Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Юнусованың ана тілі пәнінен

қысқа мерзімді жоспары

2014-2015 оқу жылы


Күні

11.02. 2015

1

Сабақтың тақырыбы

Отан .Жуан және жіңішке айтылжұп дауыстылар

2

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, Отанның қаншалықты адамға қымбат екенін түсінуге баулу.Сауатты жазу ,мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру,жұп дауысты дыбыстардың айырмашылығын ажыратуға баулу, білімдерін орынды жерде қолдана білуге баулу. Дамытушылық: Тақырыптан түсінгендерін өмірде орынды қолдана білуге баулу,сөздік қорларын арттыру. Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтау, тиянақтау Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,сауатты жазуға тәрбиелеу.

3

Табыс критерийлері Өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеді, Отанның қаншалықты адамға қымбат екенін түсінеді.Сауатты жазу ,мәнерлеп оқу дағдыларын арттырады, жұп дауысты дыбыстардың айырмашылығын ажыратуға, білімдерін орынды жерде қолдана білуге үйренеді. Тақырыптан түсінгендерін өмірде орынды қолдана білуге үйренеді,сөздік қорлары артады. Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтап, тиянақтайды. Топтық жұмыс арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастырып,сауатты жазуға тәрбиеленеді.

4

Түйінді идеялар Топтық,жұптық,жеке жұмыс, салыстыру,топтастыру, формативті,суммативті бағалау,зерттеушілік әңгіме.

5

Ресурс

Интернет көздері, оқулық,әдістеме

6

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын

Сабаққа дайындықтарын көрсетеді

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

-Балалар , өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Әңігменің мазмұнын кім айтып береді?

-Туған өлкенің қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

-Туған ел,жер жайлы қандай мақалдар білесіңдер?

- «Жусанда туған жердің иісі бар »атты әңігмемен таныстық

Балалар әңгіменің мазмұныны айтады.

Ой қозғау

5 минут

-Отан деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Отансыз адам-ормансыз бұлбұл атты мақалдың мағынасын талдайық...

Балалар өз ойларын айтады.

Оқулықпен жұмыс

8 минут

70-жаттығу

-Өлеңді мәнерлеп оқиық

-Ақын Отанды кімдерге, нелерге теңеген?

-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Шығармашылық жұмыс

2 минут

Ойын «Ойлан, тап»

Жасырылған жұмбақтарды шешіп,сөзді қатыстырып сөйлем ұрайды

Дәптермен жұмыс

10 минут

71-жаттығу

Мақалды өз беттерімен көшіріп жазады,сөздердегі дауысты дыбыстарыдң астын сызады.

72-жаттығу

Ертегі -жұмбақ

Дыбыстар үйшігінде дауысты дыбыстар тұрыпты

-Суретке қарап,жұп дауысты дыбыстарды атайық...

61-жаттығу

Көгершін мен құмырсқаның сиппаттап жазады

72-жаттығу

15 дауысты дыбыс

А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү,

Сабақты қорыту

4 минут

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Отан өлеңін мәнерлеп оқиық

-Отан деп кімдерді айтады екенбіз?

-Отан туралы мақал -мәтелдер айтайық

«Отан»өлеңін мәнерлеп оқыдық

Өлеңді мәнерлеп оқиды

Кері байланыс және бағалау

4 минут

Сабақта алған әсерлерін «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша айтуға үйретемін

Балалардың сабаққа қатысулары бойынша пікір айта отырып ,бағалаймын

Сабақта алған әсерлерін «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша айтады.

Үйге тапсырма

2 минут

49- бет

70-жаттығу



© 2010-2022