Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағы

Г.М. Бимолданова.

Бастауыш сынып мұғалімі
№17 орта мектеп
4 «А» сынып Сабақтың тақырыбы: Батылдық пен өжеттілік

Батыл болмай, батыр болмайды.

Халық даналығы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру; Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту; Батылдыққа, өжеттікке,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілікі: Оқулық, үнтаспа.

Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері: Қуанышқа бөленген әр күніміз, Бақыттымыз, балалар, барлығымыз. Біз - Отанның балдырған ұлдарымыз, Әдептілік, батылдық - ұранымыз. (Слайд №1)

  • Бүгін сабағымызда батылдық және өжеттік ұғымдармен танысамыз.
Батылдық - ерлік, жүректілік. (Слайд №2) Батыл - ержүрек, қайсар. Өжет - алған бетінен қайтпайтын қайсар, батыл, бірбет, өр. Өжеттілік - батылдық, ержүректілік, қайсарлық.
  • Сендер батыл деген сөзге қандай синоним айталасыңдар? (Батыр)
  • Қандай батырларды білесіңдер? (Слайд №3)
(Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады. Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды) (Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан.) Мәтінмен жұмыс «Қойшы Қаһарман» ертегі (Мәтінді түсініп оқу)
  • Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әректінен байқадыңдар?
  • Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
  • Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
  • Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
  • Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Мультфильм көру (Оқыған ертегімен салыстыру) Дәйексөз
  • Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата-анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.
Сергіту сәті Шынығамыз жастай біз, Жаттығуды бастаймыз. Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Бойымызға жинап күш. Көрініс (Ұл бала қызды ренжітіп қояды, екінші ұл келіп қыз баланы қорғайды.)
  • Кім батыл?
Жағдаяттарды шешу (Оқулықпен жұмыс. 104бет).
  • Суреттерге мұқият қарап, батылдық пен орынсыз қылықты ажыратып, айтыңдар.
Дәптерде жұмыс Оқушылардың сабақта алған білімдері пысықталады. І-тапсырма Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешіңдер.
  1. Абылай ханның Қабанбайбатырға қойған аты. (Дарабоз)
  2. Ақжолтай батыр. (Ағыбай)
  3. Махамбеттің серігі. (Исатай)
  4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры.(Рақымжан)
  5. Желтоқсан оқиғасының батыры. (Қайрат)
ІІ-тапсырма: Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме айтып беріңдер. Ойын (Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады. Меже белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.) (Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.) Эссе жазу (Өмірде ерлікке орын жетеді.) Жүректен жүрекке Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:
  • Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.
  • Деніміз сау болсын.
  • Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.
  • Өлең оқиды.

Батыр ата

Ө.Тұрманжанов «Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз, Алтын туы сияқты ол ғасырдың. Батыр ата: «Батыр бол!» - деп ұрандар! Естіндер жас жеткіншек қырандар! Батыр болып, туған жерді қорғауды - «Шын бақыт!» - деп тілек етіп сұраңдар.

© 2010-2022