Конспект конкурса по математике Кім тапқыр ?

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кім тапқыр?» математикалық сайыс

Сыныбы:2
Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр?» математикалық сайыс
Мақсаты:
1)Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту.
2) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Дидактикалық, логикалық т.б. тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері: Сұрақ -жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, қима тапсырмалар, таратпа материалдар.
Сайыс сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:
1-топ: « Зерек» тобы
Топ басшысы: Амантаев Жұматай
Біздің ұран: « Ашу - дұшпан, ақыл - дос. Ақылына ақыл қос»
2-топ: « Жігер» тобы
Топ басшысы: Темяшева Ақниет
Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
3- топ: «Намыс» тобы
Топ басшысы: Талғат Наргиз
Біздің ұран: Намысты берме қолыннан, ешқашан тайма адалдық жолыннан.
Мұғалім: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. 4слайд
1 «Қім жылдам», 2. «Ойлан, тап», 3. «Тапқыр болсаң, тауып көр», 4. «Бәйге»
І кезең «Кім жылдам»
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде - дегендей сайысымызды «Кім жылдам» деген кезеңінен бастайық.
Әр топқа 5 сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
І топ
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма
2. 1 сағатта неше минут бар? 60 минут
3. Қосудың нәтижесі қалай аталады? қосынды
4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шаршы
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай? Қыркүйек
ІІ топ
1. Қосуға кері амалды ата. азайту
2. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі
3. Бір тәулікте неше сағат бар? 24 сағат
4. 1 дм неше см болады? 10 см
5. 1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл
ІІІ топ
1. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
2. Периметрді қалай табамыз? Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз
3. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш
4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. мм, см, м, дм, км
5. 10 дм неше см бар? 100 см

2-кезең «Ойлан тап».
(әр топқа логикалық тапсырмалар беру )
-Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік, деп екінші кезеңді бастаймыз.
1-топқа:
«Үй иесі мен ұрылар»
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар - «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда нешеу, ұры қанша?
Жауабы: (10 адам, 5ұры)
2-топқа:
«Шаштараз »
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге?
Жауабы: (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі - жақсы шашатараз)
3-топқа:
«Бір мая шөп»
Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді?
Жауабы: (Жарты айдың ішінде)
3-кезең:
«Тапқыр болсаң, тауып көр». Әр сынып мына жердегі әріптердің біреуін таңдап алу қажет. (Әріптер таңдап алынады). Айналымның шарты - берілген сұраққа таңдап алған әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек. Мысалы: М - әрпін таңдатып, бір мұғалімге ойнату арқылы түсіндіру. (Әріптер Б, С, А, Е, Т)
Мұғалімге:
1. Пырылдап ұйықтайтын не?
2. Қиындықты қалай жеңесіз?
3. Ұстаз кім?
4. Тіл не үшін керек?
5. Сіз кімсіз?
6. Ананың көңілі балада, баланың көңілі.....
7. Ұялғанда не істейсіз?
8. Күн ішінде не бар?

Оқушыларға:
1. Суды немен ішесің?
2. Сенің досың кім?
3. Бүгін сенде неше сабақ?
4. Қандай тағамды ұнатасың?
5. Шашынды немен тарайсың?
6. Жасың нешеде?
7. Анаңа не сыйлайсың?
8. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
9. Көршің кім?
10. Ағаңның есімі?
11. Сенің көршің кім?
12. Қай жануар ұнайды?
13. Зат есімге мысал айт
14. Көйлекті неден тіккен?
15. Достарына не тілейсің?
16. Сен үшін ең құрметті кім?
17. Мектеп саған не береді?
18. Қазақстан қандай?

4-кезең « Бәйге» қорытынды кезең .
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына -дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді.

«Зерек» тобына:
Ұзындық бірліктерін ата
Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/
9 =81
Қосу амалдарының компоненттері?
а= 2 см, в=4 см / тік төртбұрыш S=? /8см/
Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды.
64 қай санның квадраты 8
Жеңіс қай күн / 9 мамыр/
1ғасырда неше жыл /100ж/
Ең үздік баға
Қай жылы тудың?
Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/
Сабағымыз нешеде басталады/13.30/
Қай мектепте оқисың?
Отбасыңда қанша адам бар?

«Жігер» тобына:
Уақыт бірліктерін ата/ мин, са,ғат, секунд апта, тәулік/
Мыңда неше нөл бар?/3/
10 =100
Азайтудың компонеттерін ата
а=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см /18 см/
750-350дің айырмасы =400
1т неше кг бар? /1000 кг/
Х+40=80 /х тәі мәні нешегі тең/40/
Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/
1 жылда неше ай бар /12 ай/
Ең нашар баға
Туған күнің қай күн?
Аш қарында 3 жұмыртқа жеу мүмкін бе? /жоқ/
5 сыныпта жасың нешеде болады?
5 пен 3 -тің көбейтіндісі нешеге тең?
Көбейтудің компоненттерін ата.
«Намыс» тобына
Бөлу амалдарының компоненттерін ата?
а= 3 см, в=5 см / тік төртбұрыш S=? /15см/
370-170 дің айырмасы нешеге тең? /200/
1м-де неше дм бар /10/
Х+50=90 /х тің мәні нешеге тең= 40
Айдана 1 күнде кітаптың 8 бетін оқыды. Осы қарқынмен 5 күнде неше бетін оқиды.
49 қай санның квадраты 7
Қарттар мерекесін қай күні тойлаймыз /1 қазан/
1 айда неше апта бар /4 апта/
Ең нашар баға
Туған күнің қай күн?
Аш қарында 4 жұмыртқа жеу мүмкін бе? /жоқ/
Қай жылы тудың?
Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атайсың / мысық/
Сабағымыз нешеде басталады/11.55/
Қай мектепте оқисың?
Отбасыңда қанша адам бар?

Мұғалім:
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тарасса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау - деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтадық, оқушылардың ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайтын кезге де жеттік. Әділ - қазылар анықтап болғанша, тамаша әуенге кезек берелік.



© 2010-2022