Татулықтың нұсқасы 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақстан халқы Ассамблеясына -20 жыл Тақырыбы: «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» Мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту. Көрнекілігі: шаңырақ, қанатты сөздер, слайдтар, ұлттық киімдер Ән ұранмен бастау Мұғалім: Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Содан бері бақандай 20 жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында биылғы 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Сондықтан да, табалдырықтан аттағаннан бастап Қой жылында елдің түкпір-түкпірінде осынау мерейтойға арналған шаралар бастау алса, бүгін ресми түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылып отыр. Осындай айтулы шараға орай өз құттықтауын жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ассамблея Жылы - барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі, барлық 17 млн қазақстандықтың iсi» екенін алға тартады. «Ассамблея Жылы бiздiң орасан нақты iстер мен жаңа жетiстiктердiң жылы болады. Ассамблея жылы Конституциямыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы секiлдi маңызды оқиғаларға бай. Биылғы жыл тарихи тағдыры ортақ халық бiрлiгiнiң жарқын көрiнiсiне айналуы тиіс. Қазақстан - бiр ел, бiр халық, бiр болашақ. Сондықтан Ассамблея Жылының басты идеясы - «Менiң елiм - мәңгiлiк ел!», - дейді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз құттықтауында. Шындығында, Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы секілді мемлекеттік маңызды мерейтойлар қатарында аталып тұр. Қатарында аталып қана тұрған жоқ, тұтастай бір жылды осынау бірегей институтқа арнағалы отырмыз. Ендеше, бұндай органға осыншама мемлекеттік мән беретін оның ерекшелігі нешік? Мәселені осы тұрғысынан алсақ та Ассамблеяның қоғамдағы орнының маңыздылығын мейлінше түсінер едік. Өйткені, Ассамблеяның басты ұраны - Ел бірлігі! Ал бірлік болмайтын жерде береке де, тірлік те болмайтыны бесенеден белгілі, бұл жайында бабалардан қалған даналық ой, асыл сөздер де жеткілікті. «Бақ қайда барасың? Бірлігі жарасқан елге барамын!» демеп пе еді сондай даналықтың бірі. Түптеп келгенде, Тәуелсіздік жылдарынан беріге қарай жеткен әрбір жетістіктің, асқан әрбір асудың өзегінде - елдегі тыныштық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен бірлік жатқаны да ақиқат. Рамазан: Қымбатты Қазақстандықтар! Бұл жайында Елбасы Н. Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрынғы: «Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең-байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын тілеймін. Мұның, ең алдымен, миллиондаған қазақстандық отбасына керек екенін еске аламын. Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын, сәбилердің мүгедек болмауын, қарт адамдардың күйреген үйлерінің алдында қасірет шегіп, жыламағанын қалаймын» деп мәлімдеуі институттың шын мәніндегі миссиясын ашып көрсетсе керек. Асылзат: Қадірменді қауым! - Барлық Қазақстан халқын біріктіретін бірден-бір фактор - қазақ тілі. Қазақ тілі - ұлт пен ұлысты біріктіруші, ұйыстырушы, түсіндіруші, бір-бірімен ұғыстырушы құралға айналатын мемлекеттің ең басты тетігі. Мемлекеттік тіл арқылы түсінісе білсе оңай әрі жеңіл болады. Сондай күнге жетсек, Ата Заңымыздағы мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесін толық орындауға мүмкіндік болады деп есептеймін. Ақиқат: Құрметті әлеумет! Қазақстан Республикасын мекендеп отырған 16 миллион халықтың тағдыры бір, өмірі бір, тіршілігі бір, мұңы бір, соның барлығы Елбасы айтқандай, бір ел, бір ту, бір тіл, бір дін қағидаты бойынша жүруі керек. Сол кезде Қазақстан халқының достығы берік, ынтымағы мықты болады. Осы қалпын одан сайын берік қылатын бірден-бір жол - мемлекеттік тіл, барлығымыз қазақ тілі