.Мұғалімнің мақсаты оқушының қазақ пәніне қызығушылығын ояту.Ол үшін қазақ елінін мәдениеті,дәстүрі туралы шағын мәтіндермен және түрлі дидактикалық материалдармен жұмыс өткізу керек.

Қазақ Республикасы халықтарының Ассамблеясының отырысында Н.Ә.Назарбаев"...біздің мақсатымыз-Қазақстан Республикасының азаматтары қазақ тілін жеттік меңгеруі тиіс", деп айрықша айтқан.2011-2020 жылдары аясындағы тілдердің қызметі мен дамуы туралы мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазақ тілін меңгерген азамат үлесі 95% пайыз болуы тиіс деп белгіленген.Қазақ тілін қолдана білу-қоғам ішінде әр тұлғаның коммуникативтік міндеттерін оңай жүзеге асыра алуы деп болады.Қазақ тілін білу- бостандықтың,табыстықтың және кәсіби шеберліктің артуының көрсеткіші.

Социологтардың санағы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін меңгеру көрсеткішіне назар аударсақ

1-ші сараптама бойынша:100 пайыздың 64пайыз-қазақ тілін жетік біледі,10 пайыз-қазақ тілін өте нашар біледі,26 пайыз-қазақ тілінде мүлде сөйлей алмайды.

2-ші сараптама бойынша:75 пайыз-тұрмыстық қазақ тілін түсінеді,14 пайыз-қазақ тілін меңгеру жолында,6 пайыз-орыс тілді қауым қазақ тілін біледі, 5 пайыз- қазақ тілін түсінбейді,сөйлемейді.

Қазақ тілін меңгеруіне қиындық туғызатын немесе кері әсер ететін мәнді жайтар

Бұл сауалнама,сұхбат,пікіртерім негізінде анықталған оқушылар мен ата -аналардың пікірлері.

Тілдік ортаның жоқтығы;

Оқушының сана-сезімдік түрткісінің төмен деңгейі;

Ұстаздың кәсіби шеберлігі;

Психологиялық жеңілдік тудыру үшін ана тілімен салыстырмалы әдістің қолданылмауы.

Қазақ тілін үйренудің қажеттілігі жоқ(бәрі орысша сөйлейді );

Оқулықтағы тілдік материалдың қолданбалы тұрмыстық тілмен айырмашылығы;

ҰБТ,МАБ тесттерінде грамматика білімі тексеріледі;

Ата-аналарым, достарым қазақша сөйлемейді;

Қазақтар өз тілінде нашар сөйлейді,кімнен үйренемін;

Орта,жоғары сыныптарда мұғалімдердің ауысуы;

Қазақ тілін меңгеру деңгейіне қарай анықталған топтар

1. 5сыныптан бастап 11сыныпқа дейін сауалнамаға қатысқан оқушының саны 320.

2.Қазақ тілін түсінбейді және сөйлемейді 59%

3.Қазақ тілін түсінеді,бірақ сөйле алмайды 14%

4.Қазақ тілін түсінеді,бірақ сөйлесу деңгейі өте төмен 7,5%

5.Тұрмыстық қазақ тілін біледі,бірақ сөздік қоры сөйлесуге аз мөлшерде 5%

6.Қазақ тілін түсінеді,сөйлейді,бірақкүрделі сөйлемдер құрастыру қиындық туғызады 14,5%



Саулнама сұрақтары:

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі маңыздылығы;

Қазақ тілінің даму қарқыны және болашағы;

Қазақ тілін меңгеру барысындағы қиыншылықтар;

Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері қазақ тілін білуі тиіс пе?

"Тілі бірдің - тілегі бар", " Тіл дағдары - ел тағдары" екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншелігін, өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу - басты міндетіміз.



Қарлығаш Жүнісханова, "Қазақстан халқына жолдау", журнал "Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде", Алматы қаласы, № 7, 2010, 7 бет

Зауреш Нұрымова, "Орта мектепте үш тілде оқыту мәселелері", журнал "Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде", Алматы қаласы, № 2, 2013, 19 бет











© 2010-2022