Тәрбие сағаты Менің Отаным - Қазақстаным

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің Отаным- Қазақстан»
Мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын,

дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін

бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру,

Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне

деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін

нығайту.
Білімділігі: Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,

бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін арттыруға,өзге ұлт өкілдерімен тату болуға

үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді

қалыптастыра отырып,тәуелсіздігімізге арналған тақпақ,

мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.
Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл- күйлерін көтеру.
Көрнекілігі: шаңырақ, қанатты сөздер, слайдтар, ұлттық киімдер.
Көрнекі құралдар:Отан туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,өлең шумақтары,суреттер.

Ән ұран.

I.Ұйымдастыру.

II.Тәрбйе сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау.

III.Отан дегеніміз не?

Мұғалім: Армысыздар қадірменді көрермендер!
Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді.


Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.

Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір.

1.Рәміздерді ата

2.Туда нелер бейнеленген?

3.Қазақстанның тәуелсіздік алғанына қанша жыл?

Жарайсыңдар, балалар! Енді осы мейрамдарға байланысты қандай өлеңдер жаттаулар білесіңдер:

Қамарсұлу

Неткен байтақ қазақ жері, кең еді,

Жетпес оған еш ақынның теңеуі.

Кеңпейілдік, дарқандыққа жасымнан

Баурап еді баласындай мені елі.

Ән: «Атамекен»

Бекзат

Кішіпейіл, қарапайым, қазағым,

Атақ - даңқың аударса әлем назарын.

Қуанышың ортақ маған, ер елім,

Сенсің байлық, сенсің бақыт - базарым.

Гүлзат

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Асылхан

Сен көрмеген өз еліңнің жері бар,

Сен жүрмеген өз еліңнің шөлі бар.

Сен түспеген өз еліңнің көлі бар,

Сен қазбаған өз жеріңнің кені бар.

Болат

Тәуелсіздік төрімізде,

Желбірейді туымыз.

Қазақпын деп мақтанады,

Қызымыз бен ұлымыз

Қорытынды:

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда халықтар достығы туралы, бірлік туралы әңгіме қозғадық. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті , достықта өмір сүріп жатыр екен. Отан, достық, бейбітшілік деген киелі ұғымдарды тек біздер ғана емес, басқа да халықтар өз тілінде айтып бейбіт өмір сүруге шақырады.

Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз.

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан







© 2010-2022