арқылы түсінісуіміз керек. Еліміздің жетістіктерін жоққа шығармай, Тәуелсіздікті баянды етуіміз керек. Тіл мен Тәуелсіздік екеуі егіз ұғым, тұрлаулы ұғым. Ең басты дүниелер осы мәселелерге келіп тіреледі. Бұл мәселелер шешілгенде тыныштық та, тұрақтылық та, береке де, мереке де болады. Сәуле: Қымбатты достар! Елбасы осы сесияда "Қазақстанда тұратын 16 миллион халық қазақ тілінде сөйлейтін кезді аңсаймын, армандаймын" деді. Бұл сессияда айтылған аталы сөздің бірі осы болды деп білемін. Шынында түпкілікті елдің елдігі - айналып келгенде бір тілде түсінісуіне келіп тіреледі. Осы тұрғыдан алғанда Ассамблеяның көтерген жүгі де, ондағы Елбасы сөзінің салмағы да осы мемлекеттік тілге жаңа бір мазмұн бергендей көрінді. Онда орыс тілді ағайындарға да, өзге ұлт өкілдеріне де Елбасының баса айтқан нәрсесі «Біз 20 жыл уақыт бердік, ешкімді көзге шұқыған жоқпыз, кеудеден итерген жоқпыз, тіл үйренуге барлық жағдайды жасадық, ал енді сөйлейтін болсаң, өзіңді мәжбүрлеп, қинап сөйлеме, қазақ халқын құрметтеп сөйле» деді. «Қазақ халқы сондай құрметке татитын халық» деп баса айтты. Бұл Ассамблеяның үлкен жетістігі, көрінісі деп ойлаймын. Вероника: Дорогие соотечественники! Здравствуй, праздник! Праздник всей земли, дружбе нет границ. Мы родились на этой земле. И хлеб у нас един, и вода, и Родина у нас одна. Самое великое счастье на земле это братство, дружба и единство. Елбасымыз айтқандай «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ ең алдымен өзімізге керек». Асылбек: Құрметті Қазақстан тұрғындары! Мен үшін, әрбір қазақстандық үшін де, жүрегі елім деп соғатын әр қазақ үшін 20 жылдағы ең басты жетістігігіміз - еркін де егемен Ел болғанымыз, бүкіл адамзат таныған, мойындаған әрі құрметтейтін Мемлекет құрғанымыз. Егемендігімізді баянды етудің берік қамалы, елдік пен мемлекеттіліктің еркін самалы, толағай табысымыздың толымдысы, барлық атқарып жатқан істеріміздің болымдысы - осы Тәуелсіздік. Жұбаныш: Қадірменді әлеумет! Тәуелсіздік ең алдымен ұлттың беделін орнықтырды. Тәуелсіздік - Тілдің беделін орнықтырды. Соның арқасында қазақ тілі - Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленді. Сонымен қатар Тәуелсіздік - Діннің беделін орнықтырды. Соның арқасында имандылық пен рухани құндылықтар қайта оралды. Альбина: Аса құрметті Қазақстандықтар! «Елу жылда - ел жаңа» дейді қазақ. Қазақ қоғамы 50 жылда емес, 20 жылға жетпей-ақ жаңарды. Жаңа тұрпатты, жан-жақты жетілген жаңа ұрпақ қалыптасты. Қазақстан атты қуатты, жас та өршіл мемлекет өркениет көшіне қарқынды қадам басты. Бүгінгі таңда кең-байтақ Отанымызда ұрыс жоқ, ырыс бар. Берекеміз де, мерекеміз де бар. Ол - осы бірліктің арқасы. Ынтымақтың арқасы. Достық пен өзара жарасымның арқасы. Талай қиындыққа төзе білген қазақтың арқасы. Қазақты түсіне білген туыс-бауырлардың да арқасы. Дина: Құрметті достар! Тоқсаныншы жылдары Қазақстандағы жағдай мүлдем басқа, өте күрделі еді. Дәл бүгінгідей жағдай тіпті түсімізге де кірмейтін. Өмір тез өзгерді. Өзгергенін көзі көрді. Бүгін Қазақ намысқа тырысып, әлем халықтарымен бәсекеге түсіп отыр. 1991 жылдан бастап Елбасыны әлем тани бастады, Президентіміз арқылы бүгінде елімізді бәрі таниды. Дүниежүзі қазақ дейтін халықтың бар екенін білді. Әлем картасынан Қазақстанды, оның елордасы - Астананы жазбай танитын болды. Сол кездері Елбасы «Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналуымыз керек», «Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сайын қорғау керек, жыл сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек», деп айтқан болатын қазақ газеттеріне берген сұхбатында. Сондықтан ата бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын деп тілейік. Еліміз асықпай, нық қадаммен жүріп, жасай берсін! Тілек: Құрметті Қазақстандықтар!

