Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік тақырыбында ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жол тәртібін білейік,

аман - есен жүрейік.

Мақсаты:

Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, жол белгілері салынған суреттер, жұмбақтар, жол белгілеріне арналған кітапшалар.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» атты іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

2-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп-

Ол ортақ

Үлкен- кіші баршамызға!

1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған.

Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

  1. Ескерту белгілері

  2. Басымдық белгілері

  3. Тыйым салу белгілері

  4. Міндеттеу белгілері

  5. Ақпараттық- көрсеткіш белгілері

  6. Қызмет көрсету белгілері

  7. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар)


Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындығынан хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді.Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық- көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны- 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемелекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.
1.Жол белгілеріне байланысты сұрақ- жауаптар.

  1. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады:
(жаяу жүргіншілерге арналған белгі суретті көрсету, балалар жауаптарын тыңдау) Ақ жолақтары бар жерінде және алдындағы бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде өтуге болады.
  1. Егер бағдаршам болмаса:
Көшеден өте бере сол жаққа қараймыз, көшенің ортасына келгенде оң жағымызға қараймыз.
  1. Суретте жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілердің нөмірлерін ата.

2.Бағдаршам ойыны. Балалар мына жұмбақты шеше отырып ол туралы біз не білеміз?Қане ортаға салайық. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам) (бағдаршам туралы өз білетіндерін балалар ортаға салады, іс-қимылмен көрсету)
  1. Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
  1. Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
  1. Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба! 3.Жұмбақтар шешу.
  1. Ұзын өзен
Суы жоқ (Жол)
  1. Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
  1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Полиция)
  1. Бір тұлпар су ішпейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Доғасын сымына сүйреп, жол жөнейді. (Трамвай) Есіңде сақта! Жолды тек жаяу жүргіншілерге арналған арнаулы жерлерден өту керек. Көшеден өте бере бірінші сол жаққа қараймыз, көшенің ортасына келгенде оң жағымызға қараймыз. Жолда ойнамаңыз.

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған

арнаулы мектеп-интернатының тәрбиешісі

Мулдагалиева Ботакоз Зейноллақызы





© 2010-2022