Қысқа мерзімді жоспар 3-сынып қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

26-ақпан

Қазақ тілі

3-сынып

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ

Сілтеме

Әлеуметтік-мәдени ая

Жалпы мақсат

Өтілген сабақтардың мазмұны мен мәнін оқушылар түсінеді, көктем және көктемде тақырыбының айырмашылығын біледі. Осы сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алады. Сұраулық шылауларды қолданып, өзара әңгіме жүргізеді, жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып сайыс сабақ арқылы ойлары дамиды және шапшандыққа дағдыланады. Өз ойын толық жеткізе алады.

Оқу нәтижелері

Оқушылардың алған білімдерін, өтілген сабақтарды жүйелеу, салыстыру, талдау қабілетін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға, терең ойлауға, берілген тапсырмалар арқылы шапшандыққа, ізденімпаздыққа баулу, өз ойларын, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі идея

Жыл мезгілдерін ажыратып, айымашылықтарын айыра біліп,табиғатты тану,аялау. Өз пікірін тұжырымдай білу дағдысын, сөздік қорын ,тілін дамыту, сипатын түсіндіріп, ұласқан фактілермен көрсету.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сыныптағы психологиялық ахуалға көңіл аудару,оқушыларды түрлі- түсті қағаздар арқылы екі топқа бөлініп отырады. Сабаққа дайындығын тексере отырып, сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Тапсырмалар

1. Психологиялық ахуал

2. Сайыс сабақ 3. Сергіту сәті

4. «Бәйге»

5. «Көкпар»

6. «Арқан тарту»

7. Көрініс

8. Диалог «Ситуациялық сұрақтар »

4. Тест

2-мин

1.Оқушылар екі топқа бөлініп отырады

Сәлеметсіңдер ме!

Ал, қане тынышталайық,

Бәріміз тәртіп сақтайық.

Сабағымыз -қазақ тілін,

Қызықты ғып бастайық.

Бар білімді тезірек,

Ортаға біз салайық.

Сабағымыз сәтті өтсін деп,

Сәттілік тілейік !

Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Әр топ хормен.

Бүгін сабақта біз жыл мезгілдері бойынша өткен тақырыптарды қайталаймыз. Бұл сабақ сайыс түрінде өтеді. Сабақта сендердің білімдеріңді әділ қазылар бағалайды.

3-мин

Үй тапсырмасын тексеру.

164-беттегі 5-тапсырма берілді. Сұраққа жауап бер. 1.Кім қай айда туған? Ескендір сәуір айында туған. Саша наурыз айында туған. Оксана мамыр айында туған. (2-3 бала)

2. Балалар сонымен қатар екі балаға үй тапсырмасына көктем туралы өлең жаттау болды.(Анна, Абуали)

Өте жақсы балалар енді біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

2-мин

Сайыс ережесі.

1.Өзін өзі таныстыру. Әр топ өз атауын, ұранын айтады.

2 -тапсырма «Бәйге» ( тақтамен жұмыс)

1-топ: Қыс туралы 2-топ: Көктем туралы сөз тіркестерін жазу.

3- тапсырма «Көкпар»

Мақал-мәтел сайыс 4-тапсырма «Арқан тартыс»

Диалог «Ситуациялық сұрақтар » 1.топ: Сырғанақта...........

2.топ: Көктемгі еңбек.................

5-тапсырма Көрініс сайысы

1.топ: Бауырсақ

2.топ: Шалқан

2-мин

1 тапсырма: Топтың аты. Топтың ұраны. 1 топ: Бауырсақ

Бауырсақ тобы алға! Биіктерге самға, Достығымыз барда. Жүреміз тек алға.

2. топ: Шалқан

Біз шалқанбыз, шалқанбыз, Бақытты өмір жалғаймыз. Шаттық думан көңілді. Болашаққа жалғаймыз

3-мин

2-тапсырма: «Бәйге» екі топтан бір-бір бала шығып тақтаға берілген тапсырманы орындайды. 1-топ: Қыс туралы 2-топ: Көктем туралы сөз тіркестерін жазу.

5-мин

3-тапсырма. «Көкпар»

Мақал-мәтел сайысы. Берілген мақалды аяқтау.

1топ: 1.Ел мен .........................

2.Көп түкірсе ........................

3. Елің- ............... Жерің - .......................

4.Жер байлығы-....................

5. Отан - оттан ................

6.Елін сүйген ..................

7. Ерлік -..............

8. Адалдық-................

2 топ: 1. Ел іші ...................

2. Еліңе қарап,................

3.Ауылым-.......................

4. Өз елім-.......................

5.Ерлік-..................

6. Көз- қорқақ,....................

7. Ер қанаты ...........

8. Асылдың бірі-.....................

4-мин

4-тапсырма «Арқан тартыс»

Диалог «Ситуациялық сұрақтар » 1.топ: Сырғанақта...........

2.топ: Көктемгі еңбек.................

Әр топ жалғастырып диалог дайындайды.

8-мин

5-тапсырма Көрініс сайысы

1.топ: Бауырсақ

2.топ: Шалқан

Сахналау, ролге бөлініп көрініс көрсетеді.

Қорытынды

7-мин

1.Бір жылда неше мезгіл бар? а) 5 ә) 4 б) 2

2.Қыс айларын тап а) желтоқсан,қаңтар,ақпан ә) наурыз, сәуір, мамыр б) қаңтар, наурыз, сәуір

3. ....................... жаңбыр жауады а) көктем ә) қысты б) кектемде

4. «Ұшып келе бастады» сөзінің дұрыс аудармасын тап а) скворечник ә) начали прилетать б) зацвели

5. Бәйшешек қашан гүлдейді? а) көктемде ә) жазда б) көктем

6.8 Наурыз қандай мереке? а) мұғалімдер күні ә) Жаңа жыл б) Аналар мерекесі

7.Сөйлемде аяқта: Көктемде .............. жылынады. а) күн ә) қар б)шөп

8. Айгүлдің туған күні 10 Мамыр. Айгүл қай жыл мезгілде туылды. а) көктемде ә) күзде б) жазда.

9. 22 Наурыз - .............. сөйлемді аяқта. а) аналар мерекесі ә) Ұлыстың ұлы күні б) Жеңіс күні

10. Жалғауын дұрыс тап: Көктем..... құстар ұшып келеді. а) -де ә)- да б) -ды

Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызда қыс, көктем және көктемде тақырыбынның айырмашылықтарын жақсы түсіндіңдер, Бүгінгі сабақта өздеріңді өте жақсы көрсете білдің дер.

Бағалау

3-мин

Рефлексия

4-мин

Үйге тапсырма

2-мин

1.Әділқазылар алқасының мүшелерінің шешімі бойынша топ бағаланады

Әр оқушы сабақ туралы өз ойын стикерге жазып тақтаға жабыстырады

162-бет, 2-тапсырмадағы өлеңді жаттау.

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақ тілі 3- сынып

Қазақ тілі А.Қайырбекова. Алматы «Атамұра» 2010жыл. 160-бет

Директор оқу ісі-жөніндегі орынбасары: Альпенова.Ж.М.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Туханова.Н.Б.



© 2010-2022