Бір сөзбен айтқанда, сонау жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Ендеше еліміздің тұрақтылығы мен татулығына, бейбітшілігі мен бірлігіне қызмет ететін Ассамблея сияқты айрықша институтқа бір жылымызды арнау құптарлық қана емес, қуанарлық та іс. Тіпті бұл жыл дәл осы тұрғыдан алғанда тарихи жылға айналуы да әбден кәдік. Өйткені, қанша дегенмен табыстың, тұтастықтың кілті - бірлікте. Сондықтан да, Ассамблея жылының - Ел бірлігі жылы ретінде есте қалатындай өткізуге «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бірге көтерейік!

Құрметті көрермендер!

Еліміздің бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын 20 жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білдік. 20 жыл ішінде Қазақстанды 120 дан астам ел танып, 130 дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату -тәтті өмір сүруде. Олай болса , бірлігі жарасқан елімізді тіл көзден аман қылып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бақытымызды баянды ете гөр деп тілейік!

Семинарымыздың екінші бөлімін, бүгінгі мерекемізбен құттықтау сөз бен ақ тілекпен бастағалы отырмыз. Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры: Мустагулов Серік Көкенайұлына беріледі.

Пай - пай, киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер!

Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,

Сарылып сал - сері кеткен жер,

Бас иіп иіскеп топырағың,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ,

Бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға.

Тағзым жасаймын қырларға

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанда.

Ортаға қазақ елі әнімен 4-сынып оқушысыТөлеубайқызы Айжанды ортаға шақырамыз.

Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп, татулық, бірлік, ынтымаққа шақыра отырып, әр ұлт өкілдерінің өнерін тамашаласақ.

Алдарыңызға 4-сынып оқушыларын орыс биі ....................................................................... тамашалауға шақырамыз.

Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен - бірі туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр

Қырғыз, қазақ, Өзбектер

Армян, түрік, грузин.

Орыс пенен Украин

Терезесі тең жатыр,

Алатау Кавказ ұласып

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр - деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста.

Алдарыңызда 2-сынып оқушыларын....................................................................биімен ортаға шақырамыз.

. Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. Олай болса осындай бірлігі жарасқан, өз жеріміздегі әр ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Алдарыңызда 3-сынып оқушылары татар биі...............................

орындайды.

Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз. Олар біздің елімізде тұрса да, өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130дан астам ұлт өкілдері күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық-құндылықтарына құрметпен қарайды.

Алдарыңызға орыс әндерінен папурри орындауға 4-сынып оқушысы Рымбек Еркеназды шақырамыз. Бүгін біз татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық, татулық бар жерде достықтың, сыйластықтың, бірліктің бар екенін ұғындық. Алдарыңызда ................................................1 «ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Бүгін мектебіміздегі бастауыш сыныптар арасында өткен Қазақстан халқының ассамблеясына 20 жыл толуына орай өтіп жатқан «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты семинарымыздың қорытындысы ретінде мына бір ертегімен аяқтауды жөн көрдік. «Тату балалар» ертегісі Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкенін-басбармақ, екінші ағасын-балаң үйрек сұқ саусақ, үшіншісін - ортан терек, төртінші інілерін-шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын-кішкене бөбек деп атапты. Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті,тамақ әзірледі. Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып,үй шаруасына кішкентайларына қарады. Шылдыр шүмек өте сабырлы,ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен. Ал,кішкентай бөбек болса, үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен. Осылайша, бес ағайынды балалар тату-тәтті,өзара жарастықта ,сыйластықта өмір сүріп жатты. Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда,бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады. Сөйтіп олар қиын шақта бір-бірінің арқасында үлкен күшке айналды. Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға қарай қаша жөнеліпті. Ал,ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен. Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық, бірлік, достықтарын көрсете білді. «Татулық-табылмас бақыт», «бірлік болмай тірлік болмас», «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген нақыл сөзді осы негізге сүйеніп айтса керек. Алдарыңызда 1 «а» сынып оқушыларын казақ биі Әгугаймен ортаға шақырамыз. Қорыта айтқанда Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел - бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды. Біз, ел азаматтары, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс - ынтымағы тасыған, өркені дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!
































































© 2010-